Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТЫ ҮШІН ТУҒАН ҰЛ

15.12.2022
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТЫ ҮШІН ТУҒАН ҰЛ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісудан» хабарласқанымызды айтқанда бұл газетке құрметі ерекше екенін білдіріп, кездесуге қуана келісті. Себебі желтоқсан көтерілісі жайлы әйгілі фотосуретте сот үкімін қасқая тыңдап тұрған төрт жігіттің бірі осы Түгелбай Тәшенов болатын. Сол суретті жариялаған батылдығы үшін «Жетісу» газетіне алғысы шексіз екенін редакцияға жеткізуімді өтінді. Бұрынғы Шамалған бекеті, қазіргі Жібек жолы ауылындағы үйінің сыртында күтіп тұр екен, ішке кіргенше-ақ сұрақтарымызды бастап жібердік.


– Түгелбай Тұрманұлы, үйіңіз ауылдың орталығында әрі ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептерге, ауыл әкімшілігіне жақын екен. Олар сізді желтоқсан қаһарманы ретінде кездесуге шақыра ма?
– Алғашқы жылдары шақыратын, қазір қойды.
– Неге?
– Себебі мен «желтоқсан» туралы қайталап айта беруден жалықтым. Бірер жыл бұрын Қаскелеңде аудан әкімінің қабылдауына шақырды. Бардым. «Желтоқсаншылармыз» деген жиырмадай адам жиналыпты, бірін де танымаймын. Оларға сөз бергенде баспана, жер сұрап, ұсақ-түйек дүниелерді қозғағанына қынжылдым. Кезегім келгенде бұрыннан маза бермей жүрген Қазақ елін қалай өркендету туралы жобамды айттым. Үнсіз тыңдап, не дұрыс, не бұрыс демеді. Егер мақұлдамасаңыздар айтпай-ақ қояйын десем, «Айтыңыз, айтыңыз» дейді. Содан әкімшілік қызметкерлерінің ұсынуымен жазбамды тапсырдым. Хабар жоқ.
– Ол сізді соттағанда жастарды ұйымдастырушы деп айып тағуға себеп болған жоба ма? 
– Иә, мені алғашқы тергеу кезінде Савицкийдің өліміне қатысы бар деген айып таққанымен, оны дәлелдей алмады ғой. Куәгер деп әкелген адамы мені мүлде танымайтын болып шықты. Артынан, «психикасында ауытқуы бар» деп психдиспансерге апарып тастады. Сол кезде жатақханадағы бөлмеме тінту жүргізіп, ұлттық салт-дәстүрге қатысты жазып жүрген жобам болатын, соны тауып алыпты. «Қазақ ауылы қандай болу керек?» деген сәулетшілік сызбада үлкен әріптермен «Қазақ», «Қазақ» деген сөздер бар еді. Содан кейін мені психдиспансерден шығарып алып, «нағыз ұлтшыл» деп, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің абақтысына  қамады. Енді алаңға шыққан жастарды ұйымдастырушылардың бірі деген айып тақты. Оған қоса  Савицкийдің өліміне қатысың бар деген әңгімені қайта бастады.
– Жатақхана. Алаң. Осыларды басынан бастап еске түсіріңізші. Себебі бұл туралы баспасөзде жарияланғанымен, әлі де білмейтіндер көп.
– Ол кезде Алматы құрылыс техникумының кешкі бөлімінде 3-курста оқимын. СМУ деген мекемеде құрылысшы болып қосымша жұмыс істейтінмін. 16 желтоқсан күні түнгі кезекте жұмыста болғанымда Қазақстан басшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметтен алып, орнына ешкім білмейтін, республиканың ішкі-сыртқы жағдайынан мүлдем бейхабар Колбин деген адамды сайлағанын естідік. Біраз қазақ жігіттері Мәскеудің бұл шешіміне наразылығымызды айттық. Бірақ ол жерде алаңға шығу туралы әңгіме болған жоқ. Жұмыстан таңертең келсем, жатақхананың алдында жүзге тарта қыз-жігіт жиналып тұр екен. Сұрастырсам, сол кешегі Мәскеудің шешіміне наразылық ретінде алаңға шықпақшы. Мен де бірден қосылып кете бардым. Алаңға Шәмші Қалдаяқовтың қазіргі Әнұранымыз – «Менің Қазақстаным» әнін хормен шырқап бардық. Алғашында жастар тек бейбіт түрде наразылық білдіріп тұрды. Артынан Қарулы Күштер мен милиция келіп, күшпен тарқата бастады. Жастар да қарсылық танытып, екі жақты қақтығыс басталып кетті.

– Қайрат Рысқұлбеков екеуіңізге кісі өлтірді деген айып қалай тағылды?
– Қақтығыс кезінде тәртіптік жасақтың мүшесі болып жүрген Сергей Савицкий деген адам басынан қатты соққы алып, ауруханада қайтыс болыпты. Соған Қайрат екеумізді кінәлады.  Олардың айтуы бойынша, Қайрат  екеуміз оны  өлімші етіп сабап, есінен тандырып тастаппыз. Алты айға жуық созылған тергеу мен сот ісі екеумізді де бірдей кінәлі деп тауып, ату жазасына кесетін болды. Бірақ соңғы сот отырысында сол күні алаңда болған, менімен бірге жұмыс істейтін екі жігіт куә ретінде шақырылды. Солар менің өздерімен бірге жүргенімді, Савицкий  соққыға жығылған уақытта басқа жақта болғанымызды айтып, куәгерлік берді. Айыптау бойынша, қайтыс болған адам Сәтпаев пен Желтоқсан көшесінің қиылысында соққыға жығылған. Шатаспасам, өзі сол маңдағы Қазақ радиосында ма, телевизияда ма жұмыс істепті. Ал менің және екі куәгерімнің айтуы бойынша, ол кезде біз Фурманов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болғанбыз. Содан кейін барып менен ол айып алынып тасталып, іс бұзылды. Бірақ алаңға барғаным үшін 15 жылға бас бостандығымнан айырды. Кейіннен Қайраттың да ол іске қатысы жоқ екені дәлелденіп, жазасы 20 жылға сотталумен ауыстырылды. Оған бір қазақ қызына араша түсіп, милиционерді ұрғаны үшін деп айып тағылды ғой деймін. Артынан сот үкім оқығанда екеумізге де бірдей алаңға шыққан жастарды ұйымдастырғанымыз үшін жаза тағайындалғанын естідім.

– Сізді өлім жазасынан сақтап қалған сол екі куәгер кім еді, қазір қайда?
– Бірі Аманқос Есбосиев деген жігіт, оған 4 жыл кесілген, қазір Қаскелеңде тұратын болуы керек. Екіншісі, осы ауданның жігіті еді, Мұхамедқұл Жолтай деген, Алмалыбақ ауылында тұратын. Ол да 7-8 ай қамауда отырды. Қазір арамызда жоқ, қайтыс болған. 
 – Қамауда неше жыл отырдыңыз? Қалай ақталдыңыз? Бостандыққа шыққан соң Дінмұхамед Қонаевқа барыпсыз ғой?
– Бес жыл отырып, 1992 жылы ақталып шықтым. Себебі сол жылы Жоғарғы Сот Қайратты толықтай ақтады. Содан кейін Қайратпен бірдей кінә тағылған мен де ақталдым. Шымкенттегі түзеу мекемесінен босап шыққан соң Алматыға келдім. Бұл жақта ешқандай ағайын-туыс жоқ. Ата-анам мен бауырларым Қарақалпақстанда қалған. Не де болса деп сол кезде зейнеткерлік демалыстағы Дінмұхамед Қонаевтың үйіне іздеп бардым. Ондағы ойым, жағдайыммен қоса жоба туралы айтып, ақыл сұрау еді. Ол кісі сондай жылы қабылдап, біраз әңгіме айтты. «Әттеген-ай, балам, қызметтен кетпегенімде біржақты қылар едім, енді мұның жарыққа шықпайды-ау» деді жобамды айтқанымда. Сосын менің көзімше сол кездегі Жазушылар одағының төрағасы, ақын Олжас Сүлейменовке телефон шалып, маған қандай да бір көмек көрсетуін өтінді. Артынан Олжас Сүлейменов қабылдап, Алматыдан екі бөлмелі пәтер сыйлады.

– Ол үйді сатып жіберіпсіз, неге? Отбасыңыз туралы айтыңызшы.
– Бес-алты жыл тұрғаннан кейін ақша керек болып саттым. Себебі ата-анам, бауырларымды Қазақстанға көшіріп әкелу керек болды. Біз тоғыз ағайындымыз. Әке-шешеме осы маңнан бір үй сатып алып, көшіріп әкелдім. Екі ағам, екі інім, екі әпкем, екі қарындасым бар, бәріміз бір жерде тұрайық деп осы ауылға орналастық. Қаладағы үйім «Жетісу» ықшамауданында еді, кейін қайта сатып аламын деген ойым орындалмай қалды. Шешем ертерек қайтыс болды, әкемді жақында соңғы сапарына шығарып салдық. Ал бұл пәтер үлкен қызымдікі. Төрт отбасыға арнап ұзыннан-ұзақ салынған бұрынғы үй, арғы бастарында бізден басқа үш отбасы тұрады. Үш қызым бар – Гүлшат, Анжела, Арай, бәрі тұрмыста, бөлек тұрады, – деген ол қайтадан жоба туралы айтып кетті.

– Жеріміз үлкен, халқымыз аз. Кең-байтақ қазақ жерін игеріп, кәсіп ашып, жұмыссыздықты болдырмау – қазіргі басты мақсатымыз болуы керек. Құрылыс техникумында «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығына оқып жүргенімде оны «Қазақ отбасын өркендетудің тұжырымдамасы» деп атаған едім. Елді жан-жақты дамытумен бірге ұлттық бет-бейнемізді сақтап қалудың жоспарын жасағанмын. Сондықтан тұжырымдама десек те болады. Жеті тармақтан тұратын, нақты дәлел-дәйектермен жүйеленген ойларымды абақтыда жатқанда қайта жазып шыққанмын. Одан кейін де ізденістерімді тоқтатпай, оншақты жыл бұрын толық аяқтадым. Қазір дайын. Жобамда жерасты байлығын қалай игереміз, ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтап қалуға болады, жалпы елдің жағдайын бұдан да жақсы деңгейге қалай көтеруге болатыны айтылған. Қайбір жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қолдау білдіруін сұрап хат жазғанмын. Артынан түрлі министрліктерден жауаптар келді. Өте ауқымды жоба екен, оған қаржы қарастырылмаған деді, ақыр аяғы сол ортадағы шенділердің немқұрайды қарауынан сиырқұйымшақтанып кетті. Содан «Ақ жол» партиясының Талдықорғандағы бір жиынына келгенінде Алтынбек Сәрсенбаевқа көрсетіп едім, таң қалып, қолға алатынын айтты. Дер кезінде қолымызға тиді, елді алға бастыратын нағыз жоба екен деп, бір көшірмесін алып қалған. Бірақ бір айдан кейін өзі қайтыс болды. Ол кезде мен партияның Қарасай ауданындағы үйлестірушісі едім. Әлі де қолдау болса, сол жобамды жүзеге асырсам деймін. Ол Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін пайдасы зор болар еді. Жатсам-тұрсам осы ой маған маза бермейді. 

– Әлі де түсінбей отырмын, нақты мысалдар келтіріңізші.
– Ұлан-ғайыр қазақ жерінің әр аймағы әртүрлі. Қазба байлығы көп жерлерде өндіріс орындарын ашсақ, шөлейтті жерлерге зауыт-фабрика салып, жері құнарлы, суы мол жерлерге халықты тығыздау орналастырып, егін, мал шаруашылығымен айналысуға болады. Менің жобам бойынша еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы былай болу керек: елдің астанасы және 4 бас қала, 32 облыс. Әр сегіз облысқа бір бас қаладан келеді. Бір облыста 12 аудан, 1 ауданда 12 ауыл, 1 ауылда 12 бөлім, 1 бөлімде 12 кооператив, 1 кооперативте 32 отбасы. Әр ауылдың өзінің әлеуметтік нысандары, мешіті, Мәдениет үйі болса, олар орталықтандырылған кәріз жүйесімен, су, газ, электр желілерімен қамтамасыз етілсе, сөйтіп қаладағыдай жағдай жасалса. Сонда Еуропа елдеріндей дамудың жолына түсер едік.  Жобамды Әділет министрлігінің авторлық құқықтар жөніндегі құзырлы органына тіркетіп, 2000 жылы авторлық құқық та алғанмын. Осы жоба тиісті орындарда мақұлданып, еліміз өз жолымен дамыса деймін. 

Мен сондай болғанмын деуге жоқ, ұлттың болашағын көксеген ой-арман мазалап жүрген кейіпкеріміз осылай дейді. Бұдан 36  жыл бұрын қамауда өлім жазасын күтіп жатқанда ол қандай күйді басынан кешті екен деп ойлаудың өзі қорқынышты. Сол оқиғалардың бүге-шігесін білмек болған сұрақтарымызды жақтырмаған сыңай танытып, аталған ұлттық идеясына ойыса бергеннен кейін одан әрі қазбаламадық. Құдай қосқан жары Зиба жеңгей болса тіптен сөзге жоқ екен. Отағасының қас-қабағына қарап, жағдайын жасап, отбасы жылуын сақтап отырған мейірімді жан екенін байқадық. Түкеңде тұрақты жұмыс жоқ, әртүрлі уақытша жұмыспен күнелтіп жүр. Зейнетке шығуға әлі екі жыл бар. Сонда да қыңқ демей, кесек мінез танытқан Түгелбай Тәшеновті теңдік күрескеріне теңеуге болады екен-ау деген оймен қайттық шаңырағынан.  

Серік САТЫБАЛДИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.