Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨҢІР ТАРИХЫНАН СЫР ТАРТҚАН…

28 маусым 2022
РУХАНИЯТ
ӨҢІР ТАРИХЫНАН СЫР ТАРТҚАН...
WhatsAppTelegramFacebook

Жақында Іле ауданына қарасты Ақши ауылында «Киелі Күрті жері» деп аталатын жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Бұл шара бұрынғы Күрті ауданының құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 

Оған ауданды құруға, дамытып, өркендетуге еңбегі сіңген ел азаматтары шақырылды. Кең-байтақ еліміздің әр қиырынан туған жер, өскен өлкеге деген сағыныштарын арқалап жеткен перзенттер бір-бірімен құшақ жая көрісіп, арқа-жарқа болды. Басқосуға жергілікті тұрғындар да көп жиналды.
Аталған іс-шараны ұйымдастырып, көпшілікті қуантқан мемлекет және қоғам қайраткері Серік Үмбетов айшықты мерекенің шымылдығын ашып, жүрекжарды тілегі мен жылы лебізін арнады. 
– Бұл киелі өлке осыдан 50 жыл бұрын Күрті ауданы болып құрылып, кейін өңірлерді оңтайландыру тұсында таратылды. Аудан ширек ғасыр тірлік кешті, тарағалы бері де 25 жыл, бәрін қосқанда 50 жыл өтті. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, қазір бәрі жаңарып, аудан орталығы болған Ақши ауылының жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Қуаныштымын, – деп, өткен күндерден естелік айтқан Серік Әбікенұлы ел бірлігін сақтаудағы сыйластық пен татулық жайында әңгімеледі. 
Серік Әбікенұлы бүгінде түйе шаруашылығын дамытып, сүт өнімдерінің түрін көбейтіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған «Дәулет-Бекет» ЖСШ жетекшісі Сыдық Дәулеттің еңбегіне жеміс тіледі. Ауыл өмірін жақсартып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға атсалысқан азаматтарға да ризашылығын білдірді. 
«Өткен өмір – тарих. Осының бәрін ескеріп, киелі Күрті жерінің тәлімді тарихы мен ауданның өсіп-өркендеуіне қомақты үлес қосқан азаматтар жайында кітап шығаруды жөн санадық», – деп сөзін жалғастыра келе, Серік Әбікенұлы жаңа кітапты жинақтаған ақын Нүсіпбай Әбдірахым мен ҚР Мәдениет қайраткері Күмісжан Байжанға алғыс айтты. Жинақтың басылуына демеуші болған басқа да азаматтардың есімі аталып, ілтипат көрсетілді.  
Салтанатты жиында Серік Әбікенұлы өңірдің экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына қомақты үлес қосқан азаматтардың кеудесіне Күрті ауданының 50 жылдығына орай арнайы жасалған медаль тағып, құрмет көрсетті. Бұдан соң кезінде ауданды құрып, өңірді жемісті басқарған Бекболат Тұрысжанов, Тастан Тоқсейітов, Нүсіпжан Нұрманбетов сынды ел ағалары «Киелі Күрті жері» кітабының тұсауын кесті. 
Шара соңында көршілес Жамбыл ауданының «Сүйінбай сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаз қыз-жігіттері ән мен жырдан шашу шашып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.  

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Ақши ауылы,
Іле ауданы
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.