Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТ МӘЙЕГІ – МӘДЕНИЕТ

14.12.2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру жолында облысымыздың барлық аудандарында, елдімекендерінде қолдау тауып, ауылдық Мәдениет үйлер мен клубтардың, кітапханалар мен музейлердің жұмысын жандандыру мақсатында жыл сайын «Ауылым – алтын бесігім» байқауы тұрақты өткізіліп келеді.


Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 5-14 қазан аралығында өрнек тапқан байқаудың Гала-концерті І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтті.

Аталмыш рухани бәйгенің жүлдегерлерін марапаттаған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли ұлт мәйегі болған мәдениет туралы толғамын ортаға салды. Сөз барысында ол жасанған заман, жаңғырған қоғамда ел экономикасымен қатар, халықтың ішкі мәдениеті, рухани күш-қуаты берік болуын айтты. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі өнер мен мәдениетке, руханиятқа жанашыр жандарды қашанда қолдау керегін атап өтті.

 «Ауылым – алтын бесігім» облыстық байқауы биыл да дәстүрлі сүрлеуден ауытқыған жоқ. Құрамында мәдениеттің маңызын түсінген сақа сарапшылар бар қазылар алқасы аймақтағы аймаңдай өнер ордаларының жетістігін сыннан өткерді. Айтап айтсақ, Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Айгүл Сәбитова, С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың аға кітапханашысы Ғалия Ешенова, облыстық көркемсурет галереясының директоры Қайрат Қаблисанов,  М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Арман Қуандықов, халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асқар Нұрмұхаметов сынды мәдениет майталмандары байқауды бағалап, қазылық етті.

Осылайша рухани аламанда жүлдегер деп танылған мәдениет үйлері мен кітапхана, музейлер және жекелей тұлғаларға облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли салтанатты түрде марапатын табыс етті. Атап айтсақ, арнайы аталымдар бойынша Өтенай ауылдық округінің әкімі Жаннұр Әбішев «Өнер жанашыры»  деп танылып, 300 мың теңгенің сертификатына ие болды. Қаратал ауданындағы Абай атындағы орта мектеп «Үздік балалар хоры», Текелі қаласы, Металлург шағын ауданы клубының халықтық «Абзал ана» әжелер ансамблі, «Қазыналы қариялар», Панфилов ауданына қарасты Талды ауылдық Мәдениет үйі «Үздік пролог» аталымына ие болып, музыкалық орталықпен марапатталды. Ал Қаратал ауданы, Қанабек ауылының тұрғыны Күләйхан Сағынбаева «Үздік қолөнер шебері», облыс орталығына қарасты Еңбек ауылдық кітапханасы «Үздік кітап көрмесі» аталымы бойынша марапатталып, 200 мың теңге қаржылай сыйақыға ие болды.

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша ынталандыру жүлдесін Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылдық Мәдениет үйі және  Көксу ауданындағы Талапты ауылдық клубы еншілеп, 300 мың теңгені қанжығаға бөктерді. Ал  Сарқан ауданы, Шатырбай ауылдық Мәдениет үйі ІІІ орын иегері деп танылып 300 мың теңгені иеленсе, Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылдық Мәдениет үйі ІІ-орын, Алакөл ауданындағы  Қабанбай ауылдық Мәдениет үйі І-орын иегері саналып, дыбыс аппаратурасымен мерейленді.  Бас жүлде ­–  дыбыс аппаратурасы және 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен  Ақсу ауданы, Ойтоған ауылдық клубы марапатталды.

Кітапханалар бойынша Текелі қалалық және Қаратал ауданындағы Қанабек ауылдық кітапханасы ынталандыру сыйлығын иемденді. ІІІ орын Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылдық кітапханасына бұйырды. Қабанбай ауылдық кітапханасы ІІ орын, Кербұлақ ауданындағы Шанханай ауылдық кітапханасы І орын иегері деп танылды. Музейлер бойынша ІІІ орын Ақсу ауданы, Ақын Сара мемориалды музейіне, ІІ орын Сарқан ауданындағы М. Төлебаев мемориалды музейіне, І орын алакөлдік Лепсі тарихи музейіне берілді. Аталғапн кітапхана мен музейлер 200-300 мың теңгемен, музыкалық аппаратураға ие болды.

«Балалар жылы» аясында өткен «Ауылым – алтын бесігім» ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтары арасында өткен байқаудың марапаттау рәсімінен кейін көпшілік арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. Онда сегіз аудан, екі қаладан келген жетісулық өнерпаздар ән салып, күй шертісті. Мың бұрала билеп, киелі жердің сахнасын өнермен асқақтатты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Шекара шебінде өткен шаралар

Шекара шебінде өткен шаралар

28.07.2026
Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасау басталды

28.07.2026
Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.