Талдықорған: +22°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Шаруалар егін орып, мал азығын дайындауда

29.08.2023
ЭКОНОМИКА
Шаруалар егін орып, мал азығын дайындауда
WhatsAppTelegramFacebook

«Қыста малыңды бақ, жазда шөбiңдi шап» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаз бен күзгі науқандық жұмыстарды ұйымшылдықпен атқару басты талаптың бірі. Осыны ескерген шаруалар қазір барлық күш-жiгерді осы мақсатқа жұмылдырып, егін орып, мал азығы қорын дайындау қамымен білек сыбана еңбек етуде.

Дала төсін дүбірге бөлеген диқандар қазір жазғы жұмысты аймақтың барлық өңірінде жүргізіп жатыр. Мұндай тірлік егін және мал шаруашылығымен айналысатын Кербұлақ ауданында да қызу. Біз аграрлы өңірде атқарылып жатқан осындай шаруа жайын көру үшін Жайнақ батыр ауылдық округіне қарасты «Жолбарыс Агро» ЖШС-нің егістік алқабына арнайы барып, тынымсыз тіршіліктің куәсі болдық. Мұндағы жұмыстармен ауыл әкімі Бақыт Рахымбеков таныстырды. 

Байқағанымыздай, олардың бүгінгі тірліктері жаман емес, жер, мал бар. Ауыл шаруашылығына қажет техникалармен де жеткілікті қамтамасыз етілген. Диқандар да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбектеніп, науқандық істерді  ұйымшылдықпен атқаруда. Алқаптағы комбайншылар да егін оруда белсенділік танытып жүр. 

– Жайнақ батыр ауылдық округіне қарасты осы серіктестіктегі 1 457 гектар егістік алқаптың 1388 гектарына арпа-бидай егілді. Оның 160 гектары күздік бидай, 963 гектары жаздық арпа, 160 гектары көпжылдық шөп, 10 гектары картопқа арналған. Қалғанына сүдігер жыртылды. Науқан кезінде шаруашылыққа 30-40 шақты адам жұмысқа тартылады. Оның бәрі жергілікті тұрғындар. Мол өнім алу үшін ауыспалы егістік жүйесін сақтауға ерекше мән береміз. Егіннің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін органикалық және минералдық заттар қолданылады. Тыңайтқыштар дұрыс пайдаланылса ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі артып, өнім сапасы жақсарады, – дейді агроном Абралы Кемелбаев. 

Бұл кісі ауыл шаруашылығында 40 жылдан аса еңбектеніп, мол тәжірибе жинаған агрономдардың бірі. Сондай-ақ, ол бүгінде аталған салада жұмыс істейтін жастардың азайғанына өкініш танытып, ойын білдірді. 

Аталмыш ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы, ауыл шаруашылығы саласына жауапты Елемес Анапияновтың айтуынша, ауылдық округте барлығы 176 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 14 жеке кәсіпкер, 1 өндірістік кооператив бар. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізетін 180 трактор, 30 комбайн, 70-тен аса басқа да техника түрлері қызмет көрсетеді. Өткен жылы лизингке 5 техника сатып алыныпты. Бұған қоса, 6 008 бас мүйізді ірі қара, 18 461 бас қой-ешкі, 1837 бас жылқы, 5 шошқа бағылып, 7 мыңға жуық құс өсіріледі. Сондай-ақ, 50 256 гектар жердің 41 554 гектары ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Оның 7755 гектары егістік, 20 183 гектары жайылымдық, қалғаны шабындықтар. 

Биыл барлығы 13 579 тонна шөп жиналуы тиіс. Ауылдықтар жазғы ауа райының ыстығына қарамастан маңдай терлетіп, жоспарды орындауға тырысқан. Бірақ, биылғы құрғақшылық шөптің жайқала өсуіне кесірін тигізіп, талапты 100 пайыз орындауға мүмкіндік бермеген. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда шөп шығымы төмен. Сол себепті оның біраз бөлігі Балқаш, Қаратал сияқты аудандардан сатып алыныпты. Қазір арпа-бидай жиналып жатыр. Күздік бидайдан гектарынан 14-15 центнерден өнім жиналса, арпаның әр гектары 10-12 центнерден айналуда. Өнім жинауға қажет жанар-жағармайдан тапшылық жоқ.        

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мәди Сауылхановтың берген мәліметіне жүгінсек, аудан бойынша өткен алты айда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 11,6 млрд. теңгені құраған. Қаржы институттары арқылы 25 шаруашылыққа 424,1 млн. теңге несие берілген. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұйымынан лизингке ауыл шаруашылығы техникасын алу үшін 843 млн. теңге беріліп, 29 техника сатып алынған. Ауыл шаруашылығы дақылдарын себу өткен жылмен салыстырғанда 938 гектарға ұлғайып, 114,4 мың гектарды құраған. Егістік құрылымында дәнді дақылдар алқабы1,4 мың гектарға артып, 100,1 мың гектарға жеткен. Қант қызылшасы, картоп, көкөніс, бақша дақылдарына арналған алқап көлемі көбейген. 

Жалпы барлық ауылдық округтер ауыл шаруашылығы дақылдарының гектар өнімділігін көтеру үшін агротехнологияны сақтау, оның ішінде тұқымды жаңарту, ауыспалы егістікті сақтау, минералды тыңайтқыштарды жеткілікті көлемде қолдану сияқты жұмыстарды жандандыруда. Ауыл шаруашылығы дақылдарына 8 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 есеге жоғарылаған. Күзгі дала жұмыстарына 1,6 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлініп, оның 400 тоннасы шілде-тамыз айларына қарастырылыпты. Көктемнен қалған 700 тонна жанар-жағармай қоры да бар. Аудан бойынша 158 шаруашылық дизель отынына өтінім беріп, бүгінде шілде-тамыз айларына 22 шаруашылықтан өтінім түскен, келісімшартқа 28 шаруашылық отырған. 

Ауданда биыл 100,1 мың гектар жерге дәнді дақылдар себіліп, 169,5 мың тонна астық жиналуы тиіс. Осы уақытта масақты дәнді дақылдар алқабының 53 пайызы орылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,8 пайызға жоғары. Орташа өнімділігі гектарына 15,1 центнерді құрайды. 

Мал қыстату науқанына 293,6 мың тонна шөп дайындау жоспарланып, бүгінде 71,8 пайызы дайындалған. Жемшөп дайындау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Соңғы 3 жылда су үнемдеу технологиясын енгізу алаңы 5,7 есеге ұлғайып, 670 гектарды құраған. Ал 2025 жылға қарай 1,5 мың гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр. 

Су үнемдеу технологиясы аудандағы барлық суармалы жердің 21,8 пайызын қамтиды. Биыл жабдықтар мен жаңбырлату машиналарын сатып алу шығынын субсидиялауға 482 гектарға жаңбырлатқыш машиналарын орнатқаны үшін 196 млн. теңге берілген. Келесі жылға Шанханай ауылдық округінде орналасқан «Рауан» шаруа қожалығы 6 «Фрегат» қондырғыларын сатып алып, 396 гектарға су үнемдеу технологиясын қолдану жоспарлануда.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Кербұлақ ауданы

Суреттерді түсірген Руслан Қадыров

 

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.