Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАР ТАЛАПҚА САЙ МА? ЖАУАПТЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

29.04.2021
ЭКОНОМИКА
ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАР ТАЛАПҚА САЙ МА? ЖАУАПТЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылы аудандағы бірнеше көшеге асфальт төселіп, елді мекендерге жарық шамдары тартылды. Оған күз-көктемде жауын-шашын суынан лайсаң болып жататын көшемен жүретін жұртшылық бір қуанып қалып еді. Әйтсе де кейбір көшеге төселген асфальттың сапасыздығы көңілге кірбің түсірген болатын. Биыл бұл кемшіліктер түзетіліп, асфальт төсеу жұмысы жалғаспақ.

Айталық, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылының Болатхан, Абай, Ұлтуған, Тентек, Б.Римова, Қ.Байсейітов, Дәулетияров көшелеріне және Бастөбе ауылдық округіне қарайтын Жылыбұлақ ауылының Мир көшесіне орташа жөндеу жұмысы жүргізілмек. Сонымен қатар, Үштөбе қаласының Д.Қонаев, Абылай хан даңғылы мен Рысқұлов, Жолбарыс батыр, Желтоқсан, Жамбыл, Байсейітов, Байсақов, Шевелев, Мақатаев, Кузнецов, Байтуғанов, Момышұлы, Исаев, Жәлменде би көшесіне, Үштөбе шағын көшесіне және Балпық ауылдық округінің Ұмтыл ауылының кіреберіс жолына ағымдағы жөндеу жұмысы жасалмақ. Бюджеттік жоспарға сәйкес Үштөбе қаласының Қаблиса ақын, Жолбарыс батыр, Жұбанов, Касенков, Котовский, Линейная, «Достық» шағынауданындағы Крылов шағын көшесі, «Балқаш» шағынауданындағы Бақай батыр, Медина көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылуда. Сондай-ақ, Үштөбе қаласы мен елді мекендердегі бірқатар көшеге қиыршық құм-тас төгу жұмысы жүргізілмек.

Айта кетерлігі, биыл облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша Тастөбе ауылдық округінің аумағынан өтетін «Талдықорған – Үштөбе – Быжы – Мұқыры» бойындағы «Тастөбе-Бесағаш» жолына және Ескелді ауылдық округінің аумағынан өтетін «Ескелді – Көкдала» жолына «Талдықорған жолдары» ЖШС орташа жөндеу жұмысын жүргізуді көздеп отыр.

– «Үштөбе-Алмалы-Көпбірлік» 147, 26-175, 45 шақырымындағы «Алмалы-Көпбірлік» аралығындағы автомобиль жолы 2020 жылы толық аяқталмағандықтан өтпелі нысан болып 2021 жылғы қараша айының соңына дейін ұзартылды. Осы мерзім ішінде аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Үштөбе – Алмалы» аралығындағы автомобиль жолына маршруттық тәсілмен ағымдық шұңқырлы жөндеу жұмысы жүргізілетін болады, – дейді Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Жарманов.

Әлбетте, жол салуда кемшіліктер де кездеседі. Нақтырақ айтар болсақ, Үштөбе қаласындағы Пронин, Амангелді көшелеріне «Таған» ЖШС орташа жөндеу жұмысын жүргізген. Аталған көшенің асфальт жамылғысының кейбір жерінің сапасы нашар болғаны анықталды. Мердігер жол жөндеуші мекеме төселген жолға 2 жылға кепілдік берген. Автокөлік жолының бұзылған жерлеріне аталған мекеме былтырғы 26 мамырдағы № 31 келісімшартқа байланысты биылғы жылы қайта жөндеу жұмысын жүргізеді.

Үштөбе қаласының Үшкөмей ауылына кіреберіс жолына, Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылындағы Қарымбай ақын көшесіне, Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылындағы Ш. Уәлиханов көшесіне орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін ашық конкурс жарияланған болатын. Осы конкурсты ұтып алған «Golden City DS» ЖШС өткен жылдың 30 сәуіріндегі №17 келісімшартқа сәйкес жолға асфальт төсей бастады. Жоспардың орындалу мерзімі 30 қарашаға дейін ұзартылған. Аталған мердігер мекеме сметалық жобаға сәйкес асфальт жамылғысын және жол жиектеріне қиыршық құм-тас төгу жұмысын мерзімінде толық аяқтай алмады. Сол себепті тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме жұмысты қабылдамады.

– Биыл 11 қаңтарда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапарыз берілген. Қазіргі кезде сот процесі жүруде. Сонымен қатар, келісімшарт негізінде жүргізілген орташа жөндеу жұмысы бойынша жолдың кейбір кеткен жерін толық қалпына келтіреді. Сондайақ, «SILK ROAD Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашық байқауда ұтып алған 16 көшенің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін былтыр 20 мамырда №24 келісімшартқа отырған. Аяқталу уақыты 30 қарашаға дейін ұзартылған, – дейді Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Жоғарыда аталған 16 көшенің 14 көшесіне асфальтты төсеу жұмысы аяқталған. Десек те жол жөндеуші мердігер мекеме қалған 2 көшені, яғни, Жаңаталап ауылындағы Ильина және Үштөбе қаласындағы Қазыбек би көшесіне асфальт төсеу, барлық көшенің жол белгісін орнату мен жол жиегіне қиыршық құмтас төгу жұмысын аяқтамаған. Келісімшартқа байланысты екі жылдық кепілдеме міндеттемесі бар. Сондықтан былтыр 11 желтоқсанда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапарыз берілген. 2 ақпандағы сот шешіміне сәйкес үстіміздегі жылдың 31 мамырына дейін бітпеген жұмыстарды толық аяқтау міндеттелген.

Осыған дейін жолдың сапасыздығына байланысты тұрғындар тарапынан шағым жиі түсетін. Жаңа асфальт жолдың көп ұзамай бұзылуы көптен күткен қуанышты су сепкендей басқаны да анық. Көпшілік жолдың сапалы жөнделуін қалайды. Сол үміт биыл ақталады деп сенейік.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.