Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аткинсондардың Қапалдағы ізі

05.09.2026
КҮНДЕРЕК
Аткинсондардың Қапалдағы ізі
WhatsAppTelegramFacebook

Бұдан бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын Жетісудың кең даласында ағылшын саяхатшысы Томас Уитлам Аткинсон мен оның әйелі Люсидің ізі қалды. Олар бұл өлкені жай ғана басып өтпеді. Қазақ ауылдарына тоқтады, сұлтандармен әңгімелесті, қонақ болды, тау мен өзендерді көрді. Томас көргенін қағазға түсірсе, Люси күнделігіне елдің тұрмысын, адамдардың мінезін, бастарынан өткен оқиғаларды жазып отырды. Сол сапардың ең таңғаларлығы – олардың кішкентай ұлының Қапалда дүниеге келуі. Балаға «Алатау-Тамшыбұлақ» деген есім берілуі де осы өлкенің саяхатшылар жүрегінде қандай із қалдырғанын көрсетеді.

1846 жылы 47 жастағы Томас Аткинсон Ресей империясының сол кездегі билеушісі І Николайға хат жазып, Орал мен Алтайды аралап, сурет салуға рұқсат сұрайды. Оның мақсаты – еуропалықтарға әлі белгісіз Сібір мен Орталық Азия табиғатын көріп, суретке түсіру. Патша рұқсат береді. Аткинсонға арнайы құжат табысталып, Ресей империясының жерлерімен жүруіне мүмкіндік жасалады. Содан кейін оның ұзақ сапары басталады.
Томас сапар барысында жаяу да, атпен де, түйемен де, шанамен де жүрді. Қайықпен, салмен жүзді. Боран мен аптап ыстықты, таудың қиын өткелдерін көрді. Жеті жылға жуық уақытқа созылған сапарында ол 560-қа жуық сурет нобайын қалдырды.

Бірақ Аткинсонның қазақ жеріндегі сапары табиғат көріністерімен ғана құнды емес. Оның жазбаларынан сол кездегі қазақ даласының тынысы, адамдардың күнделікті тіршілігі де көрінеді. 1848 жылдың қыркүйегінде Аткинсондар Аягөзден шығып, он бір күндік ауыр жолдан кейін Алатау бөктеріндегі Қапал бекінісіне жетеді. Бұл кезде Люси жүкті болатын. Қапал сол уақытта Ресей империясының қазақ даласындағы оңтүстіктегі бекіністерінің бірі еді. Бірақ бекіністің сыртында кең қазақ даласы, жайлау, ауылдар, мал өрісі жатты. Саяхатшылар осында қазақтармен жақынырақ араласа бастайды.

Томас қазақтар жайлы: «Қазақтай қу, жылдам әрі батыл дұшпанға қарсы тек казактар төтеп бере алатын еді. Бұл ауданда тұрақты әскер ұстау тиімсіз болатын, өйткені олар тез жылжып жүретін дұшпанның артынан ілесе алмайды», – дейді.

Люсидің жазбаларынан қазақтардың қонақжайлығы ерекше байқалады. Бейтаныс адам келсе де қонақ күтуді міндет санаған. «Бейтаныс адам келгенде семіз қой сойып, қонақ күтеді», – деген мазмұнда жазады ол. «Бәрі таза әрі ұқыпты еді, олар бізді жайлы орналастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», – дейді Люси.

Ағылшын саяхатшылары үшін қазақтардың өмір салты мүлде басқа әлем еді. Киіз үй, көшпелі тұрмыс, ат үстіндегі тіршілік, мал бағу – мұның бәрі олар үшін қызық болатын. Люси тіпті қазақ әйелдерінің өміріне қызыға қарап, тау жайылымдарын іздеп, елмен бірге көшіп-қонып жүретін еркін өмірді армандағанын жазады. Люси мен Томас таңертең ерте тұрып, далалы жер арқылы әрі қарай саяхаттауға дайындалды. «Бұл – терезеден бақылаған қызу көрініс болатын», – деп жазады Люси: «Бізге ілесетін қазақтар сыртта аттармен, түйелермен күтіп тұрды. Олар бізді және жүктерімізді жазық даламен алып өтуі тиіс еді. Олардың келбеті табиғи көрінеді, бірақ жүздері мейірімге толы. Олардың азиялық киімдері ерекше әдемі, тартымды, белдерін таңған маталары да адам қызығарлықтай», – деп суреттейді. Аткинсондардың Қапал сапарында Сүйік сұлтанның орны бөлек. Абылай ханның ұлы Сүйік сұлтан сол дәуірдегі Жетісудағы беделді тұлғалардың бірі еді. Аткинсон онымен бірнеше рет кездесіп, әңгімелескен. Саяхатшы қазақ сұлтандарының мінезін де өзінше бағалаған. Бұлан сұлтанды оқымысты әрі дарынды адам деп таныса, Бек сұлтанды дәулетімен сипаттайды. Ал Сүйік сұлтанға берген бағасы мүлде өзгеше. Аткинсон оны «барымтадан сексен жасында да қалмаған дала қарақшысы» деп сипаттайды. Бұл – саяхатшының сол кездегі қазақ қоғамындағы барымта құбылысына сырт көзбен берген бағасы. Соған қарамастан, Сүйік пен Аткинсонның арасында сыйластық қалыптасқан. Сүйік сұлтан ағылшын суретшісіне қылышын сыйлағаны да айтылады. Аткинсон оның портретін салып, тарихта қалдырды. Бір қызығы, Сүйік сұлтан портретке түскенде мұрнын бұрынғыдай етіп салуды өтінген екен. Барымта кезінде жараланған мұрны арқылы патша оның бұрынғы әрекеттерін біліп қоя ма деп қауіптенгені жөнінде дерек бар. Портретте сұлтан қызыл шапан киіп, кеудесіне алтын медаль тағып, қылышын асынып бейнеленген. Осылайша Аткинсонның суреттері қазақ даласының табиғатын ғана емес, сол дәуірдегі қазақ тұлғаларының бейнесін де сақтап қалды. Қапалда дүниеге келген Алатау-Тамшыбұлақтың тағдыры да қазақтармен байланысты болды. Люси баланы ауыр жағдайда босанады. 1848 жылдың 4 қарашасында, мерзімінен шамамен екі ай бұрын, ұлы дүниеге келеді. Жас дәрігер оның ұзақ өмір сүретініне сенімсіздік білдірген.

Сол түні Қапалда қатты боран соғады. Киіз үйдің іші суық. Су мұз болып қатады. Шала туған нәрестені жылы ұстау үшін ішікке орап, пештің қасына жатқызады. Сәби аман қалады. Оған «Алатау» деген есім таудың құрметіне, «Тамшыбұлақ» деген екінші есім туған жерінің құрметіне қойылды. Люси: Сәбиімнің дүниеге келуі Қапалда үлкен оқиға болды. Соңғы айда туған бірнеше бала шетінеп кетті. Бірнешеуі көшіп-қонып жүргенде дүниеге келді. Бірақ тірі қалмады. Тек менің сәбиім тірі қалды…», – деп жазады.

Кейін Люси қазақтардың баланы ерекше жақсы көргенін қағазға түсіреді. Сұлтандардың бірі баланы қазақ даласында қалдырса, оған бір үйір жылқы мен нөкер беруге уәде еткені де айтылады. Қазақтар кішкентай Алатауға шапандық мата, қозы-лақ сияқты сыйлықтар әкелген. Бұл – қазақтардың балаға деген ықыласын көрсететін әсерлі естелік. Аткинсондар Қапалда ұзақтау аялдауға мәжбүр болды. Өйткені Люсидің босануы отбасының жоспарын өзгертті. Осы кезде Томас айналадағы таулар мен аңғарларды аралап, сурет сала бастайды. Сол сапарлардың бірінде олар Алатау етегіндегі ғажайып жерге келеді. Бұл жерді кейін ұлдарының екінші атымен байланыстырған Тамшыбұлақ еді.

Аткинсонның суретінде жартастар арасынан аққан су төмен қарай құлап, тас үстінен шашырай ағады. Судың тамшылары күн сәулесіне шағылысып, түрлі түсті тастардың үстінде ерекше көрініс береді. Томас бұл көріністі суретпен жеткізуге тырысқанымен, кейін оның сұлулығын литография толық бере алмағанына өкініш білдіреді. Ол Тамшыбұлақты жай ғана табиғи нысан ретінде емес, ерекше көрікті мекен ретінде қабылдаған. Кейін бұл жердің атауы оның ұлының атына айналды. Сондықтан «Алатау-Тамшыбұлақ» деген есімнің өзінде Жетісудың екі белгісі – ұлы тау мен мөлдір бұлақ қатар тұр.

Аткинсондардың Жетісудағы тағы бір қызықты сапары – Арасанға барған кезі. Олар Арасанның қайнарын Қапал өзенінен бірнеше жүз фут биіктеу жатқан шағын сайдан табады. Бұл жерде жоңғарлар заманынан қалған құрылыс іздері де кездескен. Саяхатшылар үлкен тастардан салынған монша орны мен көне ғибадатхана іргетасын көрген. Томас судың температурасын тұрақты деп сипаттайды. Оның құрамында күкірт барын, судан газ көпіршіктері шығатынын байқайды. Ең қызығы – олар кішкентай Алатауды да осы жылы суға шомылдырады. Люсидің айтуынша, баланың туғаннан бері терісінде болған бұдыр іздер осы суға түсіргеннен кейін жоғалған. Осылайша Жетісудың Арасан суы олардың отбасылық естеліктерінің бір бөлігіне айналады. Қапалда болған кездерінде Аткинсон бос отырған жоқ. Ол айналадағы таулар мен өзен аңғарларын аралап, сурет салды. Саяхатшылардың жолы Бүйен аңғарына, Кора өзенінің жоғарғы бөлігіне, таулы өлкелерге түсті. Бүйен – бастауын Жоңғар Алатауынан алатын өзен. Аткинсон бұл өңірдің табиғатын қазақ жолсеріктері мен күзетшілерінің көмегімен аралаған.

Жетісудың сол кездегі табиғаты оның көз алдында тұтас бір сурет секілді ашылды. Қарлы шыңдар, терең шатқалдар, асау өзендер, тау бөктеріндегі көкорай жайылымдар – бәрі оның қағазына түсті. Ақсу, Бүйен, Қора, Лепсі, Басқан, Сарқан секілді өзендер жатқан осы өлке Аткинсон үшін Еуропадағы табиғаттан мүлде бөлек әлем болды. Ол бұл жерлерді суретші көзімен көрді. Аткинсондардың жазбаларында қазақтардың күнделікті мінез-құлқы да жиі көрінеді. Бірде Люси өзеннен өтуі керек болады. Су терең еді. Сол кезде қазақ жолсерігі ойланбастан суға кіріп, оның алдына тоқтайды да еңкейіп, арқасын ұсынады. Люси оның арқасына отырып, өзеннен өтеді. Бұл шағын ғана оқиға қазақ жолсерігінің жолдағы жауапкершілігін, қонаққа деген қамқорлығын аңғартады. Люси тағы бір қасиетке назар аударады: Қазақтар үшін келген адамның әрбір қимылы қызық. «Біздің ең кішкентай қимылымыздың өзі олардың қызығушылығын тудыратын», – деп жазады ол. Ал қазақтардың тұрмысын сырт көзбен бақылаған кезде, Люси олардың табиғатпен етене өмір сүретінін де аңғарған. Аткинсондар үшін қазақ даласындағы ең үлкен жаңалықтардың бірі – адамдардың қонақжайлығы болды. Олар кейде қазақтардың үйлеріне кіріп, шай ішті. Қонақ келгенде барын алдына қоюға тырысатын халықты көрді. Қазақ даласында олар сән-салтанатты өмірден гөрі қарапайым тіршілікті көрді. Киіз үй, ет, шай, ат, мал, жайлау – бәрі олардың күнделікті өміріне айналды.

Аткинсондардың жазбаларын оқығанда сол заманның Жетісуы көз алдымызға қайта келеді. Қапалдың желі, киіз үйдің түтіні, тау арасынан аққан су, қазақтың қонақжайлығы, Сүйік сұлтанның тұлғасы, Бүйеннің аңғары, Арасанның қайнары – бәрі бір дәуірдің үнсіз куәсіндей. Ал Тамшыбұлақ сол естеліктің ең нәзік әрі ең жарқын нүктесі болып қала береді.

Томас үшін Қапалдың тағы бір маңызы бар еді. Ол осында жүрген кезінде Қора өзені бойынан он бір көрініс салып, Қапал маңындағы табиғатты қағазға түсірген. Тіпті сол кезде Батыс Сібір генерал-губернаторы Петр Горчаковқа жазған хатында Қапалға келгеннен бері Қора өзені мен оның айналасынан бірнеше көрініс салғанын айтады. Қапалдағы тұрмыс, әрине, саяхатшылар күткендей жайлы болмады. Люси кейінгі естеліктерінде олардың қарапайым баспанасын, қатты нанын, ет пен күрішке ғана сүйенген тамағын, дала желінің күшін жазады. Бірақ, осындай қиындықтардың арасында жергілікті жұрттың көмегі де олар үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Әсіресе, Люсидің өмірінде Қапалдың орны бөлек болды. Ол осы жерде ана атанды. Қатты боран соққан түнде өмірге келген шала туған сәбиін аман алып қалу оңай болмады. Сол күндері жергілікті адамдардың көмегі де жас отбасы үшін аса маңызды еді. Қапал олардың сапарын да өзгертті. Бастапқыда ары қарай жолға шығуды жоспарлаған отбасы қыстың қаталдығына байланысты бірнеше ай осы жерде қалуға мәжбүр болды. Сөйтіп, Қапал олардың жолындағы аялдама емес, отбасы толыққан мекенге айналды. Кейін бұл жер олардың ұлының атымен бірге аталып, Аткинсондар әулетінің жадында сақталды. Араға 168 жыл салып, оның ұрпақтары Қапалға арнайы келіп, атақты атасы Алатау Тамшыбұлақтың кіндік қаны тамған қасиетті Тамшыбұлақтың басына тағзым етті. (Деректер Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабынан алынды).

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық бәйгеде үздік шықты

Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық бәйгеде үздік шықты

05.09.2026
Біз білетін бапкер

Біз білетін бапкер

05.09.2026
Аткинсондардың Қапалдағы ізі

Аткинсондардың Қапалдағы ізі

05.09.2026
Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

05.09.2026
Өз үнің өгейсімесін

Өз үнің өгейсімесін

05.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.