Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шекара шебінде өткен шаралар

28 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Шекара шебінде өткен шаралар

GOV.KZ

WhatsAppTelegramFacebook

Ел шебінде жүрген бүгінгі батырлардың тыныс-тіршілігінен аздаған ақпарат беру, олардың рухани өмірінде орын алып жатқан жаңалықтарды оқырманға ұсыну да өзекті. Бұл орайда біз ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысты бойынша департаменті жолдаған бірқатар жаңалықты екшеп, негізгілерін тізбелеп шығуды жөн санадық, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Айталық, жуырда «Қорғас» шекаралық басқармасының жеке құрамымен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында әскери тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері түсіндірілді. Бұл іс-шара жеке құрам арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, әскери тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

«Басқан» – қырағылық мекені

Аталмыш департаменттің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Басқан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Бөлімше жеке құрамы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында шекара заңнамасын түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Оған қоса «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесі арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы 3 жылда бөлімшенің жауапкершілік учаскесінде шекара режимін бұзған 40-қа жуық азамат заң талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде аға лейтенант Жаннұр Құлжабаев басқаратын «Басқан» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері қалыптасқан жауынгерлік дәстүрді лайықты жалғастырып, мемлекеттік шекараның тыныштығы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет атқаруда.

Мамандығын мақтан тұтқан

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Екіаша» шекара бөлімшесінің аға нұсқаушысы, ефрейтор Еламан Төлепбеков мемлекеттік шекараны күзетуде кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп келеді. Қызметтік кинология саласын жетік меңгерген әскери қызметші «Үздік кинолог» атағына ие болған.

Еламан Төлепбеков қызметтік иті Ховардпен бірге мемлекеттік шекараны күзету кезінде бірнеше құқық бұзушыны анықтап, ұстауға қатысып, із кесу жұмыстарында жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар  бөлімшенің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді араласып, волейболдан жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Әріптестері құрмет тұтатын тәжірибелі әскери қызметші бүгінде мемлекеттік шекараны күзету ісіне сүбелі үлес қосып, жас шекарашыларға үлгі болып келеді.

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.