Талдықорған: +14°C
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР. ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖИЫН

01.04.2022
ЭКОНОМИКА
САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР. ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖИЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің сайлау жүйесін жаңа өзгерістер күтіп тұр. Осыған орай ең алдымен жұртшылықтың саяси сауаттылығын, белсенділігін арттыру қажет. Себебі, қоғамдағы саяси мәселелерге немқұрайды қарайтын жұртшылық дауыс беру процесіне қатыспайтын болған. Мұндай мәліметті Талдықорған тұрғындарымен кездесу өткізген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВ айтты.

Алдымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысын өткізгендер сәуір айының 22-і күні өтетін сайлаудың мәні мен маңызын түсіндіріп өтті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, комиссия хатшысы Мұхтар Ерман, комиссия мүшелері Сәбила Мұстафина мен Шавхат Өтемісов, облыстың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, Жетісу жерінен Сенат депутаттығына кандидаттар, өңірдің жастары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан отырыста Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындысы, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшерін белгілеу, дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін дайындау, сайлау өткізу кезінде Орталық сайлау комиссиясы интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту сынды мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Дәуітов сайлау науқанына өзін-өзі ұсыну тәртібімен 7 кандидат ұсынылғанын, олардың ішінен тек үшеуі қойылған талаптарға сай болғандықтан іріктеліп, облыстық сайлау комиссиясына тіркелгенін жеткізді. Соған сай тіркеу 1 сәуірде сағат 18.00-де аяқталғандықтан кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері таныстырылып, басқа мәселелер қаралды.

Орталық сайлау комиссиясы одан соң Талдықорған тұрғындарымен кездесу өткізіп, сайлау процесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Болат Айтбаев, Ермек Есмұхамедұлы, Қуат Күнболатов, Шырақбай Жылқайдаров, Мираш Шынасылова сынды қоғам белсенділері өздерін толғандырған мәселелерді көтерді.

Олардың айтуынша, ауылдық округ әкімдерін сайлаудың ашықтығын, жариялылығын, тиімділігін қалайтын жұртшылықтың талабы толық орындалмай отыр. Тіпті, еліміздегі сайлау жүйесінде көптеген түйткілді мәселе жеткілікті. Мысалы, дауыс берудің тәртібін бюллетеньнен гөрі электронды нұсқаға ауыстыру заман талабынан туындап отыр. Яғни, әрбір адам өзінің саусақ таңбасын басу арқылы сайлауға қатысқанын дәлелдеп, саяси науқандағы белсенділігін білдіре алады. Ал, бюллетень арқылы дауыс беру ескіріп, тиімсіздігін көрсетіп отыр. Одан кейін аумақтық сайлау комиссиясын құрудың жаңа тәртібі керек. Себебі, бұрынғыдай мектеп директорларының сайлау учаскесінің басшысы болуы сайлау процесінің нәтижесін жақсартпай отыр.

Осындай аса өзекті мәселелерге кезекпен жауап берген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров әрбір мәселеге байыппен қарау керектігін ескертіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан сайлау процесін жетілдіру жұмыстары ашықтықты, жариялылықты, әділдікті талап ететінін жеткізді. Соған орай бұл саланың жұмысын бірлесе атқару қажеттігін алға тартып, қоғам белсенділері айтқан ұсыныстардың назардан тыс қалмайтынын, тіпті, халықтың саяси білімін арттыруға қажетті тиімді жолдарды пайдаланудың қажеттігін ескертті. Осылайша екі жақты диалог арқылы түйткілді мәселелердің түйінін тарқату бүгінгі күннің басты міндеті екендігін айтқан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының еліміздің барлық өңірлерін аралап, жергілікті жұртшылықтың талап-тілегін тыңдауға шығуы бұрын-соңды болмағанын еске салды.

Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Көксу ауданының Мұқыры және Еңбекші ауылдық округтерінің жұртшылығымен кездесу өткізіп, тұрғындардың ой-пікірін тыңдады. Комиссия өкілдерінің кездесуі ары қарай Қапшағай қаласында жалғасын табады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

05.05.2026
Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

Энергетикалық тұрақтылық: Қазақстанның бес жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты

05.05.2026
Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.