Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жаркенттегі облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы оңалту орталығына айналды

27 сәуір 2023
КҮЛТӨБЕ
Жаркенттегі облыс әкімінің бұрынғы резиденциясы оңалту орталығына айналды
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркентте өңір басшысының бұрынғы резиденциясы мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту орталығы ретінде берілген болатын. Ақ сарайдың қазіргі қызметімен Sputnik Қазақстан тілшісі танысып қайтты.

Жетісу облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023Айналасы ат шаптырым аумақ былтырғы жылдың қарашасына дейін өңір басшысының демалыс орны болған. Резиденция 2013 жылы салынған. Ғимарат бір қабатты және екі корпустан тұрады. Оның жалпы ауданы 1 гектар, екі ғимарат тұрғызылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 910 шаршы метр. Бірінде облыс әкімі демалса, екінші ғимарат аудан әкіміне тиесілі болған. Ақ түйенің қарны жарылып алты айдан бері шенділердің ғимараты балалардың еншісіне бұйырды.

«Біздің мекеме 40 балаға арналған. Ал Панфилов бойынша жалпы 600-ден астам бала тіркеуде тұр, тіркелмеген балалар да бар. Кейбір ата-ана баласының мүгедектігін жасырып, тіркемей жатады. Оңалып келе жатқан балаларды ұзағырақ ұстауға тырысамыз, ал туа бітті ем қонбайтын сырқатқа шалдыққан балаларды арасында демалтып, кезекте тұрған басқа балалармен ауыстырып отырамыз. Шамамыздың жеткенінше барлық баланы қамтуға тырысамыз», — дейді «Мерей» балаларды оңалту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлназ Қыбраева.

Резиденцияда 6 жатын бөлме бар. Қонақ бөлмесі кең. Жуынатын бөлме мен жаттығу залы да ерекше. Ал қазіргі күні оңалту орталығында 6 маман қызмет етеді.

«Оны қалпына келтіруге, жиһаз бен арнайы құрал-жабдықты алуға 80 миллион теңге бөлінді. Нысан 40 адамға есептелген. Мұнда Монтессори, физиотерапия, емдік дене жаттығулары мен түрлі массаж түрлеріне арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ психолог, логопед, дефектолог, еңбекке баулу, гидромассаж кабинеті, тұз шахтасы және бассейн жұмыс істеп тұр. Балалардың емі сапалы жүргізілу үшін кейбір керек заттарды шетелдік компаниялардан алдырамыз», — деді Гүлназ Қыбраева.

Жетісу облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2023Бұрын Панфилов ауданының балалары ат арытып, жылына небәрі бір рет бір айға Астана немесе басқа жақтардағы емдік шипажайларға баратын. Қазіргі күні баласына ем іздеген көптеген ата-ана алысқа жолаушылап әуре болмайды.

«Панфилов ауданында осындай орталық ашылады деген үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті. Көптеген мәселемізді шешіп жатыр. Біздің ендігі мақсатымыз сабаққа барып жүрген балаларды осы орталықта оқытса дейміз. Өйткені бір сағатқа бола баланы ары-бері тасығанша мұғалім осы ғимаратқа келіп, баланы оқытса жақсы болар еді. Бала сабаққа бару үшін барлық емдік шараны тез-тез өткіземіз», — дейді оңалту орталығының мамандары.

Сағат 09:00-17:00 аралығында балалар осы жерде тәрбиеленеді. Арнайы көлікпен әкеліп, үйіне жеткізіледі.

«Тағы бір бұйымтайымыз күні бойы үйінде жатқаннан гөрі бала осы жерде тұрып, демалыс күндері отбасына баратын етіп жасап берсе жақсы болар еді. Оңалту орталығын түнгі уақытта да балаларға қызмет көрсететін етіп жасаса, бұдан да көп балаға емдік қызмет көрсетілер еді», — дейді мекеме басшысы.

Облыс басшысына арнап салынған заманауи ғимараттағы кейбір әсем дүниелерді оңалту орталығының мамандары балаларға арнап өз қолымен жасаған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

«Халықтық құрылыс» қаржысы қатаң бақылауға алынады: Президент мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті

Бүгін, 10:12
Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Қазақстан қонақүйлеріне жаңа стандарт енгізіледі: нені білу маңызды?

Бүгін, 10:04
Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Дәмхана мен мейрамханаларда енді қай әннің қанша рет шырқалғаны есепке алынады

Бүгін, 10:00
Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Елімізде бопсалау көбейген: ІІМ 10 айдың статистикасын жариялады

Бүгін, 09:58
Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Жетісудың алты ауданын газдандыруға 37,4 млрд теңге бөлінеді

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.