Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕРЗІМІНЕН КЕШІККЕН НЫСАН КӨП

05.12.2022
КҮЛТӨБЕ
МЕРЗІМІНЕН КЕШІККЕН НЫСАН КӨП
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ескелді ауданындағы бірқатар нысандарды аралаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов мерзімінен кешігіп, жергілікті жұртшылықтың шағымын тудырған құрылыс компанияларының басшыларына ескерту жасады.


Алдымен Ақтұма ауылын таза ауызсумен қамтамасыз етуі тиіс жаңа нысанның құрылысын жүргізіп жатқан «Монолит» ЖШС-нің жұмысымен танысуға барған арнайы топты сол ауылдың тұрғындары Назарбай Барменқұлов пен Тоқтарбек Қуатбеков күтіп алып, 4 жылдан бері пайдалануға берілмей отырған су жинақтау нысанының кемшілігін жайып салды. Олардың айтуынша, 2018 жылы құрылысы басталуы тиіс нысанның жұмысы биыл басталған. Сол аралықта бірнеше бригада жұмыс істемек болған, алайда еш нәтиже шықпай отыр. Енді қыс түсіп, қар басқан уақытта бетон құйып, су жинақтау орнын салу, құрылыс сапасына кері әсер етеді. Қазір құйылған бетон көктемде тоңмен бірге жібіп, жарылуы мүмкін. Сөйтіп, құны 178 миллион теңгенің жобасы түкке жарамай қалады. Оның үстіне бірнеше рет жер астынан су шығармақ болған серіктестік жұмысшылары ақырында Кеңес одағының кезінде қазылған құдықтан су ала бастаған. Оған дейін ауыл тұрғындары серіктестік басшылығына судың жай-жапсарын ескерткен. Алайда жоба бойынша жер астынан су шығаратын құдық қазу жоспарланған. Бірақ жобалаушылар ешқандай геологиялық барлау жүргізбеген. Соның кесірінен уақыт текке кетіп, ауыл тұрғындары арықпен келетін суды ішіп отыр. Таудан шыққан бастаудың суы таза емес. Жауапсыздыққа төзбеген тұрғындар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне шағым түсірген.

Осыған орай түсініктеме берген «Монолит» ЖШС-нің басшысы Советхан Шалимбековтің айтуынша, серіктестік 2021 жылы алған жобадағы көрсетілген жерлерден су шығаратын құдық қазу жұмыстары нәтижесіз болған. Яғни, белгіленген жерлерден су көзі табылмаған. Соған байланысты бұрынғы құдыққа сорғы орнатылып, су жинақтау мұнарасы салынған. Енді 15 желтоқсанда ауыл тұрғындарына таза ауызсу беру жоспарланып отыр. Жобаның 90 пайыздық жұмысы аяқталыпты. Ауыл ішіне 2 шақырым 600 метр құбыр жүргізілген. Ескелді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция бөлімі тапсырыс берген жоба биыл маусым айында бітуі тиіс болатын. Ал, кеңестік кезеңнен қалған ұңғымада қанша су қоры бар екені белгісіз.

Бұдан кейін департамент басшысы бастаған журналистер тобы Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында орналасқан «Жеңіс» саябағының құрылысымен танысуға барды. Саябақты жасауға тапсырыс берген ауылдық округ әкімінің аппараты. Ауыл әкімі Берік Дүйсебаевтың айтуынша, 1 200 метрлік саябақ жұмыстары 2021 жылы басталған. Жобалық-сметалық құжаттарын жасауға 610 миллион теңге жұмсалған демалыс орнын толық жасауға 549 миллион қарастырылған. Осыншама мол қаржы жұмсалуы тиіс нысан биыл тамыз айында бітуге керек болатын. Осы уақытқа дейін 70 пайызы аяқталған нысанның құрылысы тек көктем шыға жүреді. Себебі, қар басып қалған. Жалпы, жоспар бойынша қалың ағаш өскен саябаққа үш спорт алаңы, жаяу жүргіншілер жолы, балаларға арналған ойын алаңдары салынып, әсемдік ағаштары отырғызылуы тиіс. Алайда саябақ толық аяқталмай тұр. Осыған орай ауыл әкімдігі мердігер мекемені сотқа берген. Соттың шешімі бойынша жұмысын бітірмеген серіктестік айыппұл төлеп, межеленген міндетін аяқтауы тиіс.

Мәселеге түсініктеме берген «Монолит» ЖШС басшысының көмекшісі Асылбек Сәмбетұлының айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама жасаушылар қалың ағашты кесу, шұңқырларды топырақпен толтыру секілді жұмыстарды жобаға кіргізбегендіктен мердігер мекеме уақыттан ұтылған. Оның үстіне, сол кездегі құрылыс материалдарының бағасы қазір екі есеге қымбаттап кеткен. Осындай күтпеген кедергілер ауыл көркін кіргізуі тиіс саябақтың құрылысына тұсау салып отыр.

Бұдан соң Алдабергенов ауылына таза ауызсу шығаруы тиіс ұңғыма мен су жинау мұнарасының құрылысын тексеруге барған топқа түсініктеме берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов уақытында пайдалануға берілмей тұрған нысандарды тексеру аймақтағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты жұмсалып отырғанын қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Ең басты мақсат – жергілікті тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, халықтың игілігіне жұмыс істейтін нысандардың пайдалануға берілуін қамтамасыз ету. Ескелді ауданындағы жұртшылықтың наразылығын тудырып отырған проблема – таза ауызсу мәселесі. Мысалы, Ақтұма ауылына су жүйесін тартуға, халықты таза ауызсумен қамтамасыз етуге бюджеттен 178 миллион теңге қаржы бөлінген. Соның 95 пайызын «Монолит» ЖШС игерген. Биылғы маусымға бітуі тиіс су жүйесі пайдалануға берілуі керек болатын. Алайда су әлі жоқ. Осыған орай аудан, облыс әкімдіктерінің назар аударуын сұрап отырмыз. Біздің сұрауымыз бойынша әкімдік мердігер мекемені сотқа берді, – деген Мақсат Мырзаханұлы мұндай тексерулер толастамайтынын, мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсаған серіктестіктер жауапкершіліктен қашып құтылмайтынын жеткізді.

– Сонымен қатар, Алдабергенов ауылын таза ауызсумен қамтамасыз ететін сорғы мен жинақтау мұнарасын салуға, көшелерге су жүйелерін тартуға 800 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазір мердігер компанияға 100 миллион теңгесі бөлінген. Алайда 70 миллион теңгенің жұмысы жасалған. Осының бәрін назарда ұстап отырмыз.

Департамент басшысының айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындау кезінде салынатын нысанның кейбір ерекшеліктері ескерілмей қалып жатыр. Соған байланысты сараптау, тексеру жұмыстары жүруде. Егер жоба жасаушылардың өз ісіне немқұрайды қарағаны анықталса, жауапкершілікке алынады.

Мәди АЛЖАНБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.