Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БАҚБАҚТЫДА ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҒИМАРАТ БАЛАБАҚША БОЛЫП ШЫҒА КЕЛДІ

31 тамыз 2021
РУХАНИЯТ
БАҚБАҚТЫДА ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҒИМАРАТ БАЛАБАҚША БОЛЫП ШЫҒА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Балқаш ауданында 84 орынды бөбекжай пайдалануға берілді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Білім күні қарсаңында Бақбақты ауылында 84 орынды бөбекжай салтанатты түрде ашылды. Бұрын тәуелсіздік алған жылдары қараусыз қалған нысан өткен жылы ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес бөбекжай болып ашылуға шешім қабылданған болатын. Бөбекжайды қайта қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан  367.2 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, күрделі жөндеу жұмысын сапалы жүргізген “Golden siti“ ЖШС нысанды мерзімінде аяқтаған. Бөбекжай іші толықтай заманауи материалдық базамен қамтылған.

Бөбекжай салтанатына қатысқан Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Бөріхан Әбдібаев жиналған көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, өңірдегі мектепке дейінгі тәрбие саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

— Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында  аудан бойынша 8 балабақша және 14 шағын орталық жұмыс жасап, балабақшаларда 935, шағын орталықта 600, барлығы 1535 бүлдіршін тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қамту 99,3 пайыз болды. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 95,6 пайыз екенін ескерсек, бұл бағытта ауданымызда ілгерілеу бар, — дей келе, жиналған қауымды алдағы келе жатқан жаңа Білім күнімен де құттықтап өтті.

Бөбекжайдың ашылуына аудандық білім бөлімінің басшысы Айман Аймұханбет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гауһар Аманжолова, Бақбақты ауылының әкімі Айдархан Түймебаев, ауыл ардагерлері, тұрғындары, мектеп ұстаздары мен бөбекжай ұжымы қатысты.

«Бақбақты ауылында бөбекжайдың ашылуы мектепке дейінгі білім мен тәрбие көрсеткішін біршама көтеретін болады», — деп атап өтті Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбет.

«Ауыл тұрғындарының өтінішін ескеріп, осы ғимаратты мемлекет қарамағына алып, оны қайтадан қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлуге ықпал жасаған аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовке, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбетке, осы саладағы барша жауапты мамандарға айтар алғысымыз шексіз», — деді «Күншуақ» бөбекжайының әдіскері Жазира Қазыбекова.

Ел тілегімен ашылған бөбекжайдан болашақта ұлтын сүйген қоғам қайраткерлері шығарына сенім мол.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.