2025 жылға дейін Алматы облысында 114 мың га суармалы жер қалпына келтірілмек. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Әкім сөзінше, ауыл шаруашылық өнімін 35 пайызға арттыру көзделіп отыр. Нәтижесінде, 600 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Брифингте тәтті түбір мәселесі де айтылды. Биыл 200 мың тонна өнім алу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта суармалы жерлер мен каналдардың көлемін арттыру жоспарлануда.
«Биыл 10-15 мың гектарға дейін қант қызылшасын көбейту жоспарлануда. Қос зауыттың қуаттылығын 800 мыңға жеткізу көзделген. Ал 2025 жылға дейін қызылшадан 500 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Ол үшін облыстағы шаруаларды қолдап, көмек беру керек. Сондай-ақ, Ақсу, Көксу қант зауыттарын толық қуатына жеткізу қажет. Сонда аймақта қант тапшылығы болмайды», — деп атап өтті аймақ басшысы.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





