Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТАЛҒАР, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДАРЫНА БАРДЫ

16.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТАЛҒАР, ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДАРЫНА БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысына арнайы іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ алдымен Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы медициналық мекемеде болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Сапар барысында ауылдық амбулатория мамандарымен және екпе алуға келген тұрғындармен тілдескен министр екпе алуда адамдардың көп жиналуына және денсаулыққа қауіп төндіруге жол бермей, вакцинаның жоспарлы процесін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Пациенттермен әңгімелесіп, есепте тұратын адамдардың денсаулық жағдайлары туралы сұрап, білді.

Талдыбұлақ дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Баян Есенбаева дәрігерлік амбулатория базасында құрылған мобильді бригада ауыл тұрғындарына алдын ала қоңырау шалып, вакцинация жүргізілгені туралы хабардар ететіндігін, сондай-ақ, тілек білдірушілерді тіркеп, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беретіндігін баяндады.

Осы уақытта ауылда егу науқаны қыза түскен. Амбулаторияның жеке кабинетінде пациенттер жалпы практика дәрігерінің алдын ала тексерісінен өтеді. Екпе алардан бұрын тұрғынның температурасы, қан қысымы өлшеніп, созылмалы аурулардың бар-жоғын сұрайды. Вакцинациядан кейін сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндіріледі.

Арнайы жабдықталған егу кабинетінде вакцинаны сақтау және енгізу үшін жағдай жасалған. Мұздатқыш жабдық, вакцинаға арналған бокс жабдықталған. Ондағы температуралық жағдайлар сақталады.

Бүгінгі күнге дейін Талдыбұлақ ауылдық амбулаториясында 135 адам вакцина алса, оның ішінде медицина қызметкерлері де бар. Ауылдық амбулаторияға келген вакцинаның тағы 300 дозасын алдағы екі күнде пациенттерге егу жоспарланған.

— Бүгінде халық вакциналарға көбірек сенім артты. Алдымен, медицина мамандары да сақтықпен қарағаны белгілі. Жаңа вакцина болғандықтан, ол түсінікті жайт. Бірақ , біраз уақыттан соң вакцина алған адамдардың өздерін жақсы сезінетінін көреміз, ешқандай айқын реакциялар тіркелген жоқ. Ал температураның уақытша көтерілуі, әлсіздік кез келген вакцинада көрінуі мүмкін белгілер, – деген Алексей Цой елімізде вакцинацияның қарқынды дамып келе жатқанын, кеше ғана 70 мыңға жуық адам алса, бүгінде олардың саны жарты миллионнан асқандығын айрықша атады.

— Қазақстанның әрбір өңіріне вакцина келіп түсетін кестелер бар. Бұл вакциналар Еуропа, Азия елдерінде де қолданылады және біз жоғары тиімділікті көреміз. Сондықтан, біз үшін азаматтардың оларға қол жеткізуі өте маңызды, әсіресе, халық үшін бұл тегін, – деді министр. Сондай-ақ, өңірге сапары барысында Денсаулық сақтау министрі вакциналау қарқыны артатындықтан, вакцинаны жеткізу де күн сайын ұлғая түсетіндігін мәлім етті. Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерік амбулаторияға бару ауыл азаматтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін, вакцинация кабинеттерінің, қажетті температураны ұстап тұратын тасымалданатын мұздатқыш камералардың болуын көрсеткенін атап өтті. Ол медициналық көмек көрсетудің мұндай деңгейі іріктеліп емес, облыстың барлық ауылдық елді мекендерінде қамтамасыз етілуі тиіс екендігін айрықша тапсырды. Вакцинация жұмысын жеделдетуде министрлік тарапынан барлық әдіснамалық көмек көрсетіледі, медициналық қызметкерлерді оқыту тұрақты негізде жүргізіліп, барлық нұсқаулықтар медициналық ұйымдардың басшыларына жеткізілетіндігін айтты. Бірақ қазір ол барлық иммундау алгоритмдерін сақтай отырып, халыққа вакцинацияға барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық жұмыстарды жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов ауылдарда амбулаториялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін биылғы жылы өңірде 25 денсаулық сақтау нысаны іске қосылатынын айтты. Қазіргі кезде облыста коронавируспен күреске 30 медициналық ұйым тартылған, 4500-дей төсек орын дайындалды, медициналық құралдармен жабдықталу 89 пайызға жеткізілді. 1,1 млн.адам вакцина салдыра алады, бүгінгі күнге соның 60 мыңы салдырған. Бұл ретте өңір жаппай вакцина алуға дайын. 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада дайындалды. Әр пункттің қабылдау мүмкіндігі 7 мың адамнан асады, ал қажет болған жағдайда пункттердің саны 1016-ға жеткізіледі.

Ақдала ауылына келген Алексей Цой осындай жылжымалы кешен базасында медициналық көмек көрсетілгеніне куә болып, вакцина салдырып жатқан азаматтармен тілдесті. «Бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырдым. Ол үшін ауруханаға барудың қажеті болған жоқ, екпені ауылға келген жылжымалы кешеннің ішінде салып берді. Бұл біз үшін қолайлы», – деп жергілікті тұрғын Асхат Ниязов өз пікірін жеткізді.

Денсаулық сақтау министрінің сапары бұдан әрі Еңбекшіқазақ ауданында жалғасты. Мұнда А.Цой саяжай қауымдастығы тұрғындарына арналған қосымша егу пунктінің және Еңбекшіқазақ ауданындағы ауданаралық көпсалалы аурухана базасында құрылған Озық тәжірибелер орталығының жұмысымен танысты. Осында ол аудан, қала әкімдерімен, өңірдің медициналық мекемелері басшыларымен өткен онлайн жиынға қатысты.

Алматы облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой:

– Алматы облысында ауылда медициналық көмек көрсету жақсы жолға қойылған. Вакцина егу кабинеті, тиісті температураны ұстап тұратын тоңазытқыш контейнерлері бар. Өңірде барлық күш жұмылдырылған. Санитарлық көлікпен қамту жоғары деңгейде. Дәрі-дәрмек қоры мен жеке қорғаныс заттарының қоры жеткілікті көлемде. Төсек-орын, құрал-жабдықтар жағынан да, медицина мамандарының дайындық деңгейі жағынан да бар мүмкіндік жасалған. Абыр-сабыр жоқ, халық қайда, кімге барып жүгінуге болатынын біледі, емдеудің айқын схемасы қалыптасқан. Жалпы, Алматы облысы коронавируспен күрес жөніндегі регламентке сәйкес алға қойылған міндеттерді жақсы деңгейде орындап отыр, – деді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.