Талдықорған: +14°C
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

БАЛАЛАР ҮЙІРМЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕ ҮШІН ТОҚТАДЫ? ӘКІМДІК ТҮСІНІКТЕМЕСІ

04.03.2022
ӘЛЕУМЕТ
БАЛАЛАР ҮЙІРМЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕ ҮШІН ТОҚТАДЫ? ӘКІМДІК ТҮСІНІКТЕМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев балаларға арналған үйірмелер мен секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша туындап отырған мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады.

— Бұл бағдарламаны толықтай тоқтатқан жоқпыз. Бірақ, қазіргі таңда қаржыландыруға қаражат болмай тұр. Оған себеп, биылғы жылы үйірмеге қатысушы балалардың санының күрт артуы. Соған орай қомақты қаржы қажет. Ал, жергілікті бюджет үшін бұл үлкен шығын. Өйткені, одан басқа да маңызды мәселелер бар. Жыл сайын қаншама мектеп, балабақша, жол саламыз. Бүкіл қаражатты бір салаға бөле алмаймыз ғой. Осы ақпан айының өзіне үйірмелер жұмысы үшін берешек қарызымыз 1,5 млрд.теңгені құрайды. Бұл біздің облысымызға ғана емес, басқа өңірлерге де тән мәселе. Осыған орай күні кеше Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн режимде жиын өтті. Оған барлық өңірлер қатысты. Наурыздың 10-ына дейін барлық жағдайды сараптап, Президент Әкімшілігіне есеп береміз. Ол Мемлекет басшылығына жеткізілетін болады. Сонда қабылданған шешімнің жауабын күтеміз. Алда өтетін мәслихат сессиясында да бұл мәселе қаралады. Өйткені, қысқа мерзімде шешімін табуымыз керек, – деді Арслан Момышұлы.

Баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев сөз алып, аталмыш бағдарлама бойынша өткен жылы 48516  бала үйірмемен қамтылса, биыл 57600-ге жетіп отырғанын жеткізді. Қаңтар айының өзінде ғана 9 мың бала тіркелген.

— Шындығын айтқанда, бұл үлкен күдік тудырады. Үйірмеге қатысатын балалар саны күннен-күнге артып барады. Әр бала екі үйірмеге қатыса алады. Бір үйірмеге 8000-12000 теңге аралығында қаржы төленеді. Бұл үйірме ашқан кәсіпкерлер үшін тиімді болғанымен мемлекетке үлкен шығын. Сондықтан да бағдарламаның осы бір тұсын қайта қарау керек. Біз кәсіпкерлерді тексере алмаймыз. Олар баланы ЖСН арқылы электрондық базаға тіркейді. Құжат жүзінде бәрі дұрыс болғандықтан біз қаржысын аударамыз. Ал, шындығында осыншама бала үйірмемен қамтылып жатыр ма, ол жағын білмейміз. Сондықтан да дабыл қағып, бұл мәселенің анық-қанығына жетуді жөн көріп отырмыз. Өйткені, мұны өзінің бас пайдасына икемдеп отырған кәсіпкерлер бар, – деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, балаларды үйірмемен қамту үшін былтыр 1 млрд.540 млн.теңге бөлініп, толық игерілген. Биылға 115235 ваучер берілген. Бұл үшін 2 млрд.400 млн. теңге қаражат қарастырылып, қаңтар айына толық төленген. Бірақ, ақпан айына төлеуге қаражат жетпейді. Сондықтан министрлікке хат жазып, келісімімен 14 ақпаннан бастап ваучер беру тоқтатылған. Үйірме жұмысын жүзеге асырып отырған 260 жеке кәсіпкер бар. Оларға 1 наурыздан бастап қаржыландырудың тоқтатылатындығы туралы ескерту жасалған. Қаражат мәселесі шешілген жағдайда ары қарай да қаржыландыру жалғасады. Бірақ осы жылдың өзіне 14,5 млрд.теңге қажет.

Брифингте облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жан басына шаққанда қаржыландыру бойынша облысымыздың спорт саласында 159 жеке кәсіпкер 40 мыңға жуық жасөспірімді 20 спорт түрімен қамтамасыз етіп отырғанын мәлімдеді. Бұл мақсатқа биыл 2 млрд.теңге бөлінген. Ол 16 мың балаға жылдың аяғына дейін жетеді деп жоспарланған. Наурыз айына 41 мың балаға сұраныс келіп түскен. Бөлінген қаражат 4 айға ғана жетеді. Басқарма тарапынан бұл жұмысты тоқтатпай ары қарай жалғастыру жолы қарастырылуда.

Жиын соңында журналистер сұрақтарына жауап берген спикерлер кәсіпкерлерді шығынға ұшыратпайтындай, еліміздің болашағы балаларымызды қосымша біліммен қамтып, мемлекетімізге де шығын келтірмейтіндей бағдарламаның тиімді жақтары қарастырылып, мемлекеттік деңгейде шешімін табатынына сенімділік білдірді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді

27.04.2026
Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

Президент «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтті

27.04.2026
«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

«Таза Қазақстан»: екі жылда 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды»

27.04.2026
Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

Елімізде казинолар мен букмекерлерге бақылау күшейтіледі

27.04.2026
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады

27.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.