Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МИЛЛИОНДАҒАН АҚШАҒА СУ ҚҰБЫРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

30.11.2021
ЭКОНОМИКА
ТАЛҒАР АУДАНЫНДА МИЛЛИОНДАҒАН АҚШАҒА СУ ҚҰБЫРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Су – тіршілік нәрі. Оның таза әрі үздіксіз берілуін қамтамасыз етуде «Талғар су» мекемесі тынымсыз жұмыс жасауда. Жасыратыны жоқ, қыс айларында ауызсу құбырларының қатуы, жазда арық суының арнасынан асып кетуі сынды төтенше жағдайлардың жиі орын алатыны жасырын емес. Бұған тартылғанына талай жыл болған су құбырларының ескіруі басты себеп. Десе де «Жол картасы» инвестициялық бағдарламасы негізінде атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес.

— Біздің мекеме мамандары тұрғындарды сумен қамтамасыз етуде жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Сумен қамтамасыз ету – Талғар ауданы бойынша өте күрделі мәселе. Тұрғындарды толғантқан мәселенің түйіні тарқатылуда. Атап айтсақ, су құбырлары ауысуда. Мысалы, Қызылқайрат ауылындағы шамамен 38 шақырымды құрайтын су құбырларын жаңартуға 530 млн.теңге бөлініп, толық ауыстырылды. Қазір судан проблема жоқ. Сол сияқты Жалғамыс, Қызылту, Кіші Байсерке, Бесағаш ауылдарының су құбырлары толық жаңартылды. Енді Тұздыбастау, Панфилов (СНК) және Талғар қаласы бар. Бүгінге құжаттары дайын, қаржы бөлінсе, құбырларды жаңарту жұмыстары басталады, – дейді аудандық «Талғар су» ШЖҚ МКК кәсіпорнының бас инженері Кеңес Сүлейменов.

Биыл Талғар қаласының барлық көшесіндегі арық жүйесі 90 пайызға жасалған. Тұтынушылар ауызсуды үнемдеп, бау-бақшаны арық суымен суғаруға көшсе, су тапшылығы болмайды деген ойымен бөлісті. Былтырғы жылғы инвестициялық бағдарлама бойынша бөлінген 24 млн. теңге толығымен игерілген.

Тарқатар болсақ, өткен жылы Талғар қаласы, Бесқайнар ауылы, Қотырбұлақ елді мекенін сумен қамтамасыз ету бойынша инвестициялық бағдарламаны орындауға жұмсалған шығындардың жоспарлы сомасы 8 215 500 теңге, нақты орындалғаны 8 507 000 теңгені құраған.

Талғар ауданының Тұздыбастау, Бесағаш, Рысқұлов, Береке, Дәулет, Кіші Байсерке, Жаңалық, Жалғамыс, Қызылту, Еламан, Панфилов, Көктал, Сақтан, Достық, Қызылқайрат ауылдарын сумен жабдықтау инвестициялық бағдарламаның 3 500 000 теңге сомасындағы жоспары 3 555 700 теңгеге артығымен орындалған.

Су бұру (кәріз) Талғар қаласы, Панфилов ауылы, Бесағаш пен Дәулет ауылдары бойынша 12 189 200 теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 12 003 600 теңге игерілген.

Объектілерде ЭЦВ тереңдік сорғылары, екінші көтеру сорғылары, фекальды сорғылар, электр қозғалтқыштары, тереңдік кабелі, СУЗ стансысы, «ұшу» шығын өлшегіші, газ талдағыш, асфальтты кесуге арналған станок, түрлендіргіштер, генератор, мотопомпа, ысырмалар, компьютер, электрмен дәнекерлеу аппараты, шойын люктер сатып алынып, орнатылғаны баяндалды. Сондай-ақ, техникаларды жоспарлы арнайы жөндеу, объектіні газдандыру да назардан тыс қалмаған.

Қысы-жазы халықты сумен қамтамасыз етуде тыным таппайтын бұл мекемеде 252 адам еңбек етіп келеді. Олардың ортасында тәжірибесі толысқан, өз ісінің нағыз шеберлері де көптеп саналады.

Ұлбосын БӨРІБАЙҚЫЗЫ

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.