Талдықорған: +35°C
$ 475.38
€ 547.73
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қылмыстың көбі ұялы телефонмен жасалады: Абайлаңыз, алаяқ!

14.04.2023
КҮЛТӨБЕ
Қылмыстың көбі ұялы телефонмен жасалады: Абайлаңыз, алаяқ!
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында биыл жыл басынан бері 121 интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл республика бойынша тіркелген 3 мың 395 алаяқтықтың 16,1%-ын құрайды.

Облыстағы 121 интернет алаяқтықтың өңірлер бөлінісіне тоқталсақ, Талдықорған қаласында 104, Текелі қаласында 2, Ескелді ауданында 3, Көксу ауданында 3, Қаратал ауданында 2, Панфилов ауданында 7 қылмыс орын алған.

Мұндай қылмыс көбіне ұялы телефон арқылы жасалады. Атап айтқанда, алаяқтар банктік ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың қажетті жеке мәліметтерін алудың түрлі тәсілін қолданады. Олар тіпті жоғары лауазымды полиция қызметкері болып, WhatsApp парақшасы арқылы қолдан жасалған құжат көрсетеді. Елтаңбалы мөрмен расталған қызметтік куәлікті, қылмыстық іс қозғау туралы қаулыны әлдебір банктің қаржы бөлімінің қызметкері кейпінде ұсынады.

Мысалы, Талдықорған қалалық полиция басқармасында А. есімді азаматтың арызы бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Арызда белгісіз тұлғалар А-ның атынан онлайн несие рәсімдеп, қомақты қаражатты заңсыз еншілегені айтылған.

Әдетте алаяқтар адамның атына несие рәсімделгені туралы ақпаратты анықтауды сұрап, банк картасындағы мәліметтерді, карточка нөмірін, картаның артқы жағында орналасқан CV кодын хабарлауды өтінеді. Сондай-ақ, көбіне WhatsApp қоңырауын пайдаланатын алаяқтарды анықтау қиынға түсіп жатады. Өйткені олар мемлекет аумағында немесе одан тыс жерде отыруы әбден мүмкін. «Колеса», «Крыша», «OLX» сынды интернет-сайттарын пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық «Instagram», «Telegram», «Facebook», «В Контакте» секілді әлеуметтік желілерге салынған мүлікті сату, сатып алу туралы хабарландыруды пайдаланып кетеді. Сонымен қатар, алаяқтар қымбат заттарды арзан бағаға ұсынып, жұртшылықты қызықтырады.

Қазір ішкі істер органдары қылмыстың осы түрін жасауға жол бермеуге бағытталған шаралар қабылдап, ІІМ атынан алаяқтықтан сақтану туралы SMS хабарлама жібере бастады. Осыған орай, ішкі істер органдары азаматтарды сақтық шараларын берік ұстануға шақырады.

Ол үшін біріншіден – банк немесе құқық қорғау қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы телефон нұсқауларын орындамаңыз. Расында құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді. Екіншіден – жекебастың деректерін, пластикалық карталардың мәліметтерін құпия ұстау керек. Ол үшін өзін тіпті банк, полиция қызметкері ретінде таныстырған тұлғаға кодтар мен кодтық сөздерді және т.б. бермеуді талап етеміз. Үшіншіден – жеке мәліметтерді белгісіз әрі тексерілмеген сайттарға, басқа көздерге жүктемеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Төлемді тауарды алған соң ғана төлеуге келісуге тырысыңыз. Мұндай қызметтерді негізі  «Қазпошта» көрсетеді. Төртінші – күмәнді келісім бойынша ақша аударымын жасамаңыз, ашық кіріс көзі көрсетілмеген қаржылық жоспардан сақ болыңыз. Бесінші – қосымша қолданбаны тек «AppStore», «Play Market» сияқты белгілі арналардан жүктеңіз. Алтыншы – ұялы телефондағы бағдарламалардың күмәнді СПАМ-сілтемелеріне, белгісіз тұлғалардан келген хабарламаға жауап беру алаяқтық құрығына түсіруі мүмкін. Жетінші – банкинг қызметіне қолданылатын құпия сөзді үнемі ауыстырып отыру, яғни, 3D қорғау, банктер ұсынатын қауіпсіздік шараларын пайдалану қажет. Сегізінші – тұлғалар есепшоттарындағы ақша айналымын жиі тексеріп отырғаны жөн екенін ескертеміз.

Құрметті оқырман, алаяқтықты болдырмау, қылмыстың алдын алу баршамыздың қолымызда екенін ұмытпайық.

Айдын Төребеков,
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Жетісу облыстық басқармасының бастығы, аға әділет кеңесшісі
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары

03.08.2026
Тарихи сабақтастық

Бірлік бар жерде…

03.08.2026
ІІМ Telegram арнадағы жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертті

Ескелді ауданында 6 айда қылмыс төмендеген

03.08.2026
Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

Шілде айында азық-түлік және тұрмыстық техника бағасы арзандады

03.08.2026
Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

Бейнеу – Сексеуіл жолы: Жаңа көлік дәлізі іске қосылды

03.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.