Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Елімізде 80 000 жұмыссыз жастар бар

10.11.2023
ӘЛЕУМЕТ
Елімізде 80 000 жұмыссыз жастар бар
WhatsAppTelegramFacebook

700 мыңға жетер-жетпес тұрғын саны бар Жетісу облысын еліміздегі адами әлеуеті ең жас өңірлердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені, аймақтағы 14 пен 35 жас аралығындағы бозбала мен бойжеткендердің саны жалпы өңір халқының 47,6 пайызын құрайды.

Статистикаға сәйкес, Жетісудағы жастардың жалпы үлесі – 190,3 мың адам шамасында. Оның ішінде 106,4 мың жас ауылдық жерлерде тіркелсе, қалғаны қалада тұрады екен.

Әрине, осы жастарға қатысты шешімін таппай отырған негізгі мәселенің бірі – жұмыссыздық болса керек. Оң-солың енді тани бастаған ұл-қызға екі қолға бір күрек табу оңай емес. Әрі бұл мәселе тұтас елге тән. Статистикаға сүйенсек, қазір елімізде жастар санатына кіретін 400 000 адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар қатарында екен. Ал жұмыссыз жастардың саны 80 000 адамды құрайды. Мұнан бөлек NEET санатындағы жастардың үлесі де азаймай отырғаны қынжылтады. Бүгінде не тұрақты жұмысы жоқ, не лайықты білім алмаған «әлеуметтік аутсайдерлер» саны – 422 000 адам шамасында екен.

Бұл мәселе Жетісу облысында да жоқ емес. Былтырғы ресми дерек бойынша өңірдегі NEET санатындағы жастар саны 6,2 пайызды құраған. Әрине, бұл үлес республика бойынша жалпы цифрмен салыстырғанда орташа көрсеткіштен көп төмен болғанымен, облыстағы жастар мәселесіне жауапты органдардың мазасын алуы тиіс.

— Жұртшылықты еңбекпен қамту бойынша бірінші кезекте жастардың жұмысқа орналасуына баса назар аударылады. 1-қазандағы мәлімет бойынша Жетісу өңіріндегі жұмыспен қамту органдарына 12 440 жас еңбекке орналастыруды сұрап жүгінген. Біз олардың тең жартысынан астамын, яғни 6 577 азаматты жұмысқа орналастырдық. Оның ішінде 3 931 жас тұрақты жұмыс тапты, — дейді Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, еңбекке қабілетті жастардың арасынан 1544 адам қоғамдық жұмыстарға, 117 адам әлеуметтік жұмыстарға, оқу орындарын енді бітірген 629 түлек жастар тәжірибесіне жіберілген. Сонымен бірге 331 жас алғашқы жұмыс орнына орналасса, 25 адам ұрпақтар сабақтастығы келісім­шарты бойынша еңбекпен қамтылған. Тағы 242 жас қысқа мерзімді кәсіби оқудан өтуге мүмкіндік алған. Ал электронды еңбек биржасында онлайн оқудан өткендер саны 640 жас азамат болса, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 1 735 адамға жолдама берілген. Нәтижесінде 82 адам грант иеленіп, жалпы саны 268 жас шағын несиеге қол жеткізген екен.

Жалпы өңір шенеуніктері жұмысыздар санын азайтудың, оның ішінде жастарды еңбекпен қамту мәселесін шешудің оңай жолы ретінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жобаға арқа сүйейтін сияқты. Осы бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді оқыту бойынша биыл 800 адамды оқыту жоспарланған екен. Бұл мақсатқа 283,6 млн теңге қаржы бөлінген. Нәтижеге жету үшін өңірлік комиссия оқу орындары мен орталықтардың тізімін жасап, бекіткен. Бұл тізімге облыстағы 9 колледж бен 22 оқу орталығы енгізіліпті.

— Қазірге дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 651 адам жіберілді, оның ішінде жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 628 адам және дайын жұмыс орнындарындағы ваканттық орынға 23 адам қайта даярланады. Жалпы қысқа мерзімді оқуды 464 адам аяқтаса, олардың арасынан 435 адам тұрақты жұмысқа орналасты, — дейді басқарма басшысы Ермек Мизамбаев.

Облыстағы мансап орталықтарының мәліметі бойынша, қазір еңбек нарығында жоғары білімі бар мамандар емес, керісінше арнаулы оқу орындарын бітірген мамандық иелеріне сұраныс артқан көрінеді. Оның ішінде техникалық мамандықтарға, сұлулық салоны саласындағы мамандарға деген қажеттілік жыл сайын өсіп отыр.

Қысқасы, енді жастар мамандық таңдағанда дәнекерлеуші, автомобиль жөндеуші слесарь, технологиялық қондырғыларды жөндеуші слесарь, электрондық-есептеу машиналарының операторы, ветеринария санитары, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, аспаз, электргаз дәнекерлеуші, электромонтер, кондитер, пішуші-модельер, бухгалтер, жиһаз жинақтаушы, маникюр шебері, тігінші сияқты сұранысқа ие кәсіптің шебері болуға ұмтылуы керек сияқты.

Дереккөз: Kazinform 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.