Талдықорған: +8°C
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бүгін, 11:07
КҮНДЕРЕК
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаздықтың қадірі қай кезде қалыптасады? Қоғам мұғалімге атақ бергенде ме, заңмен мәртебесін бекіткенде ме, әлде оның сөзіне сеніп, еңбегін мойындағанда ма? Шын мәнінде, ұстаз беделі қағаздағы мәртебеден бұрын қоғамдық сенімнен басталады. 

Бір кезде ауылда мұғалімнің сөзіне үлкен де, кіші де құлақ түретін. Баланың тәртібі туралы ескерту айтса, ата-ана оны өзіне жасалған сын деп қабылдамайтын. Керісінше, «Баламның қай тұсы ақсап жүр?» деп ойланатын. Мұғалім мен ата-ана қарсы тарап емес, бала тәрбиесіне ортақ жауапты екі жақ болатын. Сол сенім ұстаз беделін қалыптастырды.

Бүгін бәрі өзгерді. Баланың құқығы, жеке шекарасы, психологиялық саулығы туралы түсінігіміз тереңдеді. Балаға айқайлау, көптің алдында кемсіту, намысына тию тәрбие құралы бола алмайды. Себебі жасөспірімнің жандүниесі сырт көзге көрінбейтін нәзік иірімдерден тұрады. Психологтар жасөспірім кезеңінде баланың ересек адамның бағасына, құрбы-құрдасының пікіріне, өзін қоғамның қалай қабылдайтынына ерекше сезімтал болатынын жиі айтады. Кейде ересек адам үшін жай ғана ескерту болып көрінген сөз балаға әлдеқайда ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан ұстаздың да, ата-ананың да сөзі дәл осы шақта таразыға түсуі тиіс. Мұның бәрін неге қозғап отыр дерсіз. Бұл жуырда бір мектепте болған жағдайды еске түсіреді. Мұғалім оқушысының тәртібіне ескерту жасап, болған жайтты анасына жеткізген. Анасы баласына реніш білдірген. Кейін жасөспірім өз өміріне қол жұмсауға әрекет жасап, ауруханаға түскен. Оқиғадан соң мектепте тексеру жүргізіліп, мұғалімнің әрекеті де қаралған. Бұл жерде асығыс үкім айтуға болмас. Баланың мұндай қадамға баруына жалғыз ғана сөз немесе бір адам себеп болды деп кесіп айту да тым үстірт болар. Жасөспірімнің ішкі күйзелісі, отбасындағы қарым-қатынас, ортасы, бұрыннан жиналған психологиялық салмақ бәрі бірге қаралуы тиіс. Бірақ дәл осындай жағдайлар мұғалімнің ертеңгі әрекетіне де әсер етеді. Егер ұстаз оқушысының тәртібін көріп тұрып: «Ескерту жасасам, соңы не болар екен?» деп именсе, оның кәсіби еркіндігі әлсірейді. Ал мұғалім үндемесе, ертең қоғам одан тағы да: «Неге тәртіпке шақырмадың?» деп сұрайды. Міне, бүгінгі ұстаздың ең қиын тұсы да осы. Ол баланың психологиялық қауіпсіздігін сақтауы керек әрі тәртіпке талап қоюы тиіс. Сонымен қатар ата-анамен ашық сөйлесуі қажет. Әр сөзінің қалай қабылданатынын ойлауы керек. Бұл ұстаздықтың бұрынғыдан жеңілдегені емес, керісінше, күрделене түскені. Сондықтан мұғалім мәртебесі туралы айтқанда, мәселені тек жалақы, заң немесе жеңілдік шеңберінде қарау аздық етеді.

Мәртебе ұстаздың кәсіби сөзіне қоғамның қаншалық сенетінімен де өлшенеді. Ал бүгін сол сенімнің жұқарып бара жатқанын мойындауға тиіспіз. Бала «Мұғалім ұрысты» десе, кей ата-ана бірден ұстаздан есеп сұрауға асығады. Ал «Мұғалім не үшін ескертті?» деген сауал кейінге қалады. Осы бір ғана өзгерістің астарында үлкен қоғамдық құбылыс жатыр. Бұрын ата-ана мұғалімнің сөзін баласының тәрбиесіне қосылған үлес деп қабылдаса, қазір өзінің ата-аналық беделіне жасалған сын ретінде қабылдайды. Мұғалім де бұдан сақтана бастайды. Сөйтіп, бала тәрбиесіндегі ең маңызды байланыс мектеп пен отбасының серіктестігі әлсірейді. Ал мұның зардабын бала көреді. Өйткені балаға бір-бірін жоққа шығаратын емес, бір бағытта сөйлейтін ересектер керек. Мұғалім мектепте «болмайды» десе, ата-ана үйде сол сөздің мәнін түсіндіруі тиіс. Ата-ана баласының жандүниесіне алаңдаса, мұғалім оны тыңдауы керек. Екеуі бірін-бірі жоққа шығармай, толықтырғанда ғана тәрбие тұтас болады. Абайдың адамды өзіне есеп беруге шақыратын ойы осы тұста айрықша мәнге ие. Біз өзгеден мін іздеуге тым тез бейімделгендейміз…

Негізінде ұстаз беделін төмендететін бір ғана фактор жоқ. Оған ата-ананың көзқарасы да, қоғамның ұстазға қоятын шектен тыс талабы да, мұғалімнің өзінің кәсіби мәдениеті де әсер етеді. Ұстаз мәртебесі деген қателеспеуге берілген құқық емес, үлкен жауапкершілікпен бірге келетін қоғамдық сенім. Сондықтан мұғалім өз сөзінің салмағын білуі тиіс, ал қоғам оның үнін өшірмеуі қажет. Баланың құқығын қорғаймыз деп ұстаздың талап қою құқығын жоққа шығарсақ, мектеп тәрбиелік қуатынан айырылады. Ал ұстаздың беделін қорғаймыз деп баланың жандүниесін елемесек, мәртебенің мәнін жоғалтамыз.

P.S. Өткеннің бәрін қайтару мүмкін емес, әрі қажет те емес. Бірақ сол кезеңнен бізге жетуі тиіс бір құндылық бар, бұл ұстазға сенім. Ұстаздың бүгінгі беделін көтерудің жолы сенімді қайта қалпына келтіруден басталады. Өйткені ұстаздың мәртебесі заңда жазылған сөзбен емес, қоғамның оған деген көзқарасымен өлшенеді. Ал біз сол көзқарасты жоғалтып алған жоқпыз ба? Бұл туралы Сіз не дейсіз, көзі қарақты оқырман? 

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бүгін, 11:07
Энергетика мен цифрландыру: Қазақстан мен Камбоджа жаңа жобаларды қолға алады

Энергетика мен цифрландыру: Қазақстан мен Камбоджа жаңа жобаларды қолға алады

17 қазан 2026
Қазақстан мен Камбоджа арасында жаңа әріптестік кезеңі басталды

Қазақстан мен Камбоджа арасында жаңа әріптестік кезеңі басталды

17 қазан 2026
Жабайы алма гүлдегенде

Жабайы алма гүлдегенде

17 қазан 2026
Тектіліктің қос шынары

Тектіліктің қос шынары

17 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.