26 сәуірден бастап өңірдің автожолдарында орнатылған «VIDAR» автоматты тіркеу жүйесінің камералары штаттық режимде жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы
Сондықтан Жетісу облысы Полиция департаменті барша көлік жүргізушілерін ҚР Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында қойылған «VIDAR» АТЖ рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын жаяу жүргіншілер өткелдері мен жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде, 60 км/сағ. елді мекендерде жұмыс істейді.
«VIDAR» АТЖ орнатылған жерлер:
1. «Алматы-Өскемен» тас жолының 253 км, 3-бөлімше, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
2. Талдықорған қаласы, 7 шағын ауданы, «ГазПром» ЖҚС, жылдамдықты шектеу – 60 км/сағ.;
3. «Алматы-Өскемен» тас жолының 258 км, Пригородное ауылы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
4. «Алматы-Өскемен» тас жолының 280 км, Сарыбұлақ с/қ, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
5. Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі, «RP» ЖҚС, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
6. Талдықорған қаласы, Абылайхан-Кивилев көшесі, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
7. Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, «ВИВА» моншасы, жылдамдықты шектеу – 60 км/сағ.;
8. «Талдықорған – Үштөбе» тас жолы, Ынтымақ ауылы, айналма жолдың жанасуы, жылдамдықты шектеу – 60 км/сағ.;
9. Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, жұқпалы аурулар ауруханасы, жаяу жүргіншілер өткелі, жылдамдықты шектеу – 40 км/сағ.;
10. «Алматы-Өскемен» тас жолының 235 км, Мұқры ауылының жанасуы, «Қазавтожол» аркасы, жылдамдықты шектеу 110 км/сағ.





