Талдықорған: +23°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БҮГІНГІ СӨЗІ АЛАҢДАП ОТЫРҒАН ХАЛЫҚҚА ЗОР СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ

11.01.2022
КҮНДЕРЕК
ПРЕЗИДЕНТТІҢ БҮГІНГІ СӨЗІ АЛАҢДАП ОТЫРҒАН ХАЛЫҚҚА ЗОР СЕНІМ ҰЯЛАТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы күнтізбелік жылдың ауысуы еліміз үшін дүрбелеңге, қауесетке, қауіп-қатерге толы болды. Газ бағасының қымбаттауынан туындаған бейбіт митингінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ұрлық-қарлықты кәсіп еткен бандиттер мен қарақшылардың заңсыз әрекеті халық арасында арандатушылардың дендеп еніп, көпшілікті адастырғанын байқатты. Соған қарап қолына қару алып, бүлікке дем берген лаңкестерде ұлтжандылық пен отаншылық ұғым болмайтынын ұғындық.

Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған бұрынғы басшылыққа мемлекеттік сатқындық бойынша күдікке ілінгенін білгенде «қасқырға қой бақтырған екенбіз ғой» деген ойдың келгенін қалай жасырайын?! Қалай болғанда да тірі жанның басына тілемейтін жайт.

Жаратқан Алла осындай бұлғақты енді қайтіп көрсетпесін деп тілейік, ендігі күндеріміз жарқын болуына тілектеспіз. Осы күндерде түн қатып тыныштықты ойлаған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қос палаталы Парламенттің алдында мәлімдеме жасап, жаңа жасақталатын Үкіметтің басшысы ретінде Әлихан Сымайыловты ұсынуы көпшіліктің көңілінде жүрген күдікті сейілткендей болды. Себебі, ел басына түскен сынақ кезінде бәрімізді келешектің қандай болатыны ойландырғаны анық. Осыған орай Мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдаған депутаттар дұрыс шешім қабылдады. Елдің шетінде, желдің өтінде жатқан Қарадала өңірінің жұртшылығы да таңдаудың дұрыс болғанын растайды.

Президент мәлімдемесінде осыған дейін мемлекеттік салаларда қалыптасқан өзекті мәселелерді талқылап, елдің тұрақты дамуына кедергі келтіретін шараларды қайта қарастыру керектігін ескертті. Бәсекелестік әділдікпен жүргізілгенде ғана қоғамдағы келісім тұрақтанатынын атап өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы ел астанасының көркін қашырып тұрған ЛРТ құрылысына қатысты ойларын ашып айтты.

– Ауылшаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды. Былтырға қарағанда биыл жиналған астық мөлшері 4 миллион тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін, – деп ауылшаруашылық саласын қарқынды дамытуға қажетті тетіктер алдағы уақытта қолға алынатынын жеткізді.

– Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Субсидияны тұрақты беруге қатысты мәселе жиі көтеріледі. Мен бұған дейін субсидиялау тәсілдерін қайта қарау қажеттігі туралы тапсырма берген болатынмын. Бұл жұмыс қысқа мерзім ішінде атқарылуы тиіс. Біз субсидия алуды жеңілдетуге, оның қолжетімді болуын және ашықтығын қамтамасыз етуге тиістіміз, — деді Президент.

Сөзінің басында Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына қарайтын әскердің қысқа уақыттың ішінде шығарылатынын ескерткен Президент Қорғас кеден бекетінің маңында жұмыс істеп жатқан мекемелер қалыптастырған былық пен шылықтың кесірінен құмға сіңген судай жоғалып жатқан миллиардтаған қаржыны мемлекет өзі бақылауына алуын Үкіметке тапсырды. Теңгенің құнсыздануын болдырмау мен бағаны тұрақтандыру қажеттігін атап өткен Мемлекет басшысының айтқан сөздері мен бастамалары бәріміздің көкейімізді тап басып, өзекті мәселелер уақытымен шешілетінін ұғындырды.

Өткен тәуліктерде ел басына түскен ауыртпалықтың қайырын берсін! Әрбір қиындықтың артынан жақсылық пен жеңілдік келетінін ескерсек, алдағы күндердің жарқын боларына сенім мол! Мұны еліміздің барлық аймақтарына әлеуметтік-экономикалық дамудың қажетті қолдауын теңдей көңіл бөлу керектігін заңнамаға сәйкес жүргізуді тапсырған Қасым-Жомарт Тоқаев растай түсті. Ендеше, Президенттің келер күніміз кемел, алар асуымыз табысты болуына ықпал ететін бастамаларын қос қолдап қолдаймыз!

Ызғарбек БЕКТҰРСЫНОВ,

Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

10.07.2026
Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

10.07.2026
Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.