Талдықорған: +29°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДӘНЕШ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

26.10.2020
КҮЛТӨБЕ
ДӘНЕШ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Айтыс аламанында атой салып, жырмен жұртты тамсандырып қайтқанда қараша үйге өлеңсүйер жұрт жиылып, ардакүрең ақынның әңгімесін тыңдайтын. Сонда алқалаған әлеуметтің ынтызарлығына қарап қыран құстай қомданып, шабыт шақырған шайыр айтыстың ең шұрайлысына тиек босатушы еді. Қаракесек жырды қос ішекті домбырамен әуелететін. Жады зерек Асылақын Қалиев өзінің өткір айтқан жерлерін ғана емес, сол аламанда қарсыласын қажаған өзге де айтыскерлердің жырын жатқа соғатын. Бір тыңдағаннан санасына сіңіріп алған зеректігіне ел сүйсініп, ғажайып әңгімелеріне құлақ қойса, тұйғындай ғана тұрпаты бар, қара торы бала өзгеден екі есе құмарлықпен ұстазына ынтыға қарайтын. Сондай бір сәттерде исі қазаққа белгілі ұстазымдай болсам деген арманы кеудесінде бүрлегенін, кейін жалпақ жұртқа әншілігімен танылар өнерпаз боларын Абылайхан Қармысов білді ме екен?


Естілердің есіл әңгімесін тыңдап өскен Абылайхан Қармысов бүгінде дәстүрлі әнімен сан жүректі тебірентіп келе жатқан қазақтың жезтаңдай ұлдарының бірегейі. Ол сонау 1960 жылы жазиралы Жаркент өңірінің ең биік нүктесі саналар мекен  Сарыбел ауылында от жүрегін тулатып өмірге келген. Қарапайым шаруа адамдары Жұмаділ Жанғазыұлы мен Гүлжаһан Молдабекқызының отбасында жарық ғаламмен жанар суарған ол жастайынан домбыраға құмар болған. Асылақын Қалиевтің алдын көріп, домбырадан дәріс алып, текті өнермен сусындаған.  

Мектеп қабырғасында жүрген шағында көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып ән айта бастаған Абылайхан Қармысов ұстазы Асыл-  ақын Қалиевтен ерте айырылды. Тосыннан келген ажалдан ұлағатты ұстазы бақиға бет түзегеннен кейін әншінің тәлімгері радио болған-ды. Толқынды желіден күн сайын Манарбек, Жәнібек, Дәнеш сынды жезтаңдай әншілердің асқақ әнін тыңдап, олардың тұмса табиғат берген таза даусына құмартып, дәстүрлі әнін бойға сіңіре түскен. 

Радиодан шалқыған әндерге құмартып, қазақ дәстүрлі ән өнеріне қанша ынтызар болса да Абылайхан ауылына Әбілхан Қастеев туған топырақтан келіп дәріс берген ұстазы Уатқаннан қылқалам өнерін  үйренеді. Жастыққа тән еліктегіштік қасиет оны ақырында бұрынғы КазПИ-дің көркемсурет кафедрасына оқуға түсуге жетелеген. Сезімнің нәзік иірімдерін саусағымен суреттеп, аппақ қағазға қылқалам құдіретімен жан беретін суретшілік өнер жолына түсіп, сол сала бойынша терең білім алып жатқанмен әншілікке жаны құмар бозбала институт қабырғасында түрлі шараларда бой көрсетеді. Бойына табиғат сыйлаған талантты тұсай алмайды. Сөйтіп, көркем-өнерпаздар үйірмесіне қатысып, онда өзінің талантымен ерекше төбе көрсетеді. Ақырында республикалық «Студент көктемі» байқауының лауреаты атанады.

Жазиралы Жаркент жерінің әсем табиғатынан нәр алып, аспаншыл шыңдарына қарап арман-мақсат құрған Абылайхан Қармысов  студенттік жылдарда қазақтың маңдайына біткен дара тұлғалармен біте қайнасып араласып, пікірлесіп жүрді. Қаламы қарымды Қажытай Ілияс сынды көптеген зиялы қауымның кең құшағы, ақпейілі  жас талантқа ерекше ашық еді. Өйткені кешегі салқар даланың сарыны осы бір Абылайхан Қармысов ныспылы азаматтың өн бойынан есіп-сорғып, әуелеп көрініс беріп тұратын. Содан да болар, ғылымның биігіне көтерілген Мұхтар Арын сынды институт басшылығындағы ғалым-профессорлар Абылайханды ерекше бағалайтын. Тіпті, еліктегіш қасиетімен театрда оқимын деп талпынғанында сол Мұхтар Арын әншінің өзге өнерге ойысуына жол бермей, құжаттарын сейфтен шығармай қойған екен. 

Иә, студенттік кезеңде көпке талантымен танылған Абылайхан жоғары оқу орнында білім ала жүріп, әншілігін де шыңдаған. Сазгер Әнуар Бекжановтың жетекшілігімен Ануар Райов, Әлимұрат Жиенбаев сынды өзі секілді әнге құмар азаматтармен бірігіп «3 А» триосын құрып өнер көрсете бастаған. Білімгерлер институтішілік шараларда ғана емес, радио, телеарналарға арнайы шақырту алып, қазақтың әсем әндерін толқынды желі мен көгілдір экран арқылы жалпақ жұртқа жолдап жатты.

Жалын атқан жастығын әншілік өнерге арнап, жоғары оқу орнын зор абыроймен бітірген Абылайхан Қармысовты бұрынғы жүйе бойынша жолдамамен Торғай облысындағы пединституттың көркемсурет кафедрасына оқытушы қылып жібермекші болыпты. Басшылықтың бұйрығына бағынғысы келмеген әнші туған жердің түтінін түтетуді іштей қалайды. Өмірде әр адамның басында ең бір аяулы сәтті шақ  болады емес пе? Өскен жерден тамыр үзіп кеткісі келмеген таланттың тағдырына сол шақтағы Нұрғиса Тілендиевтің бастамасымен  «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы түрткі болады. Жолдамамен Торғай өңіріне барамынау деп жүрген Абылайханға Қажытай Ілияс сынды қаламгерлер жол нұсқап, Нұрғисаның алдынан өтіп көруін сұрайды. Сонда аққуды айдынға күймен қайырған ұлы сазгерге барып, Дәнеш Рақышевтің «Саясында алманың» сынды бірқатар әнін орындап береді.  «Іздегенге сұраған» дегендей, бұған дейін 11 үміткердің дауысын, ән шырқауын жаратпаған Нұрғиса  Абылайханның ән әуелетуіне бірден айналып түседі. Сөйтіп, көктен іздегені жерден табылғандай риза болған дара сазгер жас талантқа оркестрден ойып тұрып орын береді.

Дарқан далаға даңқы жайылған әйгілі «Отырар сазы» оркестрінде солист болып жүріп гастрольдік сапарлармен көптеген жерде өнер көрсеткен Абылайхан Қармысов аталмыш оркестрде көп тұрақтай алмады. Оған жалғыз себеп, әскерге шақырту алуы еді. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу ол кезде үлкен міндет болатын. Осынау міндетін адал атқару үшін асқақ әнші 1982 жылы Ленинградқа аттанады. Жауынгерлік шеберліктен өтіп, 1 жарым жыл әскери міндетін өтеп келгеннен кейін талант иесі ауылына қайтып, қоңыртөбел тіршілік кешуге тиіс еді. Өйткені Ленинградта жүргенде анасы бақиға бет түзесе, кейіннен әкесі де жарық ғаламнан жанар тайдырған. Сөйтіп, соңындағы төрт қарындасын жеткізу жауапкершілігі Абылайханды ауылға шегендеген-ді.

Рас, «алмас кездік қын түбінде» жатпайтыны белгілі. Қарындастарын ауылда жүріп жеткізген Абылайхан сол қоңыртөбел тіршілікпен шұғылданған шақтарында да өнерден алыстамаған. Аудандағы түрлі шаралардың көрігін қыздырып, асқақ әнді асқан шеберлікпен насихаттап жүрді. Сөйтіп, ұлы әншілік өнерде өзінің сара жолын жалғар шәкірт іздеген Дәнеш Рақышев Абылайханның дарынын көрісімен облыстық филармонияға орналастырады. Иә, әрине, жалпақ тілмен жүйелемей жеткізсек, бұл тек «шақырды-келді», «айтты-бітті» деген секілді қысқа қайырымды дүние болар, алайда ұлы әншімен жас таланттың жолығуының өзі бір повестьке жүк болар әңгіме екенін де ескерте кеткен жөн.

Дарыны дара Дәнеш Рақышев Абылайханның бойынан жалын, жанарынан от байқаған сұңғыла ұстаз еді. Ән айтуы, асқақ биікте әуелете шырқауы жан жүрегін тебіренткен. Содан шәкірт болар текті азаматты таптым деп қос алақанын ысқылаған дарабоз әнші жас талантты бауырына басады. Тағылымы терең туындылардың сырлы сымбатымен ғана қанықтырмай, мазмұн мәйегін, ішкі астарына дейін Абылайханның бойына сіңіруге тырысады. Қағылездігі, зеректігі талантымен ұштасқан шәкірт те сонау 1987 жылдың 5-ші қаңтарында облыстық филармонияға қызметке тұрғаннан бастап, ұлы ұстазы дүниеден өткенше бар қазынаны қотарып, дара әншіден текті елдің ғажайып әндерін үйренеді. 

Аттай алты жыл Дәнеш ағаның жанында жүрген Абылайхан Қармысов ұстазынан ұлы өнердің ең шырқау биігіндегі әндерді жаттап, бойына сіңіріпті. Бір гастрольдік сапарда жүздеген елді мекенде өнер көрсетіп, бір әнін он-жиырма нұсқада құбылтып айтар дауылпаз әншінің қайырымы қатты, шырқау шегі асқақ әнін бойына сіңіріпті. Сөйтіп, ұлы ұстазынан ақ бата алған Абылайхан Қармысов өнер даңғылында сара жолын жалғап, өзінің дара сүрлеуін қалыптастырды.

Шағын мақалада әншілігімен күллі жетісулықтардың жүрегін жаулап, еліне ер тұрпатымен танылған Абылайхан ағаның ғұмырынан еміс-еміс естелік таратқандай болдық. Кейінгі уақыты жайлы аз-кем термелер болсақ: әнші облыс тарқап кеткен бір жылдары театрда өнер көрсетіп, аттай 8 жыл актерлігімен танылған. Кейіннен ажыраған екі облыстың арнасы біріккен тұста қайта филармонияға ат басын бұрды. Жалпы, өнер саласына, әншілікке саналы ғұмырын арнаған күміскөмей, жезтаңдай әншіміз талай тар кезеңде төзімін желкен етіп, талай дауылда ерлігін ескек етіп табиғат сыйлаған талантына көлеңке түсірмей бүгінге жеткен тұлғалы азамат. Тектінің тиегі, асылдың сынығы. 

Хош, сол асылдың сынығы, дауылпаз әнші ретінде дүйім жұртының қошеметіне бөленіп жүрген ҚР мәдениет қайраткері, Ә. Қашаубаев атындағы байқаудың лауреаты, дәстүрлі әнші Абылайхан Қармысов асқаралы алпыс жасқа абыроймен жетті. Зайыбы Гүлсара Зейнелқызымен берекелі ғұмыр кешіп,  екі перзент тәрбиелеген, солардан немере сүйіп, асқар таудай әке, ардақты ата болды. Ең бастысы, күллі Алаш жұртының ақ маңдайына біткен айтулы Дәнеш мұрасын бүгінмен астастырған аяулы шәкірт, асқақ әнші ретінде жұрт кеудесінен тақ сайлады. Осынау жетісулық жезтаңдай әнші әлі де табиғи даусымен дүйім елдің көзайымына айналып жүре беретіндігіне сеніміміз мол. Ол үшін жыр алыбы Жамбыл бағындырар белеске жетсе екен дейміз!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ 

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

27.05.2026
Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26.05.2026
Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

26.05.2026
Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

26.05.2026
Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.