Талдықорған: +18°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Мемлекеттің малын шашпаққа құрылған»: Қоғам қайраткері білім беру саласындағы былықты жайып салды

25.09.2023
САЯСАТ
"Мемлекеттің малын шашпаққа құрылған": Қоғам қайраткері білім беру саласындағы былықты жайып салды
WhatsAppTelegramFacebook

Балалар ала-құла мәртебелі орта білім жүйесінде оқыса, біз қалайша қолжетімді оқу орнын, әділетті қоғамды, мықты мемлекетті құрамыз? Бұл сұрақты оқырманға Қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай қоя отырып, білім саласындағы кемшілікті тізіп шықты.

 Мемлекет қайраткері өз ойын Facebook-тағы парақшасында жеткізді. 

Қазір бүлдіршіндеріміз – балабақшада, оқушыларымыз мектепте әртүрлі әдістемемен қилы мәртебелі мекемелерде тәрбиеленіп, білім алып жатыр. Бұл қаншалықты тиімді? Немесе формасын мың құбылтқаннан мазмұн өзгере сала ма?

Өркениеттің алтын заңы: балабақша балғындары мен мектеп оқушыларын тәрбиелі, иманды, отаншыл, қоғамшыл, елшіл етіп қалыптастыру – ата-ананың да, қоғамның да, мемлекеттің де ең маңызды міндеті. 

Ұлт құндылықтарын, соның ішінде ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрді бойына сіңірген ұрпақтан адал азамат, бірлігі бекем қоғамды құрушы өсіп шығады. 

Кез келген қиындықты еңсеретін ұл-қыздар ғана мемлекеттің өркендеп-дамуына ықыласпен атсалысады. Әлемде озық елдердің көрсеткен үлгісі осыны аңғартады.

Біздегі ахуал қандай? 

Сана-сезім, яғни ментальдық деңгейдегі өзгешелікті, әлеуметтік жағдайдағы теңсіздікті, тілдегі қайшылықты былай қойғанда, сауат ашып, жалпыға бірдей білім беретін мектептердің түрі мен мазмұны жылдан-жылға бір-бірінен алшақтап бара жатыр. Ауыл мен қала мектебінің айырмашылығын жою жұмыстары бұрыннан басталғанын білеміз. Бірақ ол бүгінде түсініксіз үдерісте. Қазір қала мектептерінің өзі сан қилы. Оқушылардың киім үлгісі былай тұрсын, оқу бағдарламасына, пән мен тәлім-тәрбие әдістемесіне қатысты ала-құлалықты педагогтердің өздері әлеуметтік желіде айтып жүр. 

Әрине, бәріне ортақ міндеттелген бағдарлама бар. Алайда білім мекемелерінің міндеті – оны шығармашылықпен жүзеге асыру емес пе? 

Мысалы, қазір адамзат инженерлік ойының бастауы «Сызу» пәні мектепте оқытылмайтынын, ал соның университеттегі жалғасы (техникалық мамандықтарда) – «Сызба геометриясы» міндетті курс қатарынан шығып қалғанын білесіздер ме? 

Немесе мектеп жүйесінде де, университеттерде де «Қазақ әдебиеті» мен «Қазақ тілі» пәнінің классикалық бағыттары, бөлімдері жеке-дара өтпей, табиғаты будан, дүбәра дүниеге айналғанын мамандар талай рет көтерді. Бірақ нәтиже жоқ. Таяуда бір ата-ана 25 жылдай бұрын өзі оқыған «Қазақ әдебиеті» оқулығы мен бүгін баласы оқып жатқан оқулықты салыстырып көрсетті. Бүгінгі 7-8 сынып материалы бастауыш мектеп деңгейіндей-ақ болып тұр. Классиктерден біреу де жоқ, жай ғана танымдық нәрселер…

Бүгінде жекелеген мектептер өз бетінше факультатив ретінде түрлі қосымша сабақтар жүргізеді. Оның үстіне тереңдетіп оқыту, бейінділікке байланыстыру т.б. түрлі желеумен жүргізілетін репетиторлық оқыту сапасын тексеру, бақылау іс жүзінде мүмкін де емес. Жалақыны ғана ойлаған жекелеген мұғалімдердің білігі сын көтермейді.

Жалпы мектеп үшін түлегінің білімі, тәрбиесі ең басты көрсеткіш болуы керек. Өкінішке қарай, бүгінгі мектеп талабында мұғалімнің ұстаздық яғни әдістемелік біліктілігі емес, қилы сертификат сұрайтын формализм алға шыққан. Мұғалім түрлі қисынды-қисынсыз курстардың соңында жүрсе (сертификат үшін), мектепте үзіліссіз тәрбиені кім жүргізеді? Бұған осыдан шамалы уақыт бұрын мемлекеттің малын шашпаққа құрылған ағылшын тілі курсын мысалға алсақ та жеткілікті. Қайда соның нәтижесі?..

Енді ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақтың қалың интеллигенциясын оқытқан мектеп мұғалімдерін еске алыңыздар. Соның көбі майдангерлер еді. Санаға шегелеп түсіндіретін, тәртіпті де мықтап бойға сіңіретін. Енді салыстырыңыз: солар курс-курс, сертификат-сертификат деп формальды қағаз жинап жүрсе, қалай болар еді? Олар өздері бас болып еңбекпен тәрбиелеудің де үлгісін көрсетті…

Егер бала мектепте қағаздан миы ашыған, әртүрлі тренингтен санасына ештеңе қоспаған мұғалімді көрсе, отансүйгіш, ғылымсүйгіш болып шыға ма?

Оның үстіне баланың бірі НИШ, бірі «Дарын», бірі БИЛ, бірі лицей, бірі гимназия, бірі жай мектеп боп кете беретін ала-құла мәртебелі орта білім жүйесінде оқыса, біз қалайша қолжетімді оқу орнын, әділетті қоғамды, мықты мемлекетті құрамыз? Қайтіп біртұтас ел боламыз? 

Әртүрлі мектеп әртүрлі орта қалыптастырады. Психологиясы, болмысы, сана-сезімі түрліше орныққан жастарды бір қоғамға біріктіру оңайға түспейді. 

Әрине, білім туралы заң мен заңдық құжаттарда орта білімнің түрлі формасы енгенін де білеміз. Сондай-ақ, оқушыларға берілетін пәндер де белгілі бір жүйеге бағындырылатынын түсінеміз. Дегенмен осы мәселеде ұлттық және өркениеттік мазмұн салмақты болуға тиіс. 

Сонымен бірге мемлекеттік сектордағы, жекеменшіктегі, қазақ, орыс, аралас, түрлі этностық, желілік, интеллектуалдық, мамандандырылған, тереңдетіп оқытатын, дарынды балалар мектептері мен лицейлері үшін жалғыз – бірыңғай бағдарлама жасалғаны жөн деп ойлаймыз. Сонда ғана мектеп айырмашылығы жойылып, білім алушыларды алалау, қолжетімділікке жасанды тосқауыл қою болмайды. Нарық жағдайында осының өзінен жақсы нәтиже көрсететін мектептер шығатыны сөзсіз. Мектеп желілерін дамыту әлеуметті жікке бөлуге емес, халықты ортақ міндетті орындауға біріктіріп, жақсылыққа жұмылдырады деп ойлаймыз. «Бір ел – бір мектеп» қағидасының мәні – осы. Әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің тәжірибесі бұған дәлел бола алады. 

Әділетті Қазақстанда, біртұтас, тату елімізде мектеп тапшылығын кешенді түрде шешу жолында ұлттық жоба қолға алынып жатыр. Ол “Жайлы мектеп” деп аталады. Дәлірек айтсақ, елімізде 2023-2025 жылдары жаңа үлгідегі 369 мектеп салынады. 738 мың орын ұсынатын білім ордаларында оқушыға толық жағдай жасалынбақ. Әрине, қоғамды оқытатын үй-жаймен, оқыту құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету – мемлекетіміздің шынайы қамқорлығы, үлкен көмегі. Ал мектептің мазмұны, әдістемесі, оқу-тәрбие ісі – одан да маңызды міндет деп білеміз. Өйткені, Отанымызға әлемдік бәсекеге қабілетті, білімді, ынтымағы мен бірлігі мықты азаматтар керек. Бұл барша халқымыздың мүддесіне сай келеді.

Дархан МЫҢБАЙ

Фото: ашық дереккөзден

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.