Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ІНДЕТТІҢ ӨРШУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

12.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ІНДЕТТІҢ ӨРШУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТКІЗДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына байланысты өңірдегі эпидемиологиялық жағдай жөнінде шұғыл жиын өтті. Жиынға ZOOM платформасы көмегімен облыстың барлық аудан, қалаларының әкімдері қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Амандық Ғаббасұлы өңірде коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын сынға алды.

– Облыс коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «қызыл аумақта». Көптеген аудан мен қалада өсім байқалады. Әсіресе, жағдайдың ушығуы Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Панфилов, Балқаш аудандары мен Талдықорған және Текелі қалаларында орын алып отыр. Болған деректің алдын алып, ескерту шараларын күшейту керек, – деген аймақ басшысы жауапты тұлғалардың жұмысы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған, қалыптасқан жағдайға сай емес деп бағалады.

Бұл ретте Амандық Баталов осы бағыттағы жұмысты жандандыру керектігін тапсырды: «Бірінші кезекте біз аурудың таралуын бақылауда ұстауға жағдай жасауымыз керек. Балалар мен қарттардың ауруына жол бермеуге тиіспіз. Екіншіден, жергілікті жерлерде сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуіміз қажет. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік жасалған, қаржы жеткілікті көлемде бөлінген. Халық арасында карантиндік шаралар мен мониторингтік топтың жұмысы туралы түсіндіру шараларын одан әрі күшейту де аса маңызды. Жаппай вакцина салу – аурумен күрестің негізгі бағыттарының бірі. Оның пайдасы туралы халыққа түсіндіру керек», – деді облыс әкімі. Сонымен қатар, ол мониторинг топтарының жұмысы мейрамханалар мен кафелерді жабуға байланып қалмауы керектігін қатаң ескертті: «Шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істесін, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы керек. Оларды жабуға тек ең соңғы шара ретінде ғана жүгінуіміз керек. Қоғамдық тамақтану орындары карантин шараларын бұзып, бұқаралық іс-шаралар өткізбес үшін түсіндіру жұмыстарын күшейтіңдер, Вирустың қандайлық қауіпті екенін, денсаулыққа қандай зиян тигізетінін, адам өміріне қаншалықты қатер төндіретінін халыққа түсіндіріңдер. Коронавируспен күресте алдын алу маңызды. Жаппай жұқтыруға жол бермеу керек. Ал күнделікті қанша адамның ауырғаны туралы есеп беріп отыру  инфекциямен күрес емес», – деді А.Баталов.

Атап өтсек, облыста айдың басынан бері ПТР-тестілеуден 27 500 адам өтті. 5 ауданда, негізінен Алматы агломерациясы аймағындағы аудандарда санитарлық дәрігерлердің туристік бағыттарды, қоғамдық тамақтану орындарын, халық көп жиналатын орындарды жабу туралы қаулылары шықты. Жеткілікті көлемде төсек-орын қоры дайындалды. 225 егу пункті жасалды. Демалыс күндері сағат 10-нан кешкі сағат 20-ға дейін және жұмыс күндері сағат 8-ден түнгі сағат 22-ге дейін егу пункттері жұмыс істейді. Өңірге қосымша тағы 21 мың 670 доза вакцина жеткізіліп, барлық аймаққа таратылады. Бүгінгі күні облыстың 30 мыңнан аса тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алған.

Соған қарамастан қабылданған шаралар өз деңгейінде тиімділігін көрсетіп жатқан жоқ. Облыс басшысы аудан, қала әкімдерінің өз өңірлеріндегі жағдайды жақсы білмейтіндігін, соның салдарынан жергілікті жерлерде қажетті шаралар қабылданбайтынын қадап айтты. «Мәселеге кешенді түрде қарау керек, вирустың ары қарай таралып кетуін болдырмау үшін ауру ошақтарында шектеу шаралары қатаң сақталуы тиіс. Бірақ жергілікті жерлерде тиісті шаралар дер кезінде атқарылмайды, содан барып аурудың таралуы өршіп барады. Менің айтқан ескертулерімді есепке ала отырып, жағдайды түзеу үшін 10 күн уақыт беремін. Бұл менің орынбасарларыма да, тиісті облыстық басқарма басшыларына да, әсіресе, аудан, қала әкімдеріне де қатысты», – деді Амандық Баталов.

Облыс әкімі өз сөзінде қазір індетпен күреске асқан жауапкершілікпен қарайтын кез екенін еске салды. Негізінен басты күшті алдын алуға бағыттау керек. Сырқаттарды емдеуде бүгінге дейінгі жиған тәжірибелерді, телемедицина мүмкіндіктерін, емдеудің жаңа тәсілдерін – барлығын да ортақ мүддеге бағыттап, адам өлімін болдырмау керектігін айтты.

Күнделікті жұмыс та назардан тыс қалмауы тиіс. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ырықтандыру, жылыту маусымын үздіксіз жүргізіп аяқтау, көктемгі дала жұмыстарына кірісу, санитарлық тазалық шараларын атқару – осының барлығы да барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілуі керек.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.