Талдықорған: +29°C
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісуда оқушылар тасымалы үшін мектептерге 5 жаңа автобус берілді

26.01.2024
ӘЛЕУМЕТ
Жетісуда оқушылар тасымалы үшін мектептерге 5 жаңа автобус берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы, облыста 336 жалпы білім беретін мектеп бар, онда  129 мыңнан астам  оқушы білім алуда. Қазіргі уақытта  мектебі жоқ елді мекендер мен саяжайлардағы 1708 оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған. Аталған білім алушыларды 67 автобус тасымалдайды екен, олардың ішінде тозығы жеткендер де бар.

Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына жағдай жасау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда. Осы айтылған ойға сәйкес өңіріміздегі 5 ауданға жаңа автобустар табысталды.

Жаңа автобустардың кілтін табыстаған облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов су жаңа көлікпен қамтамасыз етіліп жатқан мекеме басшыларын құттықтады. Сөз арасында өткен жылы шалғай елді мекендердегі балаларды тасымалдау үшін республикалық бюджеттен 53,4 млн. теңгеге 7 автобустың лизингке алынғанын атап өтті. Сонымен қатар биылғы жылы беріліп жатқан 5 автобус  жергілікті бюджет есебінен 223 млн.теңгеге алынып отырғанын мәлімдеді.

– Бұл күні 24 орынды 5 автобус табыстаудамыз. Олар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу ауданы мектептеріне беріледі. Анықтап айтсақ Ақсу ауданы Ю. Гагарин атындағы орта мектебіне Қызылжар ауылынан, Алакөл ауданы Теректі орта мектебіне Талдыбұлақ, Үшбұлақ ауылдарынан, Ескелді ауданы Балпық би атындағы орта мектебіне Теңлік, Теректі, Бөктерлі ауылдарынан, Қаратал ауданы Қ. Байсеиітов атындағы орта мектебіне Айдар ауылынан, Көксу ауданы №12 орта мектебіне Айнабұлақ стансысынан, Кемертоған ауылы разъездінен оқушыларды тасымалдайды.

Барлық автобус интеллектуалды автоматты қауіпсіздікті тексеру, оқушыларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесімен, екі қауіпсіздік белдігі бар орындықтарымен, салонның артқы жағында ашылатын авариялық шығу есігімен, санитариялық-эпидемиологиялық қондырғымен жабдықталған.

Шарада Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Айдынбек Жексембаев былай дейді:

– Ақсу ауданы бойынша 38 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 27-сі орта, 7-уі орталау, 4-уі бастауыш мектеп. Біздің ауданда 5 мектептен оқушылар тасымалданады. Бұл күні 4 мектебімізде жаңа автобустар бар, тек Суықсай ауылындағы Гагарин атындағы орта мектебіндегі көлігіміздің жылы ескілеу болатын. Білім басқармасы бізді қолдап, міне, жаңасын алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Облыс әкімдігіне, облыстық білім басқармасына Ақсу ауданының азаматтарының, халықтың атынан алғысымызды айтамыз. Осы көлікті балалардың игілігіне барынша пайдаланамыз.

Жетісу өңірінде 32 бастауыш мектеп бар болса солардың оңтайландыру жұмысын облыстық білім басқармасы толықтай қолға алып отыр. Облыс әкімі бекітіп берген арнайы жол картасы бойынша бастауыш мектептерде оқитын оқушыларды негізгі және орта мектептерге  тасымалдау жұмыстарын ұйымдастырады. Сол үшін жергілікті бюджеттен қосымша тағы да 10 автобус алуға қаражат бөлінген. Енді әр аудан өздері көлік сатып алады. Осылайша биылғы жылы  тасымалдау мәселесі толығымен шешімін таппақ.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суреттерді түсірген Руслан Кадыров

Қатысты жаңалықтар

Табиғаты тамсандырған

Табиғаты тамсандырған

30.08.2026
Ұлттық құрама Талдықорғанда

Ұлттық құрама Талдықорғанда

30.08.2026
Англия алаңындағы алғашқы қазақ

Англия алаңындағы алғашқы қазақ

30.08.2026
Шыбық умен емес, сумен өссін

Шыбық умен емес, сумен өссін

30.08.2026
Сәлеммен басталған сыйластық

Сәлеммен басталған сыйластық

30.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.