Талдықорған: +29°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТЕАТРДАҒЫ ТАРИХИ СӘТ

16.04.2021
РУХАНИЯТ
ТЕАТРДАҒЫ ТАРИХИ СӘТ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгiнгi күн ертең тарих. Сынаптай жылжып жиырма жыл да өте шығыпты-ау. Талдықорған мен Алматы облыстары бiріккенде халықтың да қаланың да мазасы кетiп, көңiлi пәс тартқан күндер де басымыздан өттi. Осы бiр өтпелi тұста қаладағы қазақ драма театрының тiзгiнi менiң қолымда едi. Сол уақытта үлкендi-кiшiлi қызметте жүрген азаматтардың бар арман-тiлегi облыстық статусты қайтармаса да облыс орталығы Талдықорған қаласы болса екен деген ой еді.

Ерiн ойлайтын ел барда, елiн ойлайтын ер болатыны белгiлi. Ақсақалдарымыз бен Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың айналасында лауазымды қызметте жүрген жерлестерiмiз де Талдықорған қаласының тағдырына алаңдаулы екенiн, Президентiмiздiң құлағына ақырындап, «майдан қыл суырғандай» жеткiзгенiне күмәнiм жоқ. Мiне, әуелi Алла, сосын сол азаматтардың арқасында осындай бақытқа қол жеткіздік. Сол тұста: «Қалаға Президент келедi екен» деген дақпыртқа елеңдемеген кiсi жоқ. Әркiм өзiнше тон пiшiп сан-саққа жүгiртiп әлек. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi келiп, iс-шараның театрда өтетiнiн айтып, соған дайын болуымызды ескерткеннен бастап, мазамыз кеттi. Президенттi карсы алу, шығарып салу деген үш ұйықтасам түсiме кiрмеген дүние. Бiр жағы қобалжып, бiр жағы қуанып, екiұдай күй кешкенiмдi ешқашан ұмытпайтын шығармын. 
 Театр ғимаратының солтүстiк қапталында қосалқы есiк бар. Елбасы келетін күні сол есіктің алдында сыптай киiнiп, бейджигiмдi тағып, күтіп тұрдым. Бiр кезде Президент мiнген кортеж келiп тоқтады. Алғаш көліктен облыс әкiмi марқұм Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов шығып, есiктi ашып, Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлын түсiрiп алды. «Ассалаумағаликум, Нұраға», – деп сәлем берiп, қолымды ұсындым. Ықыласпен қолымды алған Президентке Зәкең: «Театрымыздың жас директоры Сағындық деген азамат», – деп таныстырып үлгердi. 
Ішке кiргенде зал тола халық тiк тұрып, дуылдата қол соғып қарсы алды. Оң қолын көтерiп, амандасу рәсiмiн ишара еткен соң: «Бұл Жарлыққа кабинетiмде, тiптi, ұшақта келе жатып та қол қоюыма болатын едi. Бiрақ, мен сiздердiң көз алдыларыңызда қойғанды жөн көрдiм», – деп халықтың тоқтаусыз соққан шапалағының астында театрдың киелi сахнасына көтерiлдi. Жарлықты оқып, көз алдымызда: «Бүгiннен бастап, Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы болады», – дегендi естiгенде қуанған жұрттың қошеметінен құлақ тұнардай болды. 
Елбасының теледидардағы жиналыстарда қағазға қарамай цифрларды жатқа айтатын есте сақтау қабілетiне таңғалатынымыз рас. Басқа театрлардағы әрiптестерiмнің «жылдар өтсе де, келесi кездескенде атыңды нақ айтып тұрады» дегенін естігенде «әсiрелеп отыр-ау» деп сенiңкiремейтінмін. Дәл осы облыс орталығы болған кездесуден бiр жылдан соң облыстың жаңа әкiмi Шалбай Құлмаханов Нұрсұлтан Әбiшұлын театрға Мұхтар Әуезовтің «Бәйбiше – Тоқал» атты спектаклiн көруге әкелгенде көліктен түсе салып: «Сағындық, қалың жақсы ма?», – деп атымды атағанда, сiздерге өтiрiк, маған шын сөзiмнен жаңыла жаздадым.     
Осы бiр жерден сәл шегiнic жасасам. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, сол бiр қиын кездерi, Талдықорған қаласына қайтадан жан бiтiрiп, бүгiнгi көркейiп-гүлденуiне, осы күйге жетуiне бiрден-бiр үлес қосып, күнi-түнi аянбай еңбек еткен адам Шалбай Құлмаханұлындай-ақ болсын. Талдықорғандықтардың Шәкеңе рахметтен басқа айтары жоқ. Шалбай ағамыздың iскерлiгiне, қатаң талапшылдығына кейбiр жалқаулар шыдай алмады. Содан да болар, артық-ауыз әңгiмелер айтылып жататын. «Жақсының артынан сөз ередi, жаманның артынан шөп eредi», – деп бекер айтпаса керек. Ұйықтап кеткен талдықорғандықтарды ояту оңайға түспеді. Қалада электр энергиясы жоқ, көптеген үй ешкiмге керексiз болып қаңырап, терезелерi сынып, үңiрейiп-үңiрейiп тұрысының өзi енсеңдi езiп, көңiлiңе қорқыныш ұялататын кездi де басымыздан өткiздiк. Мiне, осы кезде ұйымдастыру қабiлетiнiң ерекшелiгімен көзге түсiп, халықты соңынан ерте бiлген icкер әкiм Шалбай Құлмаханұлы болатын. Талдықорған қаласының бойына қан жүгiртiп, бүгiнгiдей түрленуiне Үкіметтің алдында мәселе көтерiп қана қоймай, айтқанын өткізiп, үлкен үлес қосып еңбек еткен Шалбай мырзаның еңбегін елі ешқашан ұмытпайды. 
Елдегi бар жақсы iстерге сыртымыздан тiлеулес болып, соның оң шешiлуiне ықпалын тигiзiп жүрген бiрден-бiр жанашыр адам сол кездегі ҚР Премьер-Министрi болып қызмет атқарған, бүгiнгi қазақ елiнiң екiншi Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екенін де айта кетуді жөн санадым. 
Талдықорған қаласындағы қазақ драма театры ашылғаннан берi 25 жыл бойы атсыз-атаусыз едi. Ертеректе Кеңес заманында «Ленин Комсомолы» деген атты сұраған екен. Бұл ой Мәскеу қаласында сол кездерi атағы дүрiлдеп тұрған                                 М. Захаров басқарған «Ленкомдай» болсақ деген ниеттен туса керек. Не себептен берiлмегенiн бiлмедiм. Ал бiз келген жылдары «Iлияс Жансүгiровтің, Қанабек Байсейiтовтың, Ақын Сараның аттары берiлсе деген өтiнiштер болған. Iлиястың атында университет, Мәдениет сарайы, үлкен көше бар. Қанабектiң атында музыкалық колледж, ал Ақын Сараның театрға еш қатысы жоқ», – деп бермегенiн бiлем. Сөйтіп жүріп, театрымызға Бикен апамның аты бұйырды. Алланын қалауы болар, көрнектi драматург Шахмет ағамызбен Бикен апамның ұлы Көбей марқұм облыстық мәдениет басқармасы мен театрға келiп, бізбен ақылдасып, облыс әкiмi Заманбек Нұрқадiловке шығу керек деп шештi. Көбей ағатайым Зәкеңе кiрiп айтқанда «театрмен ақылдас» деген екен. Содан әкiмнiң кезектi бiр жиналысы кезiнде Бикен апамның атын беру жөнiнде мәселе көтерiп, мен сөйлейтiн болып келіcтiк. Айтқандай, осы мәселенi жиналыста көтергенімде Заманбек Қалабайұлы: «Егер сендер қаласандар, болады», деп бұл мәселенi Премьер-Министр Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында көтеретiнiне уәде бердi. Айтқан сөзiнде тұрды да театр қазақ театр және кино өнерінің саңлағы Бикен Римова апамның атымен аталып кетті. 
Облыстың орталығы әлi Алматы қаласында. Сенбi күнi жұмыста отыр едім, алдымдағы телефон қалааралық байланысты бiлдiретiн дыбыспен шарылдай жөнелдi. Кiм болды екен деп телефон тұтқасын көтергенiм сол едi, арғы жақтан бiр жағымды дауыс: «Театр ма екен, директормен қалай сөйлессем болады?» деп сұрады. «Директор тыңдап тұр, өзiңіз кiм боласыз?», дедім. «Бұл Премьер-Министрдiң кабинетiнен» дегенде орнымнан қалай атып тұрғанымды өзiм де бiлмей қалдым. «Иә, тыңдап тұрмын», дедiм сасқалақтап. Қал жағдайымызды сұрап, әр нәрсенiң басын шалған соң «Қандай көмек керек, не мәселе бар» демесi бар ма? Мен екiншi жақтан «бәрi дұрыс, жағдайымыз жақсы», деймін әңгіме ауанын біле алмай. Тiптi, болмаған соң, «театрға жөндеу жұмыстары керек емес пе?», деп аузыма өзi сөз салды. Жоқ дейiн десем, жайдақ төбеден өткен жаңбырдың, қардың суы анау. Қорқа-қорқа «шатыр салсам, алдына брусчатка төсесем, сахна киiмi де тозығы жеттi», деп күмiлжiдiм. «Дұрыс, ауыстыру, жаңалау керек. Сонымен қанша қаржы керек?» деп тағы бiр састырды. Не дерiмдi бiлмей, құдай аузыма салды ма, «алты миллион жетеді», дегенімше: «Сiздердiң театрға Халық әртici, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi Бикен Римованың аты берiлгенi жөнiнде Үкiметтiң Қаулысы шықты. Соны өз қолымен тапсыруға ҚР Премьер-Министрi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев он-он бес күнде барып қалады. Барған кезде құрықол бармайын, театрға берген байғазым болсын деп қолдау көрсетпек», – деп сөзін аяқтады. 
Содан айтқан күнi ҚР Премьер- Министрi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге облыс әкімі Заманбек Нұрқадiлов келдi. Қарсы алып, театрды аралатып, көрермен залынан шыға бергенiмiзде Қасым-Жомарт Кемелұлы, маған: «Өткенде бiр жiгiттер көмектесемiз деп едi, не болды?» дегенде, аузымды ашып үлгергенше Заманбек  Қалабайұлы: «Қасым-Жомарт Кемелұлы, 6000000 теңгені алдық, мынандай қиын жағдайда осыншама қаржылай көмек көрсеткенiңiзге көп-көп рахмет», – деп ризашылығын білдірді. Осы кездесуде Премьер-Министрмен суретке түсiп, театрдың болашағы жайында бiраз әңгімелестік. Қасым-Жомарт Кемелұлын жақыннан бiрiншi рет көрiп, лебiзiн естуiм де осы кез еді. Менi таңырқатқан дүние Қасым-Жомарт Кемелұлының интеллектуалды жан екенi. Жүзiндегi мейiрiм мен акылдың табы жанында тұрған адамды нұрға шомылғандай күйде қалдыратындығы. Осы жолы Қасым-Жомарт Кемелұлы Талдықорған қаласына әдейі ат басын бұрғандағы басты мақсаты, облыстық театрға жерлесіміз Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бикен Римованың аты берілгені туралы Қаулымен таныстырып, құжатын өз қолымен тапсырып, шын жүректен құттықтау екендігін жасырған жоқ. Miне, мен бiлетiн, мен қолын алған кешегi ҚР Премьер-Министрi, бүгiнгi ел Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осындай кемел адам!
 Театрымызға Бикен Римованың аты берілгеніне де 20 жыл өтті. Жарты ғасырға жуық тарихы бар театрымыз бүгінгі күні жастармен толығып, өзінің жаңа бір белесін бастауда. Облысымыздың бүгінгі әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың да театрға қолдауы ерекше. Тотыдайын таранып, сұңқардайын сыланған талды қаламыздың батыс қақпасынан театрдың жаңа ғимаратын салып берді. Бірнеше ықшамаудан бой көтеріп, ел игілігіне арналған көптеген нысандар салынды. Жиырма жылдың ішінде адам танымастай өзгерген жақұт қаламызда әрдайым бақыт таңы ата берсін!

Сағындық ЖҰМАДІЛ,
театр және кино актері,
Талдықорған қаласының Құрметті азаматы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.