Талдықорған: +34°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БЕСІГІ ҚҰТТЫ, БОСАҒАСЫ БЕРІК ӨЛКЕ

09.04.2021
КҮЛТӨБЕ
БЕСІГІ ҚҰТТЫ, БОСАҒАСЫ БЕРІК ӨЛКЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ өмірінде терең мәдени із қалдырған Шығыстың рухани мұрасымен сусындап, XIX ғасырдағы халықтың өзгерген өміріне сәйкес келетін құндылықтарды ұлттың ой-санасына сіңіру мақсатын алға қойған Алаш қайраткерлерінің ағартушылық жұмысты орасан күш-жігермен атқарғанын жақсы білеміз. Себебі, XX ғасыр қазақтардың қоғамдық-мәдени өмірінің алдына әлденеше еселенген күрделі міндеттерді қойды. Адамзаттық мәдени байланыстардан тамыр алып жатқан жаңа ғылыми және мәдени өмір үлгісімен өсіп, өркендеу үшін не керектігін айтқанда, ең әуелі ұлтты ұйыстыратын идеялық ұстаным ұлтты сүюден басталады деп ұран еткен. Сол соқтықпалы, соқпақсыз ғасырда өмір сүрген көрнекті ағартушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытұлы өзінің әйгілі «Ұлтты сүю» деген еңбегінде «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Жапония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы – мемлекеттің керегі, қызметкері» деп жазды.

Ұлты үшін құрбан болуға даяр күрескерлік қасиеттерді, оқыған адамдардың ұлт қамы үшін қызмет жасап, бір заманда дүниежүзінен жоғалып кетпес қамын ойластыруды орнықтыруды мұрат тұтқан. Ұлтты сүю түрлі сипатта көрінуі табиғи нәрсе. Әр адамның ой-өресі мен білім-қабілетіне байланысты. Адам баласы жарық дүние есігін ашқанда-ақ оның бойында әке қанымен, ана сүтімен сіңген қасиет, мінез, ішкі сезімнен күш алатын, ататектен дарыған іңкәрлік көңіл-күй болады. Елді сүю мен туған жерді ардақтаудың негізі тірі жанның жаратылысымен келеді. Халқымыздың «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген қанатты сөзінің терең астарында осы халықтың ұлылығы – рухында жатқанын аңғартады.

Қазақ мәдениетін дүниежүзілік мәдениет қазынасын игеруге жаппай ұмтылыс туғызатын дәрежеде жаңғырту ұтымды болғаны рас. Білім-ғылыммен қол жеткізетін табыстардың өзегі өркені өскен халықтардың мәдениетімен таныстық та өз жаңалығын әкелуімен құнды еді.

Қазақ оқығандары тәрбие негізі жаңа дәуірдің талабына сәйкес үйрену мен ұлтына қызмет ету тәжірибесін алу жаңа даму мүмкіндіктеріне жол ашу екенін түсінді. Қазақтың маңдайалды адамдары өздерін-өздері тәрбиелеу ісінде уақыт көшінен қалмай, қоғам мен ұлттың дамуына еңбек сіңіру қажеттігін халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр деген ойға шақырған және сол еркесті ойға тік тұра алуға тырысқан. 

Алаш ардақтыларының заманында дербес мемлекет құруға қолы жетпесе де олардың ұлттық мемлекет, өскен жұрт болудың мақсаттарына жетелеген, ұлттың рухын көтеріп, мәдениеті мен тарихын дамытуға бар ақыл-ойын жұмсап, күрескен, аянбай тер төккен, қиын да қасіретті замандарда ұлт мүддесі жолында басын бәйгеге тіккен ардақты, біздің бағымызға жаратқан толқын-толқын ұрпақтың алдында бас иіп, тағзым етеміз.

Қазақ топырағында дүниеге келген ойшылдар мен ғұламалар ғылыми еңбектерінде де, билер мен сөз өнері шешендерінің өлмес мұраларында да, ақын-жыраулардың бес ғасырлық өлең-толғауларында да еркін ел мен азат жұрттың арман-мақсаттары ата-баба жерін көздің қарашығындай сақтап, жұрт тыныштығын қорғау, қара орман қалың елдің қамын ойлау, абыз ұлттық салт-дәстүрімізді кір шалдырмай кейінгі ұрпаққа аманат ету, тек жақсылыққа ғана үндеу сияқты қабырғалы, байтақ елге тән ерекшеліктер мен ерен еңбек құндылықтарын тасқа қашап жазып, Тәңір тілімен жеткізген.

Қазақтың ұлттық мінезі өз ұлтының иманы мен мейірімінен нәр алатын адалдық және ұлттық намысқа құйылған ұлттық ұятымен мықты әрі көркем!

Ерлері ел-жұртына ес әрі сес болса, ешкімге есесін жібере қоймайтын ерліктерге толы өмірін мақтаныш ету – жастар тәрбиесінің басты тақырыбына айналуы керек.

Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Елбасы айтқан бұл тарихи сөз жас ұрпақ үшін дүниетаным мен ұлттық мәдениетіміздің мәйегі.

Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі. Қандай елдің азаматы екенімізді есеп беріп айтудың рухани өлшемін осы қағидадан табуымыз керек.

Құдай қазаққа қырын қарамаған. Пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген. Байлығын да берген. Қасиетті Елі бар, киелі жері бар. Елтұтқа азаматтары да бар.
Қазақ елінің 30 жылға жуық тәуелсіздік жылдарында ұлтымыздың ұлы бақыты – дербес мемлекет болып, өркениеттілік жолымен дамып, дүниежүзінде іргелі мемлекеттер қатарында зор табысқа жетуі – біз үшін де бұрын-соңды болмаған тарихи жетістік. Кезінде өткен ғасырларда ата-бабаларымыз аңсап, ардақты перзенттеріміз армандап кеткен ұлы тарихқа куә болып отырмыз. Адамзат тарихында Қазақ елін халықаралық саясатта биікке көтерген, ұлт көшін өркениет жолына алып шыққан Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліне сіңірген еңбегі мен сан қырлы саясаткерлік даналығын келер ұрпақтар да мақтаныш ететін болады. Еліміз мына жаһандану мен аласапыран дәуірде сыналатын тұста да ерік-жігер танытты. Өмірді де өзгертті. Елбасы бір ойтолғауында «Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес» деп туған халқына бар есті тірлігінде қарыздар болып өтеудің мән-мағынасын дәл сипаттап береді. Шынайы ұлттық сана қалың жұрттың қай заманда да басты шарты болуы тиіс. Саясат соқпағынан мәдениет соқпағына шыққан әрбір адам саясаттың негізгі мақсаты – адам, қоғам, ел қамы екенін жақсы біледі.

Тәуелсіздік тудырған тұлғалар, біз мақаламызда ұлтты сүю жайында армандап айтқан, жанайқайын ақылға салып безбендеген Алаш ағартушысының пікірінен туындайтын сұрақтар мен мәселелерге байланысты ұлтына көп еңбек сіңіріп, қоғамның әлемдік кеңістікте тұғырлы болуына елеулі үлес қосқан адамдардың да зерделі мектебі қалыптасты. Жады тарихында егемендіктің елең-алаңында маңдай терін төгіп, ұйқысы қашып, қызмет еткен, байыпты тірлігімен, озық ойларымен халқының сенімі мен үмітін ақтаған, Елбасының серігі болған азаматтарға да құрмет көрсетуге тиіспіз. Отыз жыл ішінде ойға алғанымыз оңынан орындалса, ол – саяси тұрақтылық пен ауызбірлікті нығайтқан ішкі және сыртқы саясаттың жемісі. Ол – байтақ еліміздің әрбір киелі өңірінде жұмыла еңбек етіп, сын сағаттарда Отанды шексіз сүйе білудің асыл мұраттарына адалдық деп білеміз. Ол – әлеуметтік мүдденің барлығынан да биік және мемлекеттік саясаттың жүйелі болуынан. Ел болудың ұяты да біздің жұртымыздың мойында болып, еңбек пен жауапкершілікті сезінген азаматтар тағдырлы кезеңдерде айрықша көзге түсті.

Тарихы терең, табиғаты ғажайып, топырағынан кие кетпеген Жетісу өңірі бізге де тым ыстық. Журналистік еңбек жолымызды ашып, мәпелеп, өсірген, азаматтық биікке жөн сілтеп, ақ батасын берген, қасиеті асқан жұрт. Ұлылардың атамекені. Елдікті өсиеттеген, кеңдікті қасиеттеген, қайырлы қоныс, нұрлы өңір, дарқан Жетісу ұлттық құндылықтардың да бастауында тұрған өлке.

Хантәңірі мен Алатаудай биік азаматтары көп. Еңбек даңқын асырған Жұлдызды ерлері мен ақылман ақсақалдарын бүкіл Қазақстан біледі. Батырлар мен ақындар елі. Өнер таланттарының ордасы. Әрбір тұлғасын санамалап айту мүмкін емес. Бұл жағынан Жетісу өлкесінің аты озып тұр. Бесігі құтты. Босағасы мықты. Ал, меценат деп аталып жүрген бақуатты кәсіпкерлерінің үлгісі де үздік. Ел аузында жүрген Бауыржан Оспановтай жігіттер тұтас бір ауылды қайта жаңғыртып, қаладан тұрмысы бір кем емес қалашықты салып береді. Туған жердің қадірін біліп, абыройын асқақтатқан Молдияр Нұрбаевтай азамат қазақ поэзиясының Құлагері Ілияс Жансүгіровке Ақсуда еңселі ескерткішін тұрғызып, байырғы мектептің іші-сыртын бірдей күрделі жөндеуден өткізіп, алыс ауылдарға әлеуметтік көмек көрсетуде мейірімі мен жомарттығы жарап тұр. Қайран Жақсылық Үшкемпіров ағамыз, қазақтың батыры ауылшаруашылығында орасан тірлік жасап, берекелі ауылдың тұрмысын түзетті. Кең дала төсін мыңғырған малға толтырып, дала байлығын жасап еді. Жақсылық ағамыз спорт өнерінде ұлт намысын абыроймен қорғап, қазақ жастарының арасынан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанса, ауылшаруашылығын өркендетуде керемет табысқа жетті. Жеке адами өнегесіне тең келер ешкім жоқ-ау. Қазақстанның Еңбек Ерінің қадір-қасиеттері Ұлтын сүюдің үлгісі дер едік. Өйткені, өмірден түйгені көп ардақты азаматтың бойында адалдықпен еңбек ету мен өз ісіне деген терең жауапкершілік бар.

Ұлтқа қызмет етудің өлшемі, міне, осында тұр.

Қазір Қазақстан қоғамында толық қолдауға ие болған «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасы бойынша Үкіметпен бірлесіп әзірленген «Жол картасын» жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Еліміз бойынша 216 аймақтық бағдарламада әр өңір, қала мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жан-жақты көрініс тапқан. Елбасының тапсырмасына сәйкес барлық бағдарламаның индикаторы мен орындалу мерзімдері көрсетілген. Бұл ауқымды жоспарды жүзеге асырып, бақылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары белсене атсалысады. Билеуші партияның толыққанды бағдарламасы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартып, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор серпіліс туғызады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілетін болады. Барлық күш-жігерімізді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыруымыз керек. Басты басымдық – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Жұрт жасанды жетістіктерді емес, көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты нәтижені күтеді. Халық экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жемісті болғанын қалайды. Біз осы мақсаттағы ауқымды жұмыстарға барлық белсенді азаматтарды тартамыз» деп атап көрсетті. Парламент Мәжілісінің VII шақырылған алғашқы сессиясының ашылуында айтылып, жүктелген бұл міндеттерді мүлтіксіз орындау баршаның ортақ парызы.

Ел дамуының нақты қадамдары жасалуда. Қоғамның азаматтық ұстанымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Халық қоғамдық қатынастарға араласа бастады. Дәйекті өзгерістер қолға алынуда. Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғырту да алда тұрған асқаралы міндеттің бірі. Сүйсініп отырған халық сенімі бар.

Адамды жүрекпен де, ақылмен де сүю секілді бастан биік ұлт туын берік ұстау үшін туған елімізді сүюді жан-тәнімен сезініп, ерекше жауапкершілікпен бірлесіп еңбек етуіміз қажет. Тарихи жылдың бедерінде әр өңірдің жетістіктері жайында жазылып жатқаны да тарих болып табылады.

 Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026
TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.