Талдықорған: +3°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ШАБУЫЛДАУШЫ САРБАЗДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ СУРЕТ САЛУДАН ЖАРЫСТЫ

21 қараша 2021
КҮНДЕРЕК
ШАБУЫЛДАУШЫ САРБАЗДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ СУРЕТ САЛУДАН ЖАРЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сарыөзек гарнизонының шабуылдау бригадасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әскери қызметшілердің балалары арасында сурет байқауы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында: «Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру», — деген еді. Сондай-ақ, ең маңызды мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажет екенін айтқан болатын.

Дәстүрге айналдырған іс-шараны әскери қызметшілердің отбасылары мен жұмысты ұйымдастыру қызметі қолға алып, оған әскери қызметшілердің балалары мен олардың ата-аналары қатысты.

Шара басында балалар қарындаш пен акварель және гуашты пайдаланып, жақсы сурет салу үшін тырысып бақты. Сонымен бірге, оларға «Тәуелсіз Қазақстан», «Менің Отаным — Қазақстан», «Қазақстанның әсем қаласы» атты тақырыптар берілді. Одан өзге, балалардың суреттерінде отбасы мүшелерін, елорда мен еліміздің символдарын бейнеленді.

Конкурстық комиссия әр түрлі жас мөлшері бойынша әр баланың салған суретін қарап, тиісті бағаларын берді.

— Биыл Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығын тойламақшымыз. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсіп келеді, — деді бөлімнің әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Айгүл Зиядинова. Сонымен қатар, шара аясында балдырғандар бөлімнің Даңқ мұражайын аралап, ондағы құнды жәдігерлермен танысып, бойларына жақсы әсер қалдырды.

Шара соңында жеңімпаздар анықталып, конкурсқа белсенді қатысқан балаларға алғыс айтылды, балаларға естелік сыйлықтар мен грамоталар тарту етілді.

Биыл еліміз Тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Осындай өткізілген іс-шаралар салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырары анық.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

30 қазан 2026
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

30 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

30 қазан 2026
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

30 қазан 2026
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

30 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.