Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Газет сөзі – халықтың үні

07.12.2022
КҮЛТӨБЕ
Газет сөзі – халықтың үні
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың жер- ұйық мекені Текелі ежелден мал мен жанға жайлы, сулы, нулы жер. Өнеркәсібі өркендеп, өндірісі дамыған моноқаладағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын білу үшін ат басын Текелі қаласына бұрдық.

Баспасөзге жазылуға байланысты Текелі қаласына барған «Jetіsý» газетінің тілшілеріне моноқала әкімі Алмас Әділ өңірдің тыныс-тіршілігін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. Сонымен қатар, өзі бір күндік, сөзі мың күндік ата басылым жайлы кеңінен әңгімеледі.
– Күнделікті баспасөзді бір шолып, әлем, дүние дүрмегіндегі жаңалықтарды, елдегі оқиғаларды тыңғылықты оқып, ой түю – менің бойымда бала күннен қалыптасқан әдет. Жастайымыздан газет-журналды жаздырып оқуды отбасымыздың тәрбиелік дәстүрі ретінде әкем бойымызға сіңірді. Бүгінде заманауи технологияның шарықтап дамыған кезінде де баспадан басылып шыққан газетті саралап, әрбір мақаланы үнемі қадағалап оқып отырамыз. Әсіресе, өңіріміздегі жаңалықтар туралы толыққанды ақпараттар мен тарихи тың деректерді, ойы оралымды әдеби шығармаларды облысымыздың «Jetіsý» және жергілікті «Текелі тынысы» газеттерінен оқу дағдымызға айналған. Дегенмен де, қазіргі кезде ширақ та жедел ақпарат әлеуметтік желіде көп әрі тез тарайтыны жасырын емес. Сондықтан қоғам ақпаратты көбінесе ғаламтор арқылы алып жатады. Сауалын да, өзекті мәселесін де интернетке жариялай салу үрдісі басым. Заман ағымына ілескен ресми ақпарат көздерінде жарияланған дүниенің дұрысын екшеп, нақты дерекке, дәйекке сүйеніп жазылған ақпаратты қабылдаған абзал дер едім. Бұл орайда да, «Jetіsýdyń» арнайы желілік басылымында шыққан материалдар, облыс жаңалықтары, тәрбиелік-танымдық мақалалар көпшілік оқырманның қажеттілігін қанағаттандырып отыр десек, артық айтқандық болмас. «Қару күшті емес, қару ұстаған күшті» дейді. Демек, білікті, қарымды біліміңмен биік боласың. Бәріміздің міндетіміз – халыққа адал қызмет. Бүгінгі қоғамның талабына сай пайыммен, ақыл-парасатпен жаңа құндылықтарды орнықтырып, жақсы қасиеттерді дамытуда Алаш ардақтысы  Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» бола білетін, билік пен азаматтық қоғам арасындағы алтынкөпір іспетті баспасөздің беделі биік екендігі даусыз. Өркениеттің өріне ұмтылған ұлтымыздың ұстанымы  өңірлік басылым «Jetіsý» газетінде ұтқыр да ұшқыр қаламмен шынайы бедерлене береді деп сенемін, – деп Алмас Қабдолұлы ыстық ықыласын білдірді.
Осыдан кейін, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жуырда моноқаланың әкімі болғанына 100 күн толады. Қаланы небары үш айдан астам уақыт басқарса да атқарып жатқан шаруалары аз емес. 
Тарихы терең, тынысы кемел қаламызға биыл 70 жыл толды. Бастапқыда жұмысшылар поселкесі деп құрылған Текеліде қорғасын-мырыш комбинаты бой көтеріп, Екінші дүниежүзілік соғыста зауыт құрышынан құйылған оқтың жауды тізерлеткені тарихтан белгілі. Бүгінде жаңа тыныс, жаңа леппен даму жолына түскен Текелі тау туризмімен, мәрмәр, гранит өнеркәсібімен өлкенің өркендеуіне үлес қосып келеді. Биылғы 10 айдағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,8 млрд. теңгені құрады. Қалада 42 өндірістік кәсіпорын бар. Жуырда ғана темірді тікелей қалпына келтірумен айналысатын тәжірибелік зауыт іске қосылды. Шағын және орта бизнес саласынан түскен салық көлемі 1,9 млрд. теңге. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында 89,6 млн. теңгеге  8 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді. «Нұрлы жер» жобасымен 40 пәтерлі тұрғын үй бой көтеріп жатыр. Инфрақұрылымды жасқарту мақсатында тұрғын үй аулаларындағы жылу жүйелері жаңғыртылып, газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. 
Мемлекет басшысының  өңірімізге іссапары кезінде міндеттеген тапсырмаларының қатарында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету болатын. Ол басты назарда. Аталған мәселені іске асыру бойынша «қолданыстағы ұңғымалардан инженерлік сумен жабдықтау желілерін салу» жобасы әзірленді. Ағымдағы жылы бөлінген қаражатқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, негізі ауызсу мәселесі 2023 жылдың соңына дейін шешілетін болады. Республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.   

Кездесу соңында Алмас Әділ «Jetіsý» газетін барынша қолдайтынын айтып, ата басылымның ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Айдар ҚАЛИЕВ,
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Алакөлдегі алаңсыз күндер

Алакөлдегі алаңсыз күндер

28.07.2026
«Бес тапалдың» бірі еді…

«Бес тапалдың» бірі еді…

28.07.2026
Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

Алаяқтың жаңа айласы: Коммуналдық қызмет өкілі қоңырау шалса не істеу керек?

28.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Елдік дәстүрдің өзегі

28.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Тиімді диалог алаңы

28.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.