Талдықорған: +20°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӘСІПКЕРЛІКТІ ТЕКСЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН НЕГІЗІ

26.09.2023
ЭКОНОМИКА
КӘСІПКЕРЛІКТІ ТЕКСЕРУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН НЕГІЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арналған заңнамалардың қолданысына қадағалау жүргізу прокуратура органдары қызметінің негізгі басым бағытының бірі. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен оларға қолдау көрсету және әртүрлі әкімшілік кедергілерді төмендету үшін көптеген шаралар жасалуда. Осыған орай, мемлекеттік органдардың назарына кәсіпкерлік нысандарының қызметіне тексеру жүргізудің тәртібі мен негізін түсіндіру керек.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындап, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Кодекстің 134-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған. Ал, сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында ашық жазылған. Сыртқы бақылау нәтижесi бойынша ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және ҚР заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.

Кодекстің 137-бабының 3-тармағында тексерулер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін және жоспардан тыс тексеру болып екіге бөлінеді.

Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) бірінші – жоғары тәуекел; екінші – орташа тәуекел және үшінші – төмен тәуекел деген дәрежелердің біріне жатқызады. Аталған баптың 4-тармағында тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшем-шарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиі болмайды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиі болмауы тиіс. Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартымен екі жылда бір реттен жиілетпей өткізіледі. Ал, тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшартымен, үш жылда бір реттен артпауы қажет. Талаптарға сәйкестігін тексеру Кодекстің 141-бабының 4-тармағында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарты қолданылып жүзеге асырылады.

Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы ескертуді тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын, басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы белгілі субъектіге (объектіге) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты деректер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеруді жоспардан тыс жүргізеді. Жоспардан тыс тексеру кезінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталғанға дейін кемінде 1 тәулік бұрын, тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабар беруге міндетті.

Жалпы, бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді тағайындау туралы акті негізінде тексеру жүргізіледі. Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және тексеру тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде тіркеледі.

Ал, ел Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының 1-тармағында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын делінген. Осыған орай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект бақылау және қадағалау органдарының және лауазымды тұлғалардың әрекетіне байланысты жоғары тұрған мемлекеттік органға, сотқа және Талдықорған қаласының прокуратурасының жанынан құрылған кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың мобильді тобына шағым жасауға құқылы.

Байланыс телефондары: 8 (7282) 24-81-79, 8-777-777-07-67.

Қуаныш МУСИН,
Талдықорған қалалық прокуратурасының аға прокуроры

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.