Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Амал келді, ағайын, Амал келді!

14 наурыз 2024
КҮНДЕРЕК
Амал келді, ағайын, Амал келді!
WhatsAppTelegramFacebook

Амал келді, ағайын, амал келді, жылдың басын алты Алаш аман көрді! Хакім Абайша айтқанда, «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» жүретін мереке келді.

Шынында жамағайын айдан аман, жылдан есен шыққан, қыстың қыңыр мінезі қайтқан уақыт бұл. Содан байырғының қазағы осы кезді «Амал» мерекесі деп атайтын. Кеңес заманында ұмытылып, қазақ өз шаңырағын қайта құрып, төрт құбыласын түгендеген сәтте қайта қауышқан салт-санасы ғой. Ара-тұра «Көрісу күні» деп те жүрміз. Кей жұрт ұлтымыздың кеңістігінде бар, Алаш баласының өзге халықта жоқ мерекесін тек Қазақияның батыс өңірлеріне тән көреді. Бірақ, амандығын Алладан ғана сұраған, Қадырша айтқанда «күй шығарып, ән салып, көкпар тартып, қыз қууға жаралған» исі қазақ баласы үшін орны ерек, жөні бөлек мереке.

Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы Ахат өз жазбасында: «14 март – ескіше 1 март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1 март, қазақша Жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді. Ал Жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. «Жаңа күн» деген сөз. Қожа-молдалар «ескі әдетті қалдырамыз» деп, Құрбан, ораза айттарын «Ұлыс күні» дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше Жаңа жыл күнінің аты – Ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар», – деп жазыпты. Бұл дәйекке қосымша болсын, Мәшһүр Жүсіп «8 күндік наурызнама ескіше 1-8 наурыз, қазіргі күнтізбеде   14-21 наурыз аралығы», – деп хат қалдырыпты артына. 

Көп жұрт бұл тәмсілдерімізді түсінбей қалған болса тарқатайық, кеңес өкіметі 1918 жылдың  24 қаңтарында «Батыс Еуропа күнтізбесінің Кеңес өкіметіне енгізілуі» туралы декретін қолданысқа енгізді. Сол уақытқа дейін қолданыста болған күнтізбе мен жаңасының арасында 13 күн айырмашылық болды. Нақтылай айтсақ, ескі күнтізбе 1918 жылдың 31 қаңтарында жабылып, келесі күнді 14 ақпаннан бастап санаған. Күллі әлем таныған Омар Хайям да «Наурызнаме» еңбегінде түркілердің Жаңа жылы 14 наурыздан басталатынын нақты көрсеткен. Демек, Амал мерекесі – Наурыздан бөлек құбылыс емес, Наурыздың өзі, Ұлыстың ұлы күнінің бастауы. Көктемнің алғашқы күні! Ал Наурыз – жаңару, кешірім, құрмет көрсету, тазару сынды ұғымдарды аясына сыйдырып тұрған мереке. Амал немесе көрісу сол мерекенің айнымас бөлшегі. Табиғатпен біте қайнасып тіршілік етіп келген баба жұрт осы күні ағайынмен құшақтасып көрісіп, амандық сұрасуы асыл дініміздің де тұрмысымызда аса жоғары тұратынын аңғартса керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде бір-біріне сәлем берген екі адамға сауап жазылатыны, бірінші сәлем берген адамға көбірек сауап болатыны айтылған. Ендеше, Амал – қазақы салт-сана мен иманды біріктірген мереке. 

Қыстан қымтырылмай қуатты шыққан ел тәубе мен тілек айтатын, алты Алашты бауырмал ете түсетін, өткенін кешіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Амал мерекесі құтты болсын! Жаңа жасыңызбен, данышпан қазақтың жалғасы!

Дастанбек САДЫҚ

Фото: Sputnik / Vladislav Vodnev

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.