Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ПАНДУС САЛУҒА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ИГЕРІЛМЕГЕН

05.07.2023
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

 Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласындағы  бірнеше нысанды аралады. Мақсат – қоғамдық  орындарда мүгедектігі бар адамдарға жасалып жатқан жағдаймен танысып, бөлінген қаржының игерілуін қадағалау.  Шаһардағы «Бәйтерек» күндіз болу орталығы 90 балаға арналған. Бейбіт Өксікбайұлы 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалту орталығын аралады.


 Ғимарат 1959 жылы салынған.  Ескі үйді жамап-жасқағанмен ауасының тарлығы, бөлмелерінің ескілігі байқалып тұр. Бұл жөнінде «облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Ермек Мизамбаев айтты. «Ғимарат ескі. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналмаған. Кейіннен асхана үшін тағы бөлме қостырдық», – деп мекеменің өзекті мәселесін қозғады. Сондай-ақ, Ермек Арынханұлы ата-аналардың «балаларымыз 18 жастан асқаннан соң да оқытып, сергітіп, қоғамға бейімдеп беретін  орын болса» деген өтініш айтып жүргендігін жеткізді. Өйткені, күнделікті күтім қажет ететін балаларды 18 жасқа толғаннан кейін әлеуметтік мекемелер қабылдамайды. Ал, ерекше балаларға  көмек кәмелетке толған соң да керек екені белгілі. Бұл орайда облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы  Ермек Арынханұлына кәмелетке толған отыз шақты балаға арналған орталық ашу жөнінде тапсырма берді.     

– Келесі жылы ересек балаларға арналған кең, талапқа сай орталық ашамыз. Оған дейін ата-аналарға көмек болсын, 18 жасқа толған балаларды оңалтуға арналған ғимарат қарастырып, уақытша орталық ашудың қамына кіріс. Бір жылдан соң типтік негізде жаңасын саламыз,– деді.  Сондай-ақ, «Бәйтерек» күндіз болу орталығына күніне  қанша бала келетінін нақты анықтап, шығынды соған қарай есептеу керектігін ескертті. 

Бұдан кейін облыс әкімі Бейбіт Исабаев «ГУМ» сауда үйіне барды. Әкім мүгедектігі бар адамдардан сауда үйіне кіретін пандустың жоқтығына  шағым жиі түсетінін айтты. Соның бі- рі – аталмыш сауда үйі. Сауда үйінің иесі  Болат Рахимов облыс әкімінің мәселенің мәнісін анықтау мақсатындағы шақыртуына келмеген. Қаланың дәл ортасында тұрған  дүкенге келушілер көп. Кез келген адам қоғамда  толыққанды өмір сүруі тиіс. Ал, бұл орталықтағы екі есіктегі пандус та сын көтермейді. Оған қоларбамен кіріп-шығу мүмкін емес. Кезінде қалай болса солай, «көз» қылып  жасай салған.  «ГУМ-ның» есігінің алдындағы, яғни Тәуелсіздік көшесінің бойындағы дүңгіршек пандусқа тақалып қойылыпты. Қоларба тұрмақ жай адам сыймайды. Жағдайға қарап тұрып  «Басы  ауырмағанның құдаймен ісі жоқ» деген мақал еске түседі.  Сауда үйі әкімдігіндегі адамдар: «Директорымыздың шақыртуға келетін уақыты жоқ. Жұмысы көп» деп жауап берді. Бейбіт Өксікбайұлы: «Кәсіпкерлікке мораторий жарияланғанын білеміз. Бірақ, адамдықтан аттамау керек.  Кез келген адам қоғамдық орынға кедергісіз, қиналмай кіріп-шығуы тиіс. Мекеме басшылары осыған көңіл аударуға міндетті», – деп сөзін түйіндеді. Шындығында, қазақ қашанда имандылық, обал, сауапқа ерекше көңіл бөлген.  Жаны жаралы, көңілі жадау жанға араша болған. Ешкімнің құқын жемеген. Ендеше, бір қоғамда өмір сүрген адамдар неге тең құқылы болмасқа? Ел игілігін бірдей көру керек. Біз инклюзивті мемлекетпіз.  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген бар. Әр азамат қоғамға қолынан келген пайдасын тигізіп, жан-жағындағыларға  демеу жасап жүрсе. Тек, қалтасын толтырғанды  ғана ойлау адамдыққа жатпайды. Әкімдіктің мақсаты – Талдықорғанды жайлы қала  дәрежесіне  көтеру. Ол баршамыздың міндетіміз. Ендеше, Болат Рахимов сияқты кәсіпкерлер осыны жете түсінуі тиіс.

Бұдан кейін облыс басшысы Бейбіт Исабаев №18-ші Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектепке ат басын бұрды. Мұнда да ескі пандус сын көтермейді. Ұстайтын темірі  сынайын деп тұр. Жаңадан пандус салу үшін бөлінген қаржы игерілмеген. Мектеп басшылығы өздері жариялаған тендерге ешкімнің қатыспағанын айтты. Бірақ,  мұның барлығы істі созбақтау үшін жасалған сылтау сияқты көрінді. Бейбіт Өксікбайұлы: «Сен білім шаңырағының басшысысың. Ақша бөлінгеннен бері білек сыбана іске кірісуің керек еді. Біраз уақыт өтсе де істі созбақтап отырғансың. Ұйымдастыру қолыңнан келмесе жауапты міндетті мойныңа алмауың керек. Ақшаны игермеуіңнің сырын түсінбедік», – деп  мектеп директорын сынға алды. Облыс басшысы  көпшіліктің, оның ішінде  әлеуметтік қорғалуды қажет ететін тұрғындардың өтініші мен ұсынысын әрқашан назарда ұстап отырады. Бүгінгі  қаланы аралаудағы мақсат та сол еді. Келеңсіздіктердің беті ашылды. Өтініш-тілек назарға алынып, жауапты адамдарға тапсырма берілді. Орындалуы алдағы күннің еншісінде. 

Гүлжан ТҰРСЫН
 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.