Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ДАНАГӨЙ АРИСТОТЕЛЬДІҢ ӨЗІ ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ АЛУДЫ ҚҰПТАМАҒАН

26.05.2021
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ДАНАГӨЙ АРИСТОТЕЛЬДІҢ ӨЗІ ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ АЛУДЫ ҚҰПТАМАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі уақытта басымда несие жоқ деп айта алатын адам бар ма өзі?! Баспанаға, баланы оқытуға, көлік алуға, той-томалаққа деп үсті-үстіне несие алып жатқандар қаншама?! Қарызға алғанды банктер де аясын ба? Пайызын барған сайын жоғарылатып келеді.

Иә, шынымен де бүгінде қазақтың күнін несиесіз елестете алмайтын күйге жеттік. Мүмкін, мұны бәзбіреулер: “Жеке адам басындағы мәселелері үшін ғой”, – деп айтар, бұл қоғамның жауыр проблемасына айналғалы қашан?! Халыққа көзсіз қарыздың киімін кигізіп қоюдың соңы қайда апарады? Расында да, үстемесі көп қайырымысыз ақшаны сұрап алып, зорға қайтаратын кез әрбір қазақтың басын айналып жүр десек, артық айтқандық емес.

Несие мен өсім ұлы тұлғалардың да назарынан тыс қалмаған. Көне грек философтары өсімге қарсы болған. «Тұңғыш ұстаз» атағына ие болған Аристотель пайызға түбегейлі қарсылық білдіріп, өзгелерді де оны қабылдамауға шақырған. Оның айтуынша, өсім ақшаның өзін пайда көзіне айналдырады, ал бұл оның негізгі қызметіне қайшы нәрсе. Ақша тауар айырбасын жеңілдету үшін пайда болған деп  негізгі мақсатын сол ескі заманда белгілеп кеткен. Сондықтан, әу баста оның жеке өзін саудаға салып, табыс көзіне айналдыруға болмайтыны белгілі болған. Аристотель: «Ақша – пұл, ақшадан ақша тумайды», – деген сөзін осының негізінде айтса керек.

Исламда өсім – харам, ал қарыз беру – халал дегенді жиі естіп жүрміз. Сонда олардың ойланғысы келмегені ме, әлде шынында мұқтаждық па? Бұл шиеленіскен сауалдардың жауабын хақ дінімізден іздесек, қателеспейтініміз анық. Себебі, ислам адам баласына екі өмірдің бақытын бірдей кепіл ететін кемел дін. Адам өміріне аса қажетті экономика саласы да исламда, шариғатта жан-жақты жазылған. Сауда-саттық, жалға алу, кепілдік, қарыз алу және тағы да басқа адамдар арасында болатын тіршілікке қажетті істердің барлығының үкімі шариғатта баян етілген. Сауда мен қарызға байланысты өсім мәселесі де шариғатымызда үкімсіз қалмаған. Алла Тағала Құранда өсімді харам еткені белгілі. Ал Жаратушы тыйым салған нәрсенің берекесі болмайтыны тағы бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед те (с.ғ.с) саудада адалдық танытуды бірнеше мәрте ескерткен.

Кейде бүкіл әлемде болып жатқан дағдарыстың негізгі себебі осы өсімнің салдарынан деген ой келеді. Ендеше, бүкіл әлемді дағдарысқа отырғызған несие мен өсім үшін сіздің отбасыңыз не тұрады, тәйірі! Сондықтан, қызылды-жасылды дүниеге тезірек қол жеткіземін деп, ертеңгі күнімізді естен шығарып алмайық. Өкініп, опық жеуден шаршаған жоқпыз ба?

Бұл несие өзі қайдан шыққан?! Біздің ата-бабаларымыз онсыз қалай өмір сүрді? Тарихқа үңілсек, өсім – жекеменшік ұғымы пайда болған кезден бастап көрініс тапты деседі. Адамдардың әрқайсысы өзіне тиесілі жеке мүлікті иелене бастаған уақытында олардың жиған-терген заттары әртүрлі деңгейде болғандығы белгілі. Біреулердің дүниесі қажеттілігінен артылып жатса, енді біреулердікі өз мұқтаждықтарын өтеуге жетпеген. Осындай жағдайлар оларды дүниесі артық адамдардан қарыз сұрауға  мәжбүр етті. Ал, ауқаттылар болса, олардың әлсіздіктерін пайдаланып, қарызға берген дүниелерінің үстінен өсім алу мақсатымен бергенінен артық талап етуге сол кезден бастап дағдыланған көрінеді.

Қарап отырсақ, дініміздің қоғамның экономикалық жағына мән беретіндігін адам баласын қол қусырып бос отырмай, еңбек етіп, мал табуға шақыратын әмірлерінен аңғаруға болады. Осылайша, адамдар адал еңбектің көзін тауып, оған күш-қайратын салатын болса, қоғамның әл-ауқаты түзелетіндігі сөзсіз.

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дегендей, несие алуды жалғастырмай, адал еңбек етсек, отбасымыздың да берекесі артып, қоғамымыз гүлденері хақ. Лайым солай болғай.

Арайлым НҰРЖАПАР,

І.Жансүгіров атындағы ЖУ-дың студенті

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.