Талдықорған: +23°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНЕ БАРЫП, ШЕКАРА ЖҰМЫСЫН КӨРДІ

19.02.2022
ЭКОНОМИКА
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНЕ БАРЫП, ШЕКАРА ЖҰМЫСЫН КӨРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты мәлімдеді.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев бірқатар проблемалық мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдарын атап өтті. Атап айтқанда, ол істен шығып қалған суармалы жерлерді айналымға тарту және осы санаттағы жерлерден ауыл шаруашылығы өнімдерінің салық жинауын 35%-ға арттыру жөніндегі шаралар туралы хабарлады.

Облыс әкімі Б.Сұлтановқа тозған су құбыры желілерін реконструкциялау, облыстың елді мекендерін газдандыруды жалғастыру, тау-кен өндіру өнеркәсібін, Талдықорған қаласының инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту, кезекте тұрғандарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, үш ауысымды оқытуды жою, коммуналдық меншікті басқарудың кейбір мәселелері, қоғамдық жұмыстар мен мұғалімдердің жалақысын ұйымдастыру, саяжай алаптарының проблемаларын шешу барысы туралы баяндады.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жоғарыда аталған бірқатар проблемаларды шешу үшін қосымша бюджеттік қаржыландыру қажет. Әкім Премьер-Министрдің орынбасарынан өңірдің өтінімдерін қолдауды сұрады.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазіргі уақытта Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған ел Президентінің тапсырмаларын тиімді орындау мақсатында бюджетті нақтылау жобасын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Барлық мәселелерді Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері талдайтын болады. Кеңесте айтылған бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды, – деді Б.Сұлтанов. Ол сондай-ақ әкімдіктің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылау және жалпы сауда саласын дамыту мақсатында нарықтар мен базарларды жаңғырту жөніндегі жұмысының басымдығына назар аударды.

Бақыт Сұлтановтың Алматы облысына жұмыс сапары Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Нұр жолы» өткізу пунктіне, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағына, «Қорғас» ХШЫО-ға баруымен жалғасты.

«Нұр жолы» өткізу пунктінде Б.Сұлтанов жауапты мамандармен, сондай-ақ, жүк тасымалдау процесіне қатысушылармен тауарларды тасымалдаудың қолданыстағы тәртібінің тетіктерін және жүктерді тасымалдау процесін жетілдіру жүйесін талқылады.

Бұл ретте басты назар жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістерін талқылауға және жүк тасымалдаудың жеке операторларын (қазіргі уақытта олардың екеуі) алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқартуға аударылды. Жүк тасымалдаушыларға қол жеткізу тәсілін өзгерту міндеті қойылды. Жергілікті тасымалдаушылардың әлеуметтік мәселелерін шешу және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін он күн ішінде бастамашыл тобымен бірге жүксіз көліктерді алып тастай отырып кезекті «тазалау» тапсырылды. Сонымен бірге, әртүрлі жүк түрлерін тасымалдаушылардың оңтайлы моделін әзірлеу міндеттелді.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА кеңсесінде өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдар мен өңір әкімдігінің өкілдерімен Қорғас торабын – «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын жаңғыртуды қоса алғанда, трансшекаралық хабтарды дамыту тұжырымдамасын талқылады.

Қазіргі уақытта «Қорғас» ХШЫО аумағында қазақстандық және шетелдік капиталдың қатысуымен бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру пысықталуда: сүт, шұлық-ұйық өнімдердің, бөлмеаралық есіктердің өндірісін ашу, жұмсақ және корпустық жиһаздарды құрастыру және басқалары.

Бақыт Сұлтанов трансшекаралық өнеркәсіптік кооперация орны ретінде хабтарды қалыптастыру мен дамытудың бірыңғай жүйесін әзірлеу қажеттігіне баса назар аударды.

— Бізге тек дьюти-фри қажет емес. Өндірістерді, соның ішінде, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру жөнінде жұмыс істеу қажет. Сондықтан хабтардың негізгі аумақтары индустриялық-логистикалық аймаққа айналуы тиіс. Әрине, сауда және туристік аймақтарды толығымен жоққа шығаруға болмайды. Бірақ олар өндірістен басым болмауы керек, – деді Б.Сұлтанов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

Жетісуда адам өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты

05.05.2026
«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

«Даму» қоры шағын қалалар мен ауылдарда ШОБ-ты қолдау үшін мобильді фронт-офистерді іске қосады

05.05.2026
Шәкірт шамшырағы

Шәкірт шамшырағы

05.05.2026
3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

05.05.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

Мяо Ивэн: Қазақстанға қайта келемін

05.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.