Талдықорған: +36°C
$ 467.48
€ 539.52
₽ 5.73
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ТҰЛҒА

11.08.2023
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ТҰЛҒА
WhatsAppTelegramFacebook

Қара ормандай қазақтың тіршілікте табан тірер жері Абайдың ақылмандық, данышпандық ойлары мен ғибратты сөздері болса керек. Аттап басқан сайын аяққа оралғы болған дүниелер мен кедергілерге кезіккенде хакімнің толғамдары еске түседі. Тіпті, жарық дүниедегі алуаналуан мінезді адамдар мен ұлттардың түрлі сипаты кірпияз көңілдің құбылуына соқтырғанда да ұлы тұлғаның қара сөздерін санада жаңғыртамыз.


«Келер қазақтың да ішетін уы мен балы – Абай», – деп қазақ әдебиетіне құбылыс болып келген Асқар Сүлейменов айтқандай, ұлы тұлғаның телегей мұрасы ғасырлар бойы өз халқымен бірге жасай бермек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «Абай күні» мерекесі күнтізбемізге еніп, тамыз айының 10-жұлдызында аталмыш мейрамды тойлауды қолға алдық. Бұл өткенін дәріптеп, тарихын саралап, болашағына байлам жасай білген еліміз үшін де, келер ұрпақтың кемел руханият құндылығына қанығып өсуі үшін де оң шешім.

Осы орайда талдықорғандық зиялы қауым да Абай күнін айрықша атап өткенін айта кеткен жөн. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының алдындағы Абай ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталған рухани шара өрнек тапты. Алдымен жетісулық зиялы қауым өкілдері ұлы тұлғаның тастұғырына гүл шоқтарын қойып, әдебиет алыбының рухына тағзым жасады. Өз кезегінде алғашқы болып облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт сөз алып, алты Алаштың ардақтысына, көз тастар көкжиегіне айналған тұлға жайлы тебіреніске толы ойын ортаға салды. Мыңмен жалғыз алысқан, әз қазағын биіктен көргісі келіп кесірлігі мен кейістігіне, кеселіне сөзбен сына қаққан, ғақлияларында адамгершілік пен ақиқаттың түу бастауына ой жетелетіп, ұлы перзент ретінде жұртының рухани өрісі манатқа малынуын көксеп, терсіңді еңбек еткен тұлғаның өмірінен, тағылымынан сыр шертті. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, айбоз ақын Әміре Әрін де тарихтың ақтаңдақ беттерінде есімі айшықталған ұлылардан мысал келтіріп, күллі қазаққа темірқазық бола білген, адамзаттың Абайына айналған тұлға туралы тебірене тілек білдірді. Сонымен қатар, біраз жыл бұрын жазылған «Темірқазық» атты арнау өлеңін оқыды.

Рухты тасытқан, әдебиетке деген і ң к ә р л і к т і одан әрі оятқан тағылымды шара барысында облыстық филармонияның өнерпаздары асқақ әндерін айтып, күмбірлеген күй шертті. Әуелі Медет Есбергеновтың дирижерлігімен Абайдың күйі «Торжорға» күмбірлесе, өз кезегінде №28 ІТ мектебінің оқушылары Айару Фархатқызы, Жания Саятбек, Гүлдана Қайратқызы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал жетісулық талантты әншілер Бейбіт Мұсаев, Бексұлтан Бекайдар, Тілек Нағымбаев, Жомарт Тәкебаев ұлы ақынның «Сегіз а я қ » , «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін асқақтатты.

Рухани шара ұлы ақынның қара сөздерімен қорытындыланды. Айталық Алаш ардақтысының ғақлиясын Б. Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртісі Сағындық Жұмаділ нақышына келтіре оқыды.

Арда БИ

Қатысты жаңалықтар

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

Дипфейктер мен жалған ақпаратқа қарсы күрес

07.08.2026
Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

Хабарландыру: Жоғалған тұрғын іздестірілуде

07.08.2026
Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда тағы 41°C-қа дейін аптап ыстық болады

07.08.2026
Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

Жетісуда полиция қызметкерлері жолда қалған отбасыға көмектесті

07.08.2026
Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

Жетісуда тоғыз ауыл табиғи газға қосылды

07.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.