Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Болжам бойынша, республиканың басым бөліктерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Таяу күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады».»Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, синоптиктер ел аумағында ауа темпратурасына байланысты айтарлықтай өзгеріс болмайтынын, кей өңірлерде дауыл тұрып, бұршақ жауады, тиісінше жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді.
Фото: көрнекілікке алынды





