Алматы облысындағы коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша жаңа ақпарат жарияланды. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.
Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы І компонентпен 168 659 адам егілді, оның ішінде, 20 434 медицина қызметкері бар. Ал педагогтар – 30 654, учаскелік полиция қызметкерлері – 1636, студенттер — 1817, медициналық- әлеуметтік мекемелер контингенттері — 739, күш құрылымдарының қызметкерлері – 13 606, мемлекеттік қызметкерлер — 5067, созылмалы аурулары бар адамдар — 4870, басқа тұрғындар – 89 936.
Облыста ІІ компонентпен 36 388 тұрғын вакцинацияланды. Оның ішінде, 12 030 медицина қызметкері, 11 168 педагог, 481 учаскелік полиция қызметкері, 146 студент, 82 медициналық-әлеуметтік мекемелер контингенті, 1580 күш құрылымдарының қызметкері, 891 мемқызметкер, созылмалы ауруға шалдыққан 523 адам және 6094 басқа тұлға бар.
Өңірде әлі бірде-бір вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





