Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

NIS ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫН АРАЛАП ҚАЙТТЫ

8 қараша 2021
РУХАНИЯТ
NIS ОҚУШЫЛАРЫ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫН АРАЛАП ҚАЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы жұмысын бастады. Талдықорғандық НЗМ оқушылары Алматы облысының тарихи орындарымен танысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Алғашқы зерттеу нысаны «Текелі стела» будда ескерткіші болды. Қатысушылар ескерткіш арқылы жалпы буддизм тарихымен танысты. Сондай-ақ, олар Жетісу Алатауының ұзындығы 70 шақырымға созылып жатқан Қора шатқалында да зерттеулер жүргізді.

9-сынып оқушысы Даниярқызы Жания «Теңіз шырғанағының қоршаған ортаға пайдасы» деген тақырыпта зерттеу жұмысын бастады. Және Алматы облысында өсетін теңіз шырғанақтарының түрлік құрамын анықтап, оның биологиялық қасиеттерін зерттеуге де кірісті. Сонымен қатар, Текелі қаласының алма бағын да аралады. Жетісудың Сенап, Восход, Золотое превосходство, Лазаревское, Квинти сияқты бағалы сорттарының шығу тарихымен танысты.

Оқушылар Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес құру және өз идеяларын жүзеге асыру жолдарын да үйренді. Және де кәсіпкерлік негіздері бойынша бизнес-тренингтен өтуге мүмкіндік алды.

— Ләззат Алтынбекова, Алмагүл Шегеқызы және Ардақ Сұраншықызына алғысымды білдіремін. Өйткені, олар мені кәсіпкер болуға шабыттандырып қана қоймай, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін де көрсетті, – дейді сұхбатында Талдықорған НЗМ 11-сынып оқушысы Айболат Қажыәқпар.

«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы Елбасының туған ауылы Шамалғанға да барып қайтты. «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы — Тұңғыш Президент мұражайында  Елбасының өмірбаяны туралы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы аса маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық оқиғалар туралы мұрағат материалдарымен танысып, білді.

Экспедиция «Шарын» ұлттық табиғи саябағы, «Қайыңды», «Көлсай» көлдеріне саяхат жасаумен аяқталды.

«Туған елге тағзым» жобасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Экспедиция барысында НЗМ оқушылары жүздеген ғылыми еңбек ұсынады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.