Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«ASHYQ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ? БҰЛ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАУ ЕМЕС ПЕ?

03.08.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
"ASHYQ" ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ? БҰЛ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАУ ЕМЕС ПЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы өткен жылы экономиканың ең көп зардап шеккен салаларын анықтау үшін облыс кәсіпкерлерінің  48.1 пайызын құрайтын 7348 бизнес субъектісінің қызметіне талдау жүргізді. Нәтижесінде, кәсіпорындарда 5,6 мыңнан астам қызметкер немесе жұмысшылардың жалпы санының 6,6%-ға жуығы қысқартылғаны анықталған. Ал 9 мыңға жуық қызметкер немесе қызметкерлердің жалпы санының 10,5%-ы жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген. 68 компания кірісін жоғалтқан және толығымен жабылған.

Осындай шығынға батқан кәсіпкерлердің жағдайын дұрыстау және олардың қалыпты жұмысқа оралуын қамтамасыз ету үшін әлемнің әр елі өзіне тән жаңа тәжірибелер ойлап тапты. Соның бірі — «Ashyq» пилоттық жобасы. Аталмыш жобаны әлемде алғаш болып Оңтүстік Корея мен Қытай ендірді. Ұқсас бақылау құралдары Ма­лайзия, Түркия, Грекия, Кипр және басқа да елде табысты қолданылды. Ал Франция, Италия және Германии SARS-CoV-2 вирусын жұқтыру тізбегін қа­­дағалауға арналған қосымшаны 2020 жыл­ғы жазда іске қосты.

Мысалы, ҚХР қосымшасы оны пай­даланушылардың барлық қозғалысын жіті бақылауда ұстайды, жиналған деректерді бақылаушы ор­­гандарға жолдайды. Егер адамның бағдар-маршрутында өзгеріс бола қалса, дереу дабыл қағады. Бұл тұрғыдан алғанда, ол біршама арт­та қалған саналады. Айталық, Гер­ма­ния­ның Corona-Warn-App қосым­­ша­сының өзі жасанды зердемен тізе қоса оты­­рып, ко­ронавирус жұқтырған адамның қасына қандай адам жақындағанын қа­шықтан әш­­­керелей алады. Бұл үшін азаматтардың ұялы телефонынан шы­­­ғатын сигналды саралайды.

Дамыған елдерде сынақтан өткен жобаны терең зерделей келе, елімізде «Ashyq» жобасын қолдану керек деген шешім қабылданды. «Ashyq» жобасы елімізде жыл басынан қолға алына бастаса, облыста сәуір айынан басталды. Ең алдымен, аймақтағы бірқатар коммуналдық мемлекеттік ұйым мен әскери бөлімдер қызметіне енгізді. QR алған мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі, Іле ауданындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3660 әскери бөлімі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бар. Әсіресе, жобаға мәдениет және туризм нысандары белсенді түрде қосылуда.

Айталық, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, Өтенай ауылының Мәдениет үйі, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өте жақсы қызығушылық танытты. Жоба бойынша облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті белсенділігі жағынан көш басында келеді. Осы жоба Талдықорған қаласында іске қосыла сала «сары» мәртебесі бар 49 адам және «қызыл» мәртебесі бар 34 адам анықталды, Панфилов ауданында бір «қызыл» және бір «сары» мәртебесі бар, Ескелді ауданында «сары» мәртебесі бар екі, Қарасай ауданында бір «қызыл» және бір «сары» мәртебесі бар адам анықталды.

Дегенмен, бәріміз бірдей «Ashyq» жобасын қолдаймыз дей алмаймыз. Бүгінде өңір бойынша 893 нысан «Ashyq» аясында қызметін жалғастыруда. Алайда «Ashyq» жобасына қатысқандардың жауапкершілігін талаптағыдай орындап жатыр дегенге сенім аз. Себебі, өткен аптада облыстағы 37 нысан «Ashyq» жобасынан шығарылғаны мәлім болды. Олар келушілерді «Ashyq» жобасының талабына сай тіркемеуіне байланысты жобадан шығарылды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының ақпаратынша, 21 шілдедегі жағдай бойынша 806 нысан «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылады, тағы 87 нысан сынақ режимінде жұмыс істеуде.

– «Ashyq» жобасы іске қосылған уақыттан бастап нысанда келушілерді тіркеу саны бойынша 9 көшбасшы-қатысушы анықталды. Оларға «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі берілді. Жобаның 37 қатысушысы жергілікті атқарушы органның хаты негізінде нөлдік көрсеткіштері себебінен жобадан шығарылды. Аталған нысандарда QR-код бойынша келушілерді тіркемеу фактілері анықталған. Жобаның көшбасшылары мен аутсайдерлерінің тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланған, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Осы тұста «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға келушілер тек «Ashyq» қосымшасын ғана емес, Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz платформаларын да пайдалана алады. Демек, келушілерді тіркеуде еш кедергі де, қиындық та жоқ. Алайда орын алған кемшіліктің бәрі адам өміріне немқұрайды қарау, жағдайды елемеу немесе туындауы мүмкін қатерлерден сақтанбағанның салдары деуге болады.

«Ashyq» жобасы туралы талас-тартыс та көп. Әлеуметтік желілерді сүзіп шығатын болсаң, қолдаған немесе қарсы болған сан түрлі пікірге кез боласың. Сол қатарда коронавируспен күресті сылтауратып, азаматтарды кемсітіп, адам құқығын бұзып отыр дейтін көзқарас та бар. Тіпті, адамдардың жүріс-тұрысын аңдиды деген алып-қашпа пікір таратып жүргендер де аз емес. Біздің ойымызша, бұл қосымша міндетті шара емес. Биз­­­нес те, азаматтар да қосымшаны пайда­лануға мәжбүр етілмейді. Оны енгізу биз­­­­­неске шектеу шаралары қарастырылғанда және КВИ таралуы ке­­зінде кәсіпкерлерге жұмысын жалғастыра беруге мүмкіндік береді.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

19.03.2026
«Билікті сынау трендке айналып кетті»: Депутат Абзал Құспан мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Билікті сынау трендке айналып кетті»: Депутат Абзал Құспан мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19.03.2026
Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

19.03.2026
«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті

«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті

19.03.2026
Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.