Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛ

25.05.2022
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, қазақ тіл білімінің реформаторы, қазақ әдебиетін де, мәдениетін де зерттеуші ғалым, публицист, әдіскер,  қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы. Ол туралы Сәкен Сейфуллин: «Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін ұлтшыл», – деген болатын.

Мектебімізде «Ұлы ұстаз аманатын жас ұрпаққа насихаттау» тақырыбында ашық алаң өтті. Оған қонақ ретінде Сүлеймен Демирел атындағы университеттің аға оқытушысы ф.ғ.к.,  Б. Хасен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры ф.ғ.д.  О. Жұбаева және ахметтанушылар арнайы шақырылды. Ашық алаң Алаш арысының туған топырағы Торғай өңіріндегі өлкетану музейімен танысудан басталды. Аталмыш музей қызметкерлері Байтұрсынұлы атындағы залмен мектеп оқушыларын онлайн форматта таныстырды. Кездесуде жарыса сөз алған алматылық ғалымдар жас ұрпақтың жадына ұлт перзентінің тұлғасын ұялатудың маңыздылығына тоқталды. Ғалымның шығармашылығы мен өмірі туралы зерттеу еңбектерімен бөлісті. Іс-шарада мектебіміз бен Сүлеймен Демирель атындағы университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Ғалымның «Қырық мысалының» өзі оқушылардың бойында адамгершілікке баулып, еңбекке, білім алуға құштарлығын оятады. Шығармашылықпен жұмысты тереңдетуді қолға алған көркем еңбек пәні мұғалімі Назира Қаранқұлова мысал өлеңдерді қылқаламмен қағаз бетіне түсіртіп, орындалған суреттерден шағын көрме ұйымдастырды. 
Қылқалам мен көркем ой жеткізетін, аса шеберлік пен талантты қажет ететін сурет өнеріне тосыннан келмеген Айдана Амантай Ахмет Байтұрсынұлының бейнесін көрермен алдында жылтыр құммен салып, өз бойындағы талантын көрсетті. Туындысын  университет ұжымына тарту  етті. Ақ қағаз бетіне сурет салып, жансыз бейнені тілсіз сөйлеткен Жансая Бахадыр ақынның «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын қылқаламмен сөйлетті. Осы туындылармен оқушыларымыз «Жас дарын» балалар орталығы ұйымдастырған «Алаш ардақтысы» атты республикалық байқауға қатысып, бас жүлде мен бірнеше орынды иеленіп, жетекшілерімен бірге марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқушыларға «Мысал өлеңдердің тәрбиелік мәні» тақырыбында эссе жаздырды. Жұмыстары бағаланып, оқушылар марапатталды. 
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Азиза Жұбанова өзі сценарийін жазған, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмахан Зерипов рөлін сомдаған сахналық қойылым көрерменге ғалымның өзін көргендей әсер қалдырды. 
Елінің бағы жану үшін өмірін арнаған, қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатордың өнегелі жолы мен өлмес еңбектерін таным таразысына сала отырып, тағылым дарыту, тəлімін үлгі ету тек мұнымен шектелмейді. Мектеп ұжымы ұлт ұстазы салған сара жолды жалғастырып, ата-баба аңсаған, ұлт зиялылары жанын пида еткен тәуелсіздіктің туын жықпай ұстайтын азамат тәрбиелеу үшін барын салады.

Тоғжан КЕНЖЕБАЕВА,
А. Байтұрсынұлы атындағы орта
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жібек жолы ауылы,
Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Черновик

Кімдер тегін скринингтен өте алады? – ДСМ түсіндірді

25.07.2026
Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

Жетісуда мемлекеттік балабақшалардың қызметі тексеріліп жатыр

24.07.2026
ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

24.07.2026
Автонесие алу жеңілдейді

Автонесие алу жеңілдейді

24.07.2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 680 мыңға жетті

24.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.