Талдықорған: +35°C
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ

05.12.2022
КҮЛТӨБЕ
ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен аптада ауа райының күрт өзгеріп, жел күшейіп, жауын қарлы боранға айналып, Кербұлақ ауданының 13 елді мекенінде электр қуатының апаттық сөнуіне себеп болды. Нәтижесінде  Онжас, Талдыбұлақ, Шұбар, Аралтөбе, Көктал, Қосағаш, Беріктас, Қаспан, Шаған, Водное, Сайлыкөл, Көксай, Күреңбел ауылының тұрғындары электр қуатынсыз қалды. 


Тұтынушыларға электр қуатын беруді тездету мақсатында  табиғи апаттан болған зардаптарды қалпына келтіру үшін 21 қарашада апат бола салысымен «ТАЭТК» АҚ-ның электр беріліс желілері және Сарыөзек, Көксу электр желілері қызметкерлерінен арнайы  топ жасақталып, қалпына келтіру  үшін 10 техника, 38  жұмыскер жұмылдырылды. Осы жұмыстарды  «ТАЭТК» АҚ-ның техникалық директоры Дәулет Шабденұлы, Сарыөзек электр желілерінің бастығы Ержан Ермекұлы  ұйымдастырып, күні-түні жұмыскерлердің қасында болып, қалпына келтіру жұмыстарын бақылады.

Аталған елді мекендерде ағаштар сынып, желілерді үзіп, бағандарды құлатты. Бір ғана Аралтөбе ауылында  желі  80 жерден  үзілді.

Апаттық-қалпына келтіру бригадалары  тәулік мезгіліне, ауа райының қолайсыздығына қарамастан таңғы сағат 5-ке дейін  жұмыс істеді. Әрине, тас қараңғыда, күннің  суығында  жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жасау оңай болған жоқ. Оның үстіне  1 метрден аса жауған қардың қалыңдығы электр жөндеушілердің  елді мекен сыртындағы апат орнына жетуіне кедергі болды.  «ДТ-75» тракторы, «ЗИЛ-131» автомашиналары ондай қарда жүре алмады. Тіпті, атпен жүру де мүмкін болмады. Жаяу, шаңғы, тағы басқа тәсілдермен  10-12 шақырым қашықтағы электр  желілеріне барып, жөндеу  жұмыстарын жасады. Біздің жұмыскерлердің табандылығы арқасында елді мекендерге электр қуатын беру бір шама тездетілді.

Сол күндері апаттық жағдайды әлеуметтік желіге салып, «неге  тездетіп электр қуатын бермей жатырсыздар?», – деп шыдамсыздық танытып, байбалам салғандар болған жоқ. Бәрі түсінушілікпен қарап, тұрғындар жұмыскерлерге түнгі уақытта ыстық тамақ беріп, үйлеріне қондырып, жанашырлық көрсетті. Олардың пейіліне, мейіріміне мың алғыс айтамыз.

Ерекше алғысымызды Шұбар ауылдық әкімшілігіне  айтқымыз келеді. Олар күні-түні  апаттық бригадалардың жанында жүріп, оларды ыстық тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз етіп, бар жағдайды жасады.

«ТАЭТК» АҚ ұжымының қызметкерлері бар мүмкіншіліктерді қолданып елді мекендерге электр қуатын барынша тезірек беруге тырысты. Апатты қалпына келтіру жұмыстары 5 күнге созылды. 25 қараша күні сағат 17.00-де  Кербұлақ ауданының барлық елді мекеніне электр қуаты берілді. Келесі  күні елді мекендердегі  жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жарықты сөндірусіз жалғастырылды.

Тағы бір айта кететін жай, апаттық-жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына қажетті материалдардың  жеткілікті болуы,  сонымен қатар жұмылдырылатын техникалардың  сақадай сай тұруы, апат салдарын жою мезгілін қысқартты.  

Бұл табиғи апат «ТАЭТК» АҚ жұмыскерлерінің төтенше жағдай кезінде әрекет ету  қабілетін тексеру болды деуге де негіз бар.

Әдетте  осындай жағдайлардан сабақ алып жатамыз. Біздің тарапымыздан аудан әкімдеріне  бірнеше рет электр беру желілерінің күзет аймақтарына жақын жерде орналасқан ағаштарды тексеріп, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін санитариялық кесуге жататын ағаштардың бар-жоғын анықтап  шара қабылдау туралы  хат жазылған  болатын. Мүмкін дер кезінде шара қабылданса, құлаған ағаш саны аз болар ма еді.

Апат айтып келмейді. Әрқашан да дайын болайық!

С. Демидов,
 «ТАЭТК» АҚ-ның
басқарма төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

Еңбек ұжымымен пікір алмасты

27.07.2026
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел еңбек етіп жүр

27.07.2026
Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

Тарихи атаудың саяси салмағы қандай?

27.07.2026
Заман талабына сай жаңғырған

Заман талабына сай жаңғырған

27.07.2026
Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

Сарқан саябағында спорттық-мәдени шара өтті

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.