Талдықорған: +26°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МҰҚАҒАЛИ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНЕН «2» ДЕГЕН БАҒА АЛҒАН

13.09.2021
РУХАНИЯТ
МҰҚАҒАЛИ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНЕН «2» ДЕГЕН БАҒА АЛҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

«Өзімнің есебімде,
Мен биыл қырықтың дәл бесеуінде.
Кім біледі…
Ендігі қалған өмір,
Неше жылға жетерін, 
Неше күнге.
Ұмыт болып есебің  де,  өсегің де,
Ұйықтап кетсем   болғаны төсегімде, 
Қырықтың бесеуінде»
, – деп жырлаған Мұқағали ақын «Өзімнің есебімде» атты өлеңінде соңғы демінің дәл 45 жасында алынатынын алдын ала білгендей… Содан бері тағы бір 45 жыл өтіпті… 

Жетісудың түлегі, қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали көзі тірісінде еңбегіне тиісті бағасын ала алмай кетті. 
Анасының естелігіне жүгінсек, Мұқағали 14-15 жасынан бастап өлеңге шындап ден қоя бастайды. Ең алғашқы өлеңдерін мектеп қабырғасында жүргенде жазып, бірді-екілі туындылары сол кездің өзінде аудандық баспасөзде жарияланған.
Дегенмен, ақын өміріне қатысты мына бір қызықты да құнды музей экспонаты таң қалдырмай қоймайды. Бұл 1948 жылғы мектеп бітірушілердің оқу үлгерімі туралы кесте. 
Мұқағалидың мектеп қабырғасында жүргенде дәл «Қазақ әдебиеті» пәнінен «2» деген баға алуы бүгінде бізге ақылға қонымсыз жағдай болып көрінеді. Бірақ мұндай жағдайлардың танымал тұлғалардың бойында кездесетініне, атақты математик Эйнштейннің мектепте математика пәнінен, ал орыс әдебиетінің классигі Пушкиннің орыс әдебиетінен тоқсанға немесе жыл қорытындысына 2-ге шыққандарына, бірақ олардың кейіннен ұлы тұлға болып ел жадында қалғандарына тарих куә. 
Ақын орта мектепті бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орындарының бірнешеуіне еш қиындықсыз-ақ түскен. Мәселен, ол 1950 жылы Алматыдағы шет тілдері институтының неміс тілі факультетінің және 1973 жылы Мәскеудің М. Горький атындағы әдебиет институтының студенті атанады. Бірақ, анасы айтқандай, «Екі оқу орнын да тауысқам жоқ. … олардың білетінін өзім де біледі екем…», – деп қолын бір сілтеп, оқуды тастап кеткен екен. Алайда «Болат пышақ қын түбінде жатпайды» дегендей, Мұқағали өзінің бойына біткен тума таланты мен ақындық өнерге деген құштарлығының, тума талантының арқасында күллі қазақ халқының ақиық ақыны атанды. 
Әдебиеттің барлық жанрына дерлік қалам тартқан ақынның ұтқыр да ұтымды сюжетке құрылған дастандары мен поэмалары, толғаулары бүгінгі жас қаламгерлерге үлгі, өнеге боларлықтай. Оның 1973 жылы жазылған «Аққулар ұйықтағанда» дастанының қолжазбасы ақынның туған жері Қарасаз ауылында орналасқан музейінде сақтаулы. Туынды дүниеге келген соң өз бағасын берсе деген оймен Мұқағали атамыз бірден Ғабит Мүсіреповке көрсеткен, шығарманың көркемдігіне риза болған халық жазушысы алтын қаламын сыйға тартқан екен. Бұл қалам да бүгінде ақын музейінің экспозициясынан орын алған.
Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Шекспирдің “Сонеттерін”, Уолт Уитменнің өлеңдерін және Данте Алигьеридің  “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін 1971 жылы қазақ тіліне аударған. М. Мақатаевтың әдеби музейіне келгендер осы бағалы туындылардың түпнұсқаларымен қатар ақын өмірінен сыр шертер тұтынған заттарымен, оның поэзия әлеміне жетелер ұшан-теңіз мұрасымен таныса алады. 
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақын ұрпақтарының қатысуымен бірқатар ауқымды шаралар республика, облыс көлемінде жыл бойы ұйымдастырылуда. Соның ішінде облыс музейлерімен қатар Алматы қаласы мен Жамбыл облысында да  «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр», «Мұқым елдің мұзбалағы», «Алаштың ақиығы – Мұқағали» сынды әдеби кештер мен жылжымалы көрмелер, дәрістер, онлайн экскурсиялар және тағы басқа да шаралар өткізілуде.   
«Мен өзім жайында мынаны айтам: мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…» деп ақын ағамыздың өзі жазғандай, оның баға жетпес мұрасы да, есімі де қазақ халқымен мәңгі бірге жасамақ. 

Қарлығаш Тұтқабаева,
М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану 
музейінің бас қор сақтаушысы

Қатысты жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.