Талдықорған: +13°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорған әкімдігінің итке «шамасы» келмей отыр ма? (видео)

2 қазан 2023
КҮНДЕРЕК
Талдықорған әкімдігінің итке "шамасы" келмей отыр ма? (видео)
WhatsAppTelegramFacebook

Тақырыпты дәл осылай қоюымызға себеп көп. Осы тақылеттес халықтан түсетін арыз-шағым аз болғандай енді қаңғыбас итті өзіміз де көп көретін болдық. Басқа басқа емес оқушыларға арналған білім орталықтарының маңынан қаптаған «төрт аяқтыны» көру  ойға  – азап, миға – сауал болып тұр бүгін.

Миға сауал болатыны, осыдан аз уақыт бұрын «Талдықорған әкімдігі Оқушылар сарайының алдын итпен толтыра ма?» деген тақырыппен қысқа-нұсқа материал дайындағанбыз. Онда да қала тұрғыны тарапынан өз «аяғымен» келген арыз еді. Ұялы телефонына таспалап та алған.

Оқи отырыңыз: ҚАҢҒЫҒАН ИТ ҚАЗЫНА МА?

«Бұл не масқара? оқушылар сарайының алдында бұралқы иттер өріп жүр. Егер үлкен адамдар арашаламаса бұлар біреудің мәпелеп отырған баласын жазым етпей ме? Жауаптылардан бір шара қолдануын сұраймыз», деген сол төңіректе серуендеп жүрген қала тұрғыны. 

Артынша, бұл материалға байланысты «Бұл кездейсоқ келіп қалған иттер шығар» деп өзімізді айыптағысы келгендер де табылды. Біз де солай болсын деп аталған жарияланымды әдеттегі сақтандыру әдебі ретінде жеткізгенбіз.

Ұқсас тақырып: Талдықорған әкімдігі Оқушылар сарайының алдын итпен толтыра ма? (видео)

Бірақ, бұл мәселеге бүгін тағы айналып соғуға тура келді. Ескерсеңіз, алғашқы материалда біз атаған Оқушылар сарайының артында қалалық Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейі орналасқан. 

Тақырыпқа орай: Ит пен мысықты чиптеудің қажеттілігі неде?

Ең сорақысы, бізге жіберілген кезекті бейне үзікте сол мектептің төңірегіне топталған азулы иттерді көресіз. Шынында, бұл аумақты  мекендеп алғандай торуылдап шықпай жүргенге ұқсайды. 

Ойға азап болатыны тағы мынау. Әкімдік шыр-пыр болып жазған дүниеге шекемен ғана қарап отыр ма деп қынжыласың? Қарамаса дейсің тағы, сұрақ үстеп. Неге ел болашағы дейтін бүлдіршіндер ағылатын білім ошақтарының алдын итпен «толтырып» отыр бұлар?! Рейдпен жүрген ешкім де жоқ: көзінің ағы мен қарасы болған әр бір үйдің «жалғызы» жазым бола ма деп біз қорқамыз сосын. Әлде Талдықорған қаласы әкімдігі қара базардағы халыққа «әлді» болғанмен, төрт аяқты хаиуанға төтеп бере алмас кейіпте ме еді?

Редакциядан: біз бұл мәселені алдағы уақытта да назарда ұстайтын боламыз. Әрі Талдықорған қаласы әкімдігінің халыққа берер ресми жауабын да күтеміз. 

Фото: көрнекілікке алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттың  қазынасы

Тіл – ұлттың қазынасы

Бүгін, 11:11
«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

«Тарихи тұлғалар» тізімі ұсыныстан шешімге дейін

Бүгін, 10:33
«Оңай ақша» оңдырмас

«Оңай ақша» оңдырмас

Бүгін, 09:06
Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.