Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АРДЫҢ ІСІ

ҰЛЫ АБАЙДАН БІЗДЕРГЕ ҚАЛҒАН ӨЛЕҢ

18.09.2020
АРДЫҢ ІСІ
ҰЛЫ АБАЙДАН БІЗДЕРГЕ ҚАЛҒАН ӨЛЕҢ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақылына жау емеспін (Абайдың немесе Оразбайдың монологы)

Қайғы бұлтын жамылғанда мына жұрт,
Абай өлді…  дейді біреу қуанып.
…Мен жау болсам жау шығармын өзіне,
Ал ақылын құрметтегем құп алып.

Абай өлді… не дейді бұл антұрған?!
Тексіз екен, садаға кет салтымнан.
…Қайран Абай бетке алыпты келместі,
Мені де Ажал неге алмайды алқымнан?!

Қайран Абай… түнектейін мына Күн,
Тас керең боп қалмағаны-ай құлағым.
Дәті қалай жетті айтуға «өлді» деп,
Мені, Абайды қорлағаны-ай мынаның?!   

Құлапты, рас, бәйтерегім, арысым,
Қайғы жұтқан қараша жұрт қамы үшін.
Бұдан асқан қасірет те  болмас та,
Қазағымнан ауғаны ма бағы шын?

Алты Алаштың Абайы ғой расы,
Дес бермеген қара сөздің тұмасы.
Пенделікпен қол көтерттім «иттерге»,
Инедейін болмаса да кінәсі.

Ит тірлікте тайталастым жиып кек,
Жандайшаптар «жел бітірді» «ұрит-соқ».
Айтысқан соң, тартысқан соң Абаймен,
Кемелдендім, рухани биіктеп.

Орысыңның ұлығы да ығатын,
Абай еді ол, жығу емес мұратым.
Менің де атым аталады күн ертең,
Ғасырлармен сырласқанда ұлы ақын.

Құлақ қойсам жырларына, сөзіне,
Түпсіз терең ғажайыпқа кезігем.
Асылық па, бақталастым Абаймен,
Бата алған соң Құнанбайдың өзінен.

Аға сұлтан Пайғамбармен рухтас,
(Абайы да әкесімен иықтас).
Тура жолға салған мені адасқан,
Көз жұмғанша өтерім хақ иіп бас.

Тіршілікте  алысқам да  табысқам,
Бір құдірет қолдады оны ғарыштан.
Ұлы Жамбыл Абай жайлы айтыпты:
«Ақындардың пайғамбары ол, данышпан».

Сол Абайды күллі қазақ таныған,
Шырақ алып түстік біздер соңынан.
Қадіріне жетпек түгілі, қорладық,
Қамшы сілтеп, көрін қазып жанынан.

Тағы, міне, «өлді» дейміз қуанып,
Аза тұтып  ағыл-тегіл жылалық…
…Қырық жылқы мен байладым асына,
Ол – мәңгілік, шүкіршілік қылалық?!

Кездерін-ай мерейімді өсірген,
Сонау бір сәт кетпек емес есімнен.
«Ақыретте жүздеселік», – деп еді,
Кешу айтып, бар кінәмді кешірген.

Төс қағысып қоштасқанбыз соңғы рет,
Қайғы жұтып  аттанып ем мен жүдеп.
Алты Алашқа көңіл айтам Абай боп:
«Өңкей білмес ат қояды «өлді» деп»…

«Тоқтата тұрыңдар…» (Жидебай жұрты  туралы жыр)

 «Тоқтата тұрыңдар…»  жедел хат жетті  Мұқаңнан,
Жандарға демеу жүйке тамыры жұқарған.
«Абайдың сүйегі көшіріледі…»  дегелі,
Жидебай жұрты – жүдеулі елдей «жұт алған».

«…Көшіріледі…» суық сөз  желдей еседі,
Жидебайлықтар: «сорладық онда…» деседі.
«Абайдың сүйегін салмақ па сонда сарсаңға,
Қорлағаны аздай  тіршілігінде кеше оны…».

«Көшіріледі…» дейді анау төре – «текешік»,
Астамсып сөйлер, шел басқан көзін «еті өсіп».
Аяқастынан Абайшыл бола қалыпты,
Аға сұлтанның «бөрісі» дейтін  кекетіп.

Кеше емес пе еді белсенді «қызыл  жағалы»,
Құнекең әулетін күнәһар еткен, жалалы.
Тоз-тозын шығарды, атқызды, асты, қуды елден,
(Ақыретте һақ әділ жазасын алары…)

Өмір дегенің  жылжыған тынбай  көш ұлы,
(Әумесерлердің талайға тиген кесірі?!).
Тарих бетінде өшпестей ойып жазылған,
Қарасартовтың қара таңбамен есімі.

«… Тоқтата тұрыңдар…»  Мұқаңнан  жеткен жедел хат,
(Мұқаң да, сірә,  тосқауыл қоймақ «амалдап?!»).
Түрмеге түскен, «Абайшыл, байшыл» деп кеше ол,
Жидебай жұрты: «қалмағай,  дейді, арандап».

«… Тоқтата тұрыңдар…»  Мұқаңнан жеткен  жылы леп,
Шырақ боп жанды жүрек біткенде,  Құдірет!..
Жидебай жұрты бермеске белін буынды,
Абайсыз атып, Абайсыз батқан  күні жоқ.

… «Абайдың сүйегі көшіріле ме»,  бірге біз,
Көшеміз онда,  ажырамайды іргеміз.
Қорқыта алмайсың  атсаң да тура осында,
Жасыта алмайды қандала толы түрмеңіз».

«Жаратқан дейді,  Абайсыз таңды атқызба?!.»
(Абайдың бейітін күзеткен  жастар от-қызба!),
«…Шал-кемпірлердің сүйегін арқалап әкеткен,
Кавказға көшкен шешендер құрлы жоқпыз ба?!».

Сөз алған қарттың жанары жасқа шыланды, 
Қуарды төре, жидебайлықтар қуанды.
Абай рухы қолдады  қуат, күш беріп, 
Серпіп тастады көңілдердегі тұманды.

«…Қандарыңызда, өктемдіктеріңіз…», – деді де,
Төре де сол бір  «жер» боп аттанды жөніне.
Жидебайлықтарды атқа қондырған сол Рух,
«Тоқтата тұрыңдар…» деген Мұқаңның  сөзі ме?!

«Жылама, шырағым!..» (Абай мен Мұқтар Әуезов жайлы жыр)

«Жылама, шырағым!..» деді Абай бала Мұқтарға,
(Қатқылдау лебіз секілді шала ұққанға).
Сезінді Мұқтар шапағат – нұрды дауыстан,
Данышпан Абай  бала сезімін ұқты ол да.

Әз Әжесінің құшағындағы бұл бала,
Көзін тігеді төрдегі кесек Тұлғаға.
Түсінен шошып оянған жандай аң-таң ол,
«Жылама, шырағым…» құлақта қоңыр үн ғана.

«Жыламау керек екен-ау»  деді ішінен,
Ұялды бір сәт осынау жөнсіз ісінен.
«Қоңыр қозым» деп еркелеткендей Атасы,
Жылы бір леп жетеді осы Кісіден.

«Жылама, шырағым…» түсі ме, әлде, өңі ме,
(«Шырағым» дейтін Атасы ғана көбіне).
Ақын атамыз осы болды ғой, Әжесі:
«Абай атаңның барамыз, деген, еліне»…

…«Бәйбіше-ау», – деді Әжесіне Абай бұрылып,
«Қоңыр қозыңнан» байқадым өрлік, ірілік».
«Тіл аузым – тасқа», Адам болады бұл тентек»,
(Әуез әулеті құпиялаған бұл үміт?!).

… Бес жастағы ұлдың дүрсілдей соғып жүрегі,
Өн бойы от боп бал-бұл жанады реңі.
Әліппе орнына Абайдың жырын жаттатқан,
Осы емес пе еді Атасының да тілегі?..

«Жылама, шырағым…» мейірлі неткен түр-өңі,
Рухы шығар, түсіне ылғи кіреді.
Темірқазықтай жол көрсетеді осы Сөз,
Тағдырдың тайғақ кешулерінде үнемі.

Абайдың жыры көзін ашқалы көргені,
Абайдың әні бесігінде оны тербеді.
«Абай жолында» оралды Абай халқына,
Мұқаң да Абайдай Алаш көгіне өрледі.

«Пендеңе қызық», деп еді Абай, көрмегі,
Мұқаңның, рас, аз емес татқан «кермегі».
Алашшыл, ұлтшыл, байшыл деп жала жабылды,
Қаламдастары тірідей талай «жерледі».

Түрмеге жапты, атылар сәтін күтті онда,
Мәскеуге қашты «белсеніп жауы» шыққанда.
Қандай бір сәтте Абай рухы қолдады,
«Жылама, шырағым…» деп тұратындай Мұқтарға.

 Осы бір сөзден бойына қуат алатын,
Осы бір сөзден жанына медет табатын.
Ұлы Абай жайлы толғанып кетсе бір сәтте,
Мұқтар – Абайдай, Абай – Мұқтардай болатын.

… Осылай дейді Мұқаңнан тәлім алғандар,
(Шіркін-ай, дейсің, оларда өзге не  арман бар?!).
Ұлылар Рухы иық түйістіреді екен мәңгілік,
Бір-бірін демеп тұратынындай заңғарлар…

Әке аманаты немесе Абайдың көне томдығы жайлы жыр

Бір басымда мұң да, шер де, дертім көп,
(Соның бірі сыр боп, жыр боп шертілмек).
Дімкәс әкем «адам бол» деп  көз жұмды,
Ерік бергем  көз жасыма  еңкілдеп.
… «Кісісі өлсе біреудің ол қаралы…»,
Көз алдымда кайғылы  сәт, шер – сурет.

Қазынамдай жүрегімнен табылар,
Ұлы Абайдың көне коңыр томы бар.
Қолыма алып жырларына ден қоям,
Аяулы Әкем назар салған жолына әр.
… «Айтыңдаршы, өлді деуге бола ма?..»
Әке рухы, алақанның табы бар.

Мәңгілікке шақырғанда басқа әлем,
Бар болғаны қырық екі-ақ жаста еді ол.
Он төрттегі ойынқұмар ұл едім,
Өлім жайлы ойламаппын әсте мен.
…«Өлең деген жұртқа жаяр өсекші…»,
Әкем жайлы жазбақ болғам тасқа Өлең.

Өр рухын түсірмеуге биіктен,
Ғұмыр кештім Ар – Намыспен, Үмітпен.
Абай томын жастана оқып, есейдім,
Дүние есігін аштым солай  түріп мен.
…«Жетім қозы түңілер де  отығар…»,
Азамат боп ат жалына іліккем.

Ерттеп мініп хас тұлпарын талаптың,
Жырларыммен жұртты өзіме қараттым.
Қайран сөзім қор болғанда кей-кейде,
Ортасында қалдым қанша жала-оттың?!.
…«Өзі шошқа, ит деп ойлар өзгені…»,
Дұшпандығы озғанды дос санаппын.

Ізгі жанмен сырлас болдым шын дарын,
Әумесерден асқақ тұрдым, «қыңбадым».
Бес нәрсеге асық болдым туғаннан,
Бес нәрсеге әсте мойын бұрмадым.
…«Адал тұр да, пайда ойлама, Арды ойла…»,
Дүние деген «иттің көтін» қумадым.

Біреулерше жалған сөйлеп бөскем жоқ,
Әлдекіммен беттеспедім  «көстеңдеп».
Жақсылық па… жасамадым жамандық,
Жан пендені жасытпадым «төске өрлеп».
… «Өңкей білмес ат қойыпты «өлді» деп,
Әкем жаққан шырақ, шүкір, өшкен жоқ!.

Сынаптайын сусып жылдар арада,
Ем таппадым тағдыр салған жарама.
Ақырғы сәт Аманатқа қалдырам,
Адам бол деп  Абай томын балама.
… «Дүние үлкен көл, заман соққан жел…»
 Күн де, Ай да, сен де аман бол,  Жер-ана…

Абай ескерткіші алдындағы ой немесе мүсінші Хакімжан Наурызбаев рухымен сырласу

Мәңгіліктен  оралардай  тіріліп,
Тағзым етем  тас мүсіннен сыр ұғып.
Қас шебердің құдіретіне қараңыз,
Заманамен сырласады ұлы Рух.
…Қара тасқа тіл бітіріп, сөйлеткен,
Алла берген  талантың   һәм ірілік.

Алатаудың асқарымен таласып,
Асқақ мүсін зау биіктен әрі асып.
Шыңғыстаудан жаңа келіп жеткендей,
Көз арбайды Көктөбемен жарасып.
… Бұл орынды таңдап тапқан өзің ең,
Қонаевпен,  Әуезовпен санасып…

Тас мүсіннен  танылады қайсарлық,
Сол жұмбақ жан, ашылмаған ой-сандық.
Сабырлы жүз, тереңдігі тұңғиық,
Парасаттың лебіне тамсандық.
… Тал бесіктен  Абай жырын тел емген,
Тектілікті  қолтаңбаңнан   байқар жұрт… 

Шапаны да көзіңе ыстық  шалынар,
Дөп-дөңгелек тақиясы тағы бар.
Қолындағы  құша қысып кітабын,
Дүниенің  қас-қабағын бағып әр.
… Ұлы  Абайдың жыры, дана Сөздері,
 «Темірқазық – бағыт берер  жолыңа ол…». 

Заманаға  мың құбылған алаң боп,
Қай сәтте де қал дейтіндей «Адам» боп.
Бес нәрсеге асық бол деп тұрғандай,
Және тағы «бес нәрседен «жаман» жоқ».
… Тұғырында…  ұлы Абай меңзейді 
«Дүниеге    кірпіш  болып  «қалан» деп».

Жүзінде нұр, көңілінде  басым мұң,
(Жанарында жарқылы бар жасынның!..).
Мыңмен жалғыз алысқаны байқалар,
Қасіреті бар  өзі кешкен ғасырдың.
… Тас мүсінге соның бәрін сыйдырған,
Сынығысың  ұлы Абайдай асылдың…

Тастың сырын жан-тәнімен түсінген,
Бұл өнерде көшбастадың ісіңмен.
Болашаққа аманаттап  қалдырдың,
Ұлы Абайдың Рухын қола мүсінмен.
…  Ұлылыққа  тағзым жасап тұрғанда,
Рухыңа алғыс айтам ішімнен…

«Кіші Абай» немесе Есенбай Дүйсенбаев туралы жыр

Еске түссе Есағам мұңданамын,
(Онсыздағы басымда мұң да қалың).
«Қарлығашта» қанатты қақтырған сол,
Алғаш содан басталған жыр-қадамым.

Қаршығадай ақынды сонда көргем,
Жыр жинағын ұсынған «самға» деген.
Қуантар да мұңайтар деген ой бар,
«Ұлы Абайдан біздерге қалған Өлең».

Мың-сан ғасыр Замана өртін өрген,
Сарайына Өлеңнің  еркін енген.
«Кіші Абай» боп танылған қайран ағам,
Ұлы Абайдай у жұтып, дертін емген.

Қақпайлауды көрді ме, қақпақылды,
Кешті ме  мұң Абайдай баста түрлі.
Білетінім, «Бозала ала бозторғай» боп,
Қайталамай келген ол басқа ақынды.

Қара  сөзден қайсар-жыр жасаған көп,
Ойламады өзгеден  асам-ау деп.
Мойындалды  қазаққа Дүйсенбаев,
Есенбай боп, Есен боп, Есағам боп…

Жолыққанда қол алып, «ар ма» деген,
Есағам жоқ, ап кеткен арман – әлем.
Қайда апарып соғарсың бұл басымды,
«Ұлы Абайдан біздерге қалған Өлең…»

Серікжан ҚАЖИ

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 5 жылға сотталды

29.01.2026
Ербол Мәндібек. Қалтамызға қарамай өмір сүреміз

Ербол Мәндібек. Қалтамызға қарамай өмір сүреміз

29.01.2026
Айбар Олжаев. Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Айбар Олжаев. Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

29.01.2026
Талдықорғанда жас ұстаздарға арналған семинар өтті

Талдықорғанда жас ұстаздарға арналған семинар өтті

29.01.2026
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.