Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПТЫМЫЗ

20 ақпан 2024
КҮНДЕРЕК
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПТЫМЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлері ұйымы Талдықорған облыстық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының филиалы ретінде 1996 жылы құрылды. Оның төрағасы болып Нұрәділ Нүсіпбаев деген азамат сайланды. Мен 2017 жылдан бері ұйымының төрағасы болып қызмет атқарып келемін.

Жалпы ауданнан 43 адам Ауған жеріне аттанды. 3 жерлесіміз Нұрлан Елубайұлы, Жанат Есмұратов, Геннадий  Кисилев интернационалдық борышын өтеу кезінде дүние салды. Елге оралғаннан кейін 12 азамат қайтыс болды. Қазіргі таңда ауданда 27 Ауған соғысы ардагері бар. 

Жат жерде қаза болған ардагерлерді еске алу мақсатында жылда спорттық жарыстар ұйымдастырып келеміз. Атап айтсақ, осы аптада Көксу ауданы Зылиха Тамшыбаева ауылында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай волейболдан қайтыс болған жерлестерімізді еске алу турнирін ұйымдастырдық.

2018 жылы Көксу ауданы Амангелді ауылы Зылиха Тамшыбаева атындағы мектепте волейболдан Ауған соғысының ардагері Жанат Есмұратовты еске алуға арналған турнир өтті. Игілікті шараның өтуіне мұрындық болып, демеушілік жасаған Ауған соғысының ардагерлері Сайлаукез Ахмолданов пен Марат Әйнеков Жанат Есмұратовқа арналған ескерткіш тақта орнатты. Мұндай турнирді дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп келеміз. 

Үш ардагерімізге де ескерткіш тақта орнатылды. Онымен қоса, Алғабас, Зылиха Тамшыбаева ауылы, Жарлыөзек ауылдық округінің мектептерінде ардагерлерге арналған бұрыш бар.

Жылда оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жиі кездесулер өткізіп тұрамыз. Мектеп ұжымы да ардагерлермен сыр-сұхбат ұйымдастырып, оқушылармен патриоттық тақырыпта концерт өткізеді. Тәрбиелік шарада біз майдан даласындағы қиындықтар мен қаруластарының ерлік істерін еске алып, ұлтжанды болу керектігін айтсақ, оқушылар Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар жайында өлең оқып, сахналық көріністер көрсетеді. Біз жастар өткенін біліп, елін сүйгіш патриот болып өссе екен дейміз.

Ауған соғысы ардагерлеріне де мемлекеттен үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Былтыр 3 жігітіміз Астанаға, 17 азаматымыз Шымкенттегі «Сапа» деген шипажайға барып, демалып келді. 

Ардагерлеріміз қоғам  жұмысына белсене араласып келеді. Біз Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні ғана емес, жыл бойы түрлі жиындар ұйымдастырып тұрамыз. Бұйырса биылғы жоспарды да бекітіп қойдық. Алдағы уақытта аудан жастарымен басқосулар жиі өтеді. Өйткені біз жастар тәрбиесіне жауаптымыз деп ойлаймын. Мұндай шараны өткізудегі мақсат – Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге үйрету, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 

Мырзабек СЕЙІТОВ, 
Көксу аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы 

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.