Талдықорған: +27°C
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАЛАЙЫР ХАНДЫҒЫ

03.03.2024
КҮНДЕРЕК
ЖАЛАЙЫР ХАНДЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жалайыр хандығы қазақ хандығынан 130 жыл бұрын Иран, Ирак, Курдистан және Азербайжан жерінде 1335/6-1432/3 жылдары 97 жыл билік құрған. Бұл, сөз жоқ, қазақ  тарихында әлі де толық зерттелмей жатқан елдік ақтаңдақтардың бірі. Егеменді ел болғалы да қазақ халқын құрайтын 43 ру-тайпаның тарихын, басынан кешкен қасіретін толығымен тәпсірлеген жоқпыз, ал азды-көпті жазған ғалымдар мен жазушылардың көзқарастары қарама-қайшылыққа толы.

Айтарымыз, тарихты, шежірені жазғанда басқа ру-тайпаларды, аталарды кемсітпей, ұсақ пендешілікке бой ұрмасақ екен. Ұлт мүддесін ұмытпау ләзім! 

1943 жылдан бастап жазылған Қазақ ССР мен Қазақстан тарихы ғылыми жүйеде бес рет басылған екен, оның бірде-бірінде  жалайыр хандығы туралы жазылмаған. Сондай-ақ, «Қазақ Совет энциклопедиясы» мен «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында»,  басқа да анықтамалықтарда жалайыр хандығы туралы сөз қозғалмаған. Түрлі авторлардың «Қазақ тарихы», «Қазақстан тарихы» оқулықтарында да көпе-көрнеу «ұмытып» кеткен. Бұның басты себебі, «жалайыр» этнонимінің «географиясы мен биографиясы» кейбір өзін зиялысымақ санаған пақырлар   деңгейінен тым биікте тұрғандығында. 

Ал қазақ халқын құрайтын ру-тайпалардың тарихын зерттеу Кеңес Одағы заманында тіпті зерттелмеді десек қателеспейміз. Қазір де бұл мәселеге аса зер салмай келеміз. Зерттелсе, рушылдық,  трайбализм деп шулай бастаймыз. Тек Алматы қаласында орналасқан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының  «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» жобасы аясында қазақтың үш жүзінің ірі-ірі бірнеше ру-тайпаларының тарихы 2005 жылдан бастап шыға бастады. 2008 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындада ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша шығарылған 80 томдық «Қазақстан тарихы. Этникалық зерттеулер» сериясының ең алғашқы 3 томы Жалайыр тайпасына арналған, зерттеуде жалайырдың тек орта ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі  тарихы баяндалған. Бұл ғылыми кітапта жалайырдың этникалық тамыры, тайпа шежіресінің деректері, түркі халықтарында және қазақ жерінде шашырай орналасу себеп-салдары және т.б көптеген тың мәліметтер баяндалған. 

Қазақ ұлты өз құрамындағы ру-тайпалар тарихынан құралатынын ұмытпауымыз керек. Биыл шығарылатын академиялық тарихымыздың томдарында не жазыларын бір құдай біледі, тек ескі әуенге салмаса екен демекпіз.

Арнайы Жалайыр мемлекеті туралы алғашқылардың бірі болып жас ғалым – елші, шығыстанушы бауырымыз Б. Батыршаұлы өзінің «Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Ирак-Жалайыр мемлекетімен байланыстары» деген мақаласында терең толғады. Ғалым-елші, шығыстанушы Қайрат Сакидің 2007 жылы «Бағдаттағы Жалайыр билігі» атты зерттеуі Мессопотамия мен Кавказдағы жалайырлар мемлекеті туралы екінші зерттеу кітабы болып саналады.Үшіншісі – ағылшын ғалымы К. Э. Босфордтың «Мұсылман әулеттері. Хронология мен генелогия бойынша анықтамалық» атты 2008 жылы «Дайк-Пресс» баспасынан қазақ тілінде шыққан кітабы. Мұнда дүниежүзілік мұсылман әулеттерінің шежіресін беріп, қазіргі 43    қазақ ру-тайпаларының арасынан тек жалайыр мен қоңыраттардың хандығын баяндапты. 2005 жылы Москва қаласында Николай Сычов деген тарихшы-ғалымның «Книга династии» деген ғылыми кітабы жарық көрді. Бұл зерттеуде ерте дүние мемлекеті шежіресінен бастап ХХ ғасырға дейінгі мемлекеттер қамтылған. Бұған тек Үйсін, Керей, Жалайыр және Қазақ хандығы ғана кірген екен. Иран тарихшысы Р. Шабанидің Жалайыр мемлекеті тарихы туралы «Иран тарихы» еңбегі өте құнды. Парсыдан аударған Ислам Жеменей, Алматы, 2002 ж.  Бұл тақырыпқа арнайы ден қойған Иран ғалымы Ширин  Баянидің  «Ирандағы билік құрған қазақтар, оның ішінде Жалайыр ұлысының тарихы» атты қазақша-орысша зерттеуі аса салмақты. Онда Жалайыр мемлекеті хандарының тізімі берілген екен. Ұлы да дана бабаларымыздың өмірдеректеріне тоқталыпты. Қазақ елінің 12 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы» және  10 томдық «Казақстан Ұлттық энциклопедиясында» бұл тақырыпты «ұмытып» кетіпті, қазақтың басқа ру-тайпаларының хандығын, ұлысын, ордасын, мемлекеттерін баяндауға тырысыпты.

Жалайыр тайпасының тарихы өте көне заманнан басталатынын ғалымдар өз ғылыми еңбектерінде зерттеп, дәлелдеп кеткен: 
1. Атилла (Еділ) әскері құрамында жалайырдың Мұқылай руының болуы;
2. VІІІ ғасырда Сібір аймағында, Керулен және Онон өзендерінің аймағында ежелгі 10 жалайыр тайпасы өмір сүріп, мекен еткен;
3. ХІV-XV ғасырда Иран, Ирак, Курдистан, Әзірбайжан жерінде Жалайыр мемлекеті  100 жылға жуық өз билігін жүргізген;
4. XIV ғасырда Ангрен, Шыршық, Памир тауына дейін, Сырдария, Шу, Ферганадан Жетісуға дейін Жалайыр ұлысы (ордасы) орналасқан;
5. Қазіргі XXI ғасырда Қытай Халық Республикасының ішкі Моңғолия жеріндегі Гоби шөлінде Мұқылай руы тұратындығы белгілі. Егеменді ел болғалы жалайырлар Жетісудағы Күреңбел, Балқаш, Көксу-Қаратал аймағында өмір сүріп жатыр. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және бауырлас Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстанда да жалайыр әулеті баршылық. Ал дүниежүзінде қанша жалайырлар бытырап өмір кешіп жүргенін бір Алла ғана біледі. Кеңес дәуірінде  қазақ тарихшылары Жалайыр мемлекеті (ордасы, ұлысы, хандығы) туралы білсе де білмегендей жұмған аузын ашпады. Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Найман, Керей, Қоңырат, т.б. хандықтар туралы БАҚ беттерінде сөз болды, арнайы монографиялар, әдебиеттер, мақалалар жазылды.

2013 жылдан «Жалайыр тарихы» атты топтама кітап жазып жүрмін, соның үшінші кітабында «Жалайыр – қазақтың аға тайпасы» деп атап дәлелдедім. Бұл көптомдық 40 жылдан аса жиналған деректерге сүйенген. 2000 жылы абыз-тарихшы атамыз Рахметолла Толқымбекұлы тұңғыш рет жалайыр шежіресін құрастырып шығарды. 

Енді Иран, Ирак, Курдистан, Әзірбайжан жерінде XIV-XV ғасырда билік құрған Жалайыр мемлекеті (хандығы) туралы құжаттарда қалай айтылады, соған тоқталайық:

Ханство Джалайыров (Л.Н Гумилев);
Государство  Джалайыров  (Большая Советская  энциклопедия, том 10-й, 1971 ж; Летопись Алматинской области книга 1-я Р. Темірғалиев, А.Оловинцов);
Жалайыр мемлекеті (Б. Батыршаұлы, Р. Шабани);
Жалайыр ұлысы (М. Мағауин, С. Ақатай);
Династия правителей Джалайирии (К. Бегалин);
Илхания династиясы (Қ. Халид).

Жалайыр мемлекетінің астанасы алғашқыда Бағдат қаласы, одан соң Тебриз қаласы болған. Жалайыр әулетінің бұл қалалардың гүлденуіне, өркендеуіне, сауда қатынасының дамуына мәдениет, өнер және білім саласын жоғары деңгейге жеткізуге көп еңбек еткен хандары (сұлтандары) туралы төменде әңгіме етпекпіз. Кеңестер дәуіріндегі ғылыми, тарихи-тағылымда, көркем әдебиеттерде Елхан (Ильхан) сөзі көбірек жазылатын, айтылатын. Елхан адам есімі ме, жоқ, әлде басқа  мағынада айтылатын сөз бе, неге әртүрлі болып айтылады, жазылады, соған көңіл бөлейік. Рашид ад-Дин (1247-1318 ж.ж.) әлемге белгілі парсы тарихшысы. Ол өзінің «Джами ад-таварих» атты еңбегінің ежелгі 10 тайпа жалайыр шежіресінде Елхан  Оғызханның 5 ұлының бірінен туғанын, жалайырдың 3-ші атасы екенін жазған. Ал жылнамашылар, тарихшылар Елхан туралы не дейді екен соған көңіл бөлейік:

Әбілғазы Баhадүр-хан – Елхан Монғолдардың (моғолдардың) патшасы;
Ақымбеков Қ.С. – Ель хан – Тюркский каган 7-го века;
Босфорд К. Е, Марков. А. Әбенейұлы Т.  Ел-хан;
Мағауин М. Елукен – мыңдықтың әмірі;
Ван Лоон. Ильгай Джурджи Тармалахұлы, Әнес Сарай – жалайырдың әмірі, Сәки Қ. Елеке Ноян, Ш. Баяни, М. Жандыбаев – Ельхан (Илка, Илхан, Илгай);
Сұлтанов Т. И. – Илукэ нойон из племени джалайыр, сын Кадана, атабек (наставник) Угедей хана, Ноғайбаева – Илуке нойон, т.б.

Елхан есімдері қазір де қазақ арасында жиі кездеседі, қазақ ырымшыл халық, елдің ханы, нұрдың сұлтаны, т.б. аттарды қоя береді. Республикада алғаш шыққан тарихи-этнологиялық әдеби-көркем «Шыңғысхан» журналының ЖШС бас директоры Елхан Рамазан атты азамат екен. Қазақ аман болса, бұндай есімдер әлі де көбейе бермек.

Енді Елхан (Ильхан сөзі мағынасынан тоқталайық):
Марғұлан Ә. – основатель Тюркской империи Бумын после победы над Жужунами принял титул Ельхан-правитель народа;
Большая Советская энциклопедия том 10, 1972 г. – Ильхан (Тюркское-повелитель народа, титул Монгольских ханов Ирана, из династии Хулогидов);
Всемирная история том 3, 1957. Хулагиды носили титул ильхана т.е. «хана племен» в значении улустного хана. Их царство охватывало Иран, Афганистан, страны Закавказия, Ирак, Арабский и восточную часть Малой Азии;

Великие битвы кочевников, Алма ата, 2011 г. Звание Ильханов начиная с 1256 г. фактический придерживался самостоятельной политикой;
История Афганистана, Москва, 1982. Ильхан буквально «Ханы племени» (от Иль-племя) Государство Ильханов, или как его иначе называют, Хулагидов просуществовало около 100 лет          (1256-1353г.г.).

Арабтар — Иран, Ирактағы жалайыр хандарын «Әл-Илькан» деп атаған;

Әбенейұлы Т. – Ирандағы жалайырлардың Шыңғыс хан әулетінің мұрагері есебінде таққа отырып, олармен бірге Елхан атанғаны айдай әлемге аян дейді. 
Бұған тағы қосарымыз, монғолда Ел (Иль) сөзі жоқ, ал түркілерде билік басындағы жоғары лауазымды атақ: қаған, хан, ел ханы, сұлтан деп аталатыны белгілі. Елхан (Ильхан) сөзі әртүрлі ұлт пен ұлыстарға қосарланып, жазылып жүр. Мысалы, Персидские ильханы, Иранские ильханы, Монгольские ильханы,  династия ильханов, Ильханы Хулагидов, Ильханы Малой Азии, т.б.

Жоғарыда келтірген Илхан адам есімі сонау біздің эрамыздың VII ғасырында хатталған екен. Әлі де XXI ғасырға дейін жалғасып келеді. Иран, Ирак, Курдистан, Әзірбайжан жеріндегі Елхан (Жалайыр мемлекеті) – Хулагу ханның нояны, ұлы әмірі. Елхан – жалайыр есімімен аталатындығы күмән жоқ және оны дәлелдеу артық болар. Ол сол Иран, Ирак жерлерінде барлық қиян-кескі соғыстарда ерлік көрсеткен беделді, дарынды қолбасшылардың бірі еді. Оның атымен аталатын себебін тарихшы   С. Ақымбеков: «… вся тысяча получала названия по имени своего командира…Такая ситуация была особенно характерно для Монгольского государство в Иране ) – деп түйіндейді (Ақымбеков С. Феномен Государство Чингисхана в истории Евразии Алматы, 2011, 458 стр.).

Енді Жалайыр мемлекетінің тарихын 40 жылға жуық зерттеген Иранның тарихшы-ғалымы, Францияның Сарбон университетінің түлегі Ш. Баянидің «Ирандағы билік құрған қазақтар, оның ішіндегі Жалайыр ұлысының тарихы» кітабына зер салайық. Бұл  Жалайыр мемлекеті туралы шыққан тұңғыш арнайы ғылыми-зерттеу монографиясы. Ендеше, Иранға, Иракқа жорық жасаған Шыңғыс ханның немересі Ұлы Моғолдың Ұлы ханы Хулагу кім? Қысқаша соған назар аударайық. Хулагу хан – (Гулагу, Алау, Халааку, Сюи- ле-у) Төленің (1258-1267 ж.ж.) ұлы, Иранның Илханы атанған. 1260 ж. Сириядағы мәмлүктерден жеңіліс тапқан. Соңғы 1263-1265 ж.ж. Алтын Орда ханы Беркемен Азірбайжан үшін соғысқан. Хулагудың әулеті Иранды 1258-1344 ж.ж. билеген делінген анықтамалық энциклопедияларда. 

Ержүрек баһадүр Елхан – жалайыр мыңдықтарының ірі қолбасшысы болған. Елхан баһадүр зор денелі, өте қауһарлы, қайтпас қайратты, сөзге шебер, бес қаруын өзіне сай ұстайтын, өз руластары мен мыңдықтарының арасында белді, беделді адам болған. Ұлы әмір жалайыр Елхан Джуджи (Жошы) Термелахұлы туралы, оның үрім-бұтақтары жайында Ш. Баянидің жазбаларында көп көңіл бөлінген. Ирандағы жалайыр тайпаларының бабалары Хулагу  әскерінің  құрамында барған. Ұлдары жаужүрек, қайсар мінезді, басқа моғол тайпаларының арасында беделді еді.

Әкесі Джуджимен ілесіп Куту Кадір, Кундыкай, Әрин, Елхан атты 4 ұлы барған. Тағы бір айта кететін жайт, Елхан баһадүрдің әкесі Джуджи Термелах өз ұлын түркі әдет дәстүрі бойынша ұлы бабалары Оғызханның ұлынан туған  Елхан немесе Әбілғазы хан баһадур жазғандай, Моғолдың Елхан ханына ұқсасын деп атын қоюы мүмкін. Бұған қосарымыз, Хулагу мыңдықтарының шығу себебін және Шыңғыс хан әулетін (шежіресін) зерттеп жүрген тарихшы-ғалым А. Г. Оловинцов былай дейді: «Уход из Монголии в 1254 г. войска Хулаг-хана в Иранский поход – не менее 7 тюменов войск – семьи…» дейді. (Оловинцов А.Г. Тюрки и монголы эпохи Чингисхана, Алматы, 2012 г, 110 стр.) Көріп отырсыз, әскерлер өз үй-ішімен Кіші Азия жеріне жеткені айқын, соның ішінде Елхан ноян баһадүр қолбасшының әулеті болғаны анық. Қолбасшы Елханның 9 ұлы (кейбір құжаттарда) қол астында бірге соғысып жүрген, олар: Туған Шинктур, Тонққиядай, Куту Әгдәш, Джалайиер Тай, Орақты, Аққуқа, Туғанбуқа … 10,12,14 бб.) 

Ірі қолбасшы Елханның өз жалайыр руларымен Хулагу хан әскерімен Иран, Ирак жеріне келіп кіруінен Елхан – Жалайыр мемлекетінің тарихы басталады. Жалайыр Елхан ноян басқа ру-тайпа әулеттерімен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Ол Найман Кетбұқа ноянмен дос болып, 1258 ж. Хулагу хан әскері Бағдат қаласын басып алғанда олар әскердің сол қанатын құрап, қоршаудағы қаланың Коложе қақпасының тұсында бірігіп шайқас жүргізген. Содан кейін Елхан ноян Бағдатта қалып, Найман Кетбұқа ноян Сирияға аттанған, сонда ұрыста ерлікпен қаза тапқан. 

Енді Елханның шежіресіне көңіл бөлейік. Жалайыр Елханның Мұғлун қатыннан туған ұлдары Хулагу ханның қыздарына үйленген. Елханның 1-ші ұлы Туған Моғолстанда тұрады, 9-шы ұлы Туғанбұқа  Кіші Азияның  билеушісі, ал 7-ші ұлы Орақты Кіші Азияның Күнке мемлекетін, Экболды басқарады, 8-ші ұлы Ақбұқа Румдағы көтерілісті басады, ол Арғынханның қызына үйленеді. Ақбұқа әділ, адал қолбасшы еді, одан 3 ұл туған: Хусеин, Мусаиль, Әдунжи. Ақбұқаның үлкен ұлы Хусеин Аронның билеушісі болып тағайындалады. Хусеиннен екі ұл: Шейх Али, Шейх Хасан туған. Шейх Хасан Иран, Ирактағы Жалайыр патшалығының (хандығының, сұлтандығының) негізін қалаған,  Арғын ханның қызының немересі, Әмір Чуппаның қызы Бағдат қатынға үйленген, Иранның солтүстік батысының, Ирак,  Әзірбайжанның билеушісі  (Баяни Ш… 14-18 бет). 

Ал Чуппан (Чобан, Чубан) болса сулдуз тайпасының ірі қолбасшысы, Әбу-Саид хан тұсында билік жүргізген, Елхан басшылығына құда бола тұрса да қарсы болған, өз қол астындағы әскерлері Чуппанға қарсы шығып Герат қаласына бас сауғалап қашады.  Гераттың басшысы Гийас ад-дин оны баласымен өлтіреді.
Осылай жалайыр Елхан баһадүр Хулагу, сулдуз және басқа да тайпалармен қарым-қатынаста жақсы болып, тіл табысады. Немересі Шейх Хасан немесе оны халық Ұлы Хасан (Бозорг-Үлкен) Шейх деп атаған. Иран, Ирак, Курдистан, Әзірбайжан жерінде жалайыр мемлекетін құрып, бұл әулет 97 жыл билік жүргізген. 
Жалайыр мемлекетін ұзақ жылдар зерттеген тарихшы Ш. Баянидің Иран, Ирак, Курдистан, Әзірбайжан жерінде билік жүргізген жалайыр сұлтандары туралы соңғы керекті тізімін келтірейік.
Ұлы (Бозуруг – Үлкен) Хасан Шейх
Уаис (Овейс) сұлтан Шейх Хасан
Хусейн султан Уайс сұлтан ұлы
Ахмет сұлтан Уайс сұлтан ұлы
Уәлед (Вәлед) сұлтан Шейх Әлидің ұлы
Екінші Уәйс сұлтан Уәлед сұлтан ұлы
Махмуд сұлтан Хасан сұлтан ұлы
Екінші Хусейн сұлтан Махмуд сұлтан ұлы
(Баяни Ш … 19, 24,37,45,65,67-бет).

Көріп отырсыздар, Жалайыр мемлекетін билеген хандарды (сұлтандарды) ағылшын ғалымы Босфорд К.Э. – 11, орыс ғалымы Сычов Н. – 10, Баяни Ш, Сәки Қ. – 8, Батыршыұлы Б. – 5 ханды (сұлтанды) өз зерттеулерінде көрсеткен.

Кіші Азия мен Кавказға дейінгі  жерлерді 97 жыл Жалайыр мемлекеті билеген, әулеттер сол мемлекеттің гүлденуіне, өркендеуіне, сауда саласының дамуына, көршілес елдермен  қарым-қатынасына зор үлес қосқан, өз билік құрған заманда ақша шығарған, ел-жеріне аянбай еңбек еткен, жалайыр хандары (сұлтандары) туралы Иран ғалымдары Ш. Баяни 40 жыл зерттеп жазған сегіз сұлтанға қысқаша болса да жеке-жеке тоқталайық.

Жалайыр мемлекетінің негізін қалаған жалайыр Елхан қолбасшы баһадүрдің әулетінен шыққан Ұлы (Бозорг-Үлкен) Хасан Шейх  Арғұн ханның қолбасшысы әрі күйеубаласы Хусейннің екінші ұлы. Әкесі Хусейн Гурхан хулагидтердің Аргұн ханының қызы Олжатайға үйленген.

Шейх Хасан әлем тарихында Жалайыр мемлекетінің тұңғыш рет негіздеген Ұлы Бабамыз. Оны бозырық  деген, Парсы тілінде «алып», «дәу» деген мағына береді. Ол Чуппан  әмірдің қызы Бағдатқа үйленген, кейін Арғұн ханның қызы Ділшатқа (Дельшад) үйленген, ол бұрын Абу-Саидтың әйелі болған, Ғазан ханның қарындасы. Алғашқыда Үлкен Хасан Шейх Абу-Саид  хан тұсында Анатолий аймағын басқарған, кейін өз қайын атасы Чуппон әулетін билеп, Бағдат қаласын басып алған. Үлкен Хасан Шейх өз астанасы Бағдат қаласының көркеюіне үлкен үлес қосқан мемлекет қайраткері. Бағдат қаласы сол заманда өз ақын-шайырлармен, мол кітапхана қорымен әлемге әйгілі қалалардың бірі болатын. Хасан Шейх туралы толығырақ білгілеріңіз келсе, жалайыр тарихының тамыршысы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ораз Исмаилов бауырымыздың «Әлем тарихындағы жалайырлар» атты зерттеу кітабынан оқыңыздар. 
Енді қайтадан ұлы Үлкен Хасан Шейх әулетіне оралайық. Тарихшы Ш. Баяни барлық жалайыр билеушілерін сұлтан деп жазған, біз де солай жазбақпыз. Хасан шейхтың өзімен бірге туған ерекше дарынды, алғыр, көрікті, сөзге шебер, Иранда суырыпсалма ақын, өз заманында беделді билеуші, Аффақ-е (Аппақ) деген қарындасы болған екен. Сол заманда Кіші Азия әйелдері арасынан ерекшеленіпті. Әйел бола тұрса да, ағасы үлкен Хасан Шейх сұлтанның көмегімен Кіші Азиядағы үлкен қалалардың бірі Балх аймағын билеген жалғыз әйел. Аппақ анамыздың күйеуі де білімді, беделді, өз заманында атақты Дервиш Али Китапдар есімімен аталған. Ширин Баяни өз зерттеуінде бұл дарынды жалайырдың текті күшік руынан шыққанын жазады,  Аппақ анамызға екі беттік түсініктеме  берген. Сонау орта ғасырда ел билеген патшайым, Иран шайырларының қатарынан ойып орын алған ақын Аппақ анамызды, халқымыздың дара да дана қызын құрметтей алдық па деген сұрақ туындайды.  

Үлкен Хасан сұлтан өзі билік құрған заманында 1-ші болып жалайыр хандарының (сұлтандарының) арасында ақша басып шығарған.
Уәйіс (Овейс) сұлтан Шейх үлкен Хасан ұлы Шейх Әли Қазы қызы һаджи Мамах хатунға үйленіп, 4 ұл 1 қыз өмірге келген. Олар: Хусейн, Шейх Али, Ахмед, Баязид, Тандо (қыз).

Уәйіс сұлтан «сегіз қырлы бір сырлы» адам болған, құдай берген тума дарын иесі. Ол Жалайыр мемлекетін басқарумен қатар дарынды, өз аймағына белгілі суретші сарай ақыны неше түрлі аспапта ойнайтын музыкант, әр саланы зерттейтін ғалым болған. Қазақ қыздарының арасында шыққан дарынды Әмина Бафина апамыз 1967 ж. «Жұлдыз» журналының 12 санында «Сұлтан Уайс жалайыр» атты көлемді мақала жариялапты, бұл Жалайыр мемлекетінің билеушісінің сұлтан Уайстың сазгерлігіне үлкен баға берілген. Ол туралы арнайы ғалым Әбсаттар Шейх Дербісәлі де жазған. Уәйіс сұлтан өте көрікті адам екен, көшеге шыққанда әйелдер оның шығуын күтіп күндерін өткізетін көрінеді. Ол қайтыс болғалы 6 ғасыр өтсе де сұлтан Уәйістің қабіріндегі құлыптас сол қалпында сақтаулы тұр. Халық әлі күнге дейін барып тағзым еткенді әдетке айналдырған.

Жалайыр Шейх Уайс сұлтан туралы бізге жеткен  бір ғана  деректеме ол тарихшы Абу Бакр ал-Кутби ал-Ахаридің «Шайх Уайсттың тарихы» ғана, жалғыз қолжазбасы  Нидерландия мемлекетінің Гаага қаласының жанындағы Лейден қала  академиясының кітапханасында сақтаулы (№2635 Waт 341), бірақ бұл қолжазбаның алғы монғолдар туралы бөлімі және соңғы Шейх Уәйіс сұлтан тарихы бөлімі белгісіз себептермен жоғалып кеткен.

Ирак Азербайжан, Арран және Ширванды 1336-1374 жылдары билеген кемеңгер бабамыз туралы Кеңестер одағы тұсында тек Азербайжан Республикасының  астанасы Бакуде 1984 жылы парсы тілінен аударылып шыққан. Осы басылымды ҚР 5 томдық «История Казахстана в персидских источниках» ғылыми кітабының IV томында 2006 жылы шыққандығын  хабарлаймыз.

Бұған тағы қосарымыз, Ширван қаласының тұрғыны ортағасырлық шайыр Аршер Ардабейлі «Фархад-наме» поэмасы Жалайыр сұлтаны Уәйіске арнаған екен. 

Жалайыр Уәйіс сұлтан Тебриз қаласындағы қабірінің басына әдейі барып, тағзым етіп қайтқан Қадырғали Жалайыр халықаралық қоғамдық қорының Президенті, заң ғылымының докторы, профессор Өмірәлі  Қопабаев, ұрпақтар атынан арнайы Құран оқытып, қайтқаны туралы былай деп еске алады:

«…Мемлекетіміздің белгілі қайраткері, жазушы Ораз Исмаилов екеуміз Тебризге сапар шектік. Жергілікті әзербайжан бауырымыз бізді Уәйіс Сұлтан, Ахмет Сұлтанның мазарына апарды. Бірнеше гектарға созылған осы қабірстанда мұсылманның жасыл жалауы желбіреп тұр. Бабаларымыздың басына шырақ жағып қойған. Арнайы күтімде екені бірден байқалады. Олардың аты-жөні жазылған тас Тебриздегі «Құран» мұражайының алдына да қойылыпты. Мұның бәрі марқұмдардың жергілікті халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленгенін білдіретіндей…»  деп еске алады ғалым (О. Қопабаев Бабалар аманатына адалдық. «Атамекен» газеті,  2001, 28 тамыз.)

Ол хандық құрған уақытында 1360 ж. Әзірбайжанды өзіне қаратып, Фарс төңірегіндегі Музаффаридтерді бағындырған. Хусейн сұлтан Уайс сұлтан ұлы оны халық Ұлы Шейх, Әмір сұлтан Хусейн, Гурхан, Жалайыр Хусейн сұлтан деп атаған екен. Сұлтан өте көрікті, сұлу адам болған.
Уәлет (Вәлед) сұлтан Шейх Алидің ұлы – Уайіс сұлтанның немересі Ахмет сұлтанның бауырының ұлы Дөнді хатун Уайс ханның қызы. Уайс хан ІІ-шінің анасы. Алдымен Баркук сұлтанға тұрмысқа шығып, кейін Уәлет сұлтанға тұрмысқа шыққан.
Сұлтан Уәлед билік құрған бір жарым жыл тек соғыспен өткен. Қазақ ғалымы Қайрат Сәки Уәлед сұлтанның есімін Шаһуәлед хан деп көрсеткен екен өз зерттеуінде.

Ахмед сұлтан – Уайс сұлтан   ұлы оны халық Жалайыр Ахмед сұлтан, Ахмед бахадүр хан деп атаған. Ахмед хан Жалайыр хандығының түбіне жеткен түркіменнен әйел алған, Ахмед сұлтан Хусейн сұлтанның ақылшысы болған, Әділ ағаның қызына үйленген, одан Ақбұқа, Таһир туған. Әділ аға жалайырға әрі құда, әрі күйеу болған. Сондықтан өмірінің соңына дейін жалайыр әулетінің арасында өмір сүрген және үлкен Хасанның үзеңгілес бас бектерінің бірі болған.

Ахмед сұлтан  мемлекет  басқарумен қатар  белгілі ақындардың бірі болған.  Оның «Диван» атты өлеңдер жинағы 1402 жылы Бағдат қаласында шыққан  екен, бұл баға жетпес құнды кітап  Американың Вашингтон қаласының Фрира көркемөнер галереясында сақтаулы, соны өз елімізге көшірмесін алдырып, оқырман қауымға  қауыштыратын қалталы азаматтар табылады деген үміттеміз. Ол сурет өнеріне де  бейім болған, өз заманында сол өңірге белгілі суретшілерінің бірі. Ол өз билік құрған уақытысында ақша бастырып шығарған, ортағасырлық Жалайыр мемлекетінің  ақшалары орыс ғалымдары  А. Марковтың  «Каталог джалаирских  монет.  Санкт-Петербург» 1887 ж. және П. Соловьевтың  «Монеты джучидов джагатаидов,  джалаиридов. Санкт-Петербург» (Выпуск первый 1857 ж, выпуск второй 1858 ж.) кітаптарына енген. 

Ахмет хан көріпкелдігімен жұлдыздарға қарап бал ашудан асқақ шебер, музыкалық қабілеті мен орындау деңгейі өте жоғары болған. Хусейн бек Ахмед сұлтанның бірге туған інісі. Ахмед сұлтан Әмір Темірмен Солтүстік Иран мен Ирак үшін соғысты, бірақ жеңіліс тауып, Египет еліне бас сауғалады.  Бағдат қаласына тек Ақсақ Темір өлген соң ғана қайтып келді.

Тюрколог Василии Бартольд (1869-1930) «Ахмед Джалаир» деген мақаласында Жалайыр хандығының 4-ші ханы Ахмедтің өнерге жақындығы,  оның ішінде ән-күйге әуестігін былай жазған екен: «… В источниках Ахмед  изображается как  … храбрый войн и защитник ученных и поэтов, сообщается что он и сам писал стихи на арабском и персидском языках, а также написал несколько трудов по музыке»  деп ұлы бабамыздың «сегіз қырлы, бір сырлы адам» екендігін жазған. (Бартольд В.В. Работа по исторической географии и истории Ирана.Москва. Восточное литература 2003, 488 стр).  

Екінші Хусейн сұлтан Махмұд сұлтанның ұлы, ол билікке келген соң Араб Ирагында көтерілісшілердің көтерілісін басады. Екінші Хусейн сұлтан түркіменнің қара қуюнлудың басшысы Қара Жүсіптің ұлы Исафаханшаһпен Һеме үшін соғысады, соғыс кезінде 1432 жылы Хилле қаласында қаза болды. Дүниеден өткен соң Кіші Азиямен Кавказ аралығында 100 жылға жуық билік құрған Жалайыр хандығының  (патшалығының) дәуірі аяқталады.

Қазір Иранның солтүстігінде 100 мың бақтияр өмір сүріп жатыр. Олардың тілі, діні, ділі, салт-дәстүрі ирандық, бірақ олардың  сонау 14-16 ғасырда өмір сүрген Жалайыр мемлекетінің үрім-бұтақтары екендігі айқын. Иран (Парсы) тілінде бақтияр сөзі жоқ, бұл тарақ таңбалы Жалайырдың үш ұранының бірі.
Тағы да ғалым Ширин Баяниге жүгінейік, оның Жалайыр Елханның 7-ші ұлының есімі Орақты (14-15-бет). Ежелгі жалайырдың ру-тайпаларының он руының бірі Уят әулетінен шыққан, Ұлкан Кулджиұлы Орақты (13-бет).

Енді қазіргі 13 ата жалайырдың көп тараған белді, беделді руы Күшік. Күшік Шейх Хасан (немесе Ұлы, Бозорг-Үлкен Хасан шейх) Күшік билеушісі әулетін (династиясын) құрды. Оның билігі 738 жылдан 758 жылға дейін созылды (14-бет). Шейх Хасан Күшік Тебриз қаласында Миармиер көшесінде ұстаз бен шәкірт мешітін салған (249 -бет).

Ш. Баяни тағы бір Орақты туралы сөз қозғайды. Ол көне жалайыр – Уят әулетінен шыққан Ұлкан Кулджиұлы Орақты (Урукту) Абаха ханның нөкері болған. Жалайыр мемлекетінің бірінші және төртінші сұлтандары Күшік әулетінен екені анық. Басқаларын әлі де зерттеп, дәлелдей түскен дұрыс болар.
Сонымен, Кіші Азия мен Кавказ арасындағы жерлерде 14-15 ғасырда жалайырдың Уят, Орақты, Күшік, Аппақ  (хан әулеті деуге болады) рулары, әулеттері өмір сүргеніне көз жеткіздік. Тарихшы ғалым Қайрат Сәки «Бағдаттағы Жалайыр билігі» атты зерттеу еңбегінде Жалайырдың шыққан тегі туралы: Елхандардың бір тайпасы (59-бет), Қият тайпасының бір атасы (23-бет), дүрлігін-нирунның тұқымы (21-бет), Түркі тайпасы (20-бет), моғол (16-бет), Жалайыр үлкен және көне тайпа (23, 148-бет)»  дейді. Тағы бұған қосарымыз Қ. Сәки: «Жалайырдың тамғасы садақ, шоқпар, қылыш бейнесі салынған (7-бет), байрағы – айдаһардың бейнесі (411-бет) салынған» деп  топшылайды. 
Жалайыр тарихына байланысты шетелдердегі мына зерттеулерді алдырса шіркін:
– Тарих әл Ирак (Ирак тарихы) атты 5 томдық, Ирак энциклопедиясының тұтастай 3-томы «Ирактағы Жалайыр билігі»  деп аталады;
– Абубакр әл-Кутби әл Ахари «Тарих-и-Шейх Уәйс (парсы, ағылшын тілінде), 1954 жылы шыққан;
– Ван Лоон,  Шейх Уәйс тарихы, Гаага, 1954 жылы шыққан;
– Шибан Тартур (Мысыр), Ал-Даула әл-Джалаирия (Жалайыр мемлекеті) атты зерттеуі.
Түйіндесек, Жалайыр әулетінен шыққан Елхан баһадүр – Хулагу ханның ең ірі қолбасшысы, адал серігі болды, оның үрім-бұтақтарынан тараған хандар (сұлтандар) басқарған Кіші Азия мен Кавказ аралындағы Жалайыр мемлекеті сол аймақты түлетіп, гүлдендірді, өркениет жолына бастады, мемлекеттіліктің озық жүйесін түзді! Жалайыр хандығы – қазақ мемлекетінің бастау бұлағының бірі, әрі бірегейі! Замана көшіп, ұрпақ алмасар, бірақ ұлы бабаларымыздың қанымен, жанымен негіздеп кеткен төл тарихымызды ешкім де, еш уақыт та  бұрмалай алмайды!

Құлтай НҰРҚАЛБАЙҰЛЫ,
тарихшы, өлкетанушы
 Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ІТ қызметтерінің экспортын 1 миллиард доллардан асырды – Тоқаев

Қазақстан ІТ қызметтерінің экспортын 1 миллиард доллардан асырды – Тоқаев

29.05.2026
Тоқаев: ЕАЭО «еуразиялық бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды

Тоқаев: ЕАЭО «еуразиялық бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды

29.05.2026
Мемлекеттер басшылары Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына жиналды

Мемлекеттер басшылары Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына жиналды

29.05.2026
Қазақстанның Достастық елдерімен тауар айналымы 38 млрд долларға жетті

Қазақстанның Достастық елдерімен тауар айналымы 38 млрд долларға жетті

29.05.2026
Қаратал музейінде қасіретті жылдар шындығы шертілді

Қаратал музейінде қасіретті жылдар шындығы шертілді

29.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.