Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖЕТІСУДЫҢ ЖАНАРЫ

18.09.2020
ЖАНСАРАЙ
ЖЕТІСУДЫҢ ЖАНАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қыздарына Жанар деген есім «көзімнің жанарындай болсын» деген тілекпен қойылады ғой. Біздің Жанар да ата-анасының көз қуанышы, жүрек тынысы болып өмірге келген қыз. Асылкен аға мен Жұмағыз апай үш ұлдарынан кейін туған қыздарына осындай аяулы есім берді.

Әлбетте, әкесін мақтан етпейтін адам жоқ десек те Жанардың әкесі Асылкен аға бір әулеттің ғана емес, бүтін бір ауылдың қадірлі адамына айналған абзал жан болатын. Оның бауыр-туғандарына деген жанашырлығын, астындағы жалғыз атын түсіп беретін мәрттігінен байқалатын бауырмалдығын ескі көздер әлі аңыз етіп айтады.

Асылкен аға туралы толғамас бұрын Божбан биден тамыр тартатын әкесі Тұрғанбектің болмысын айтпай кету мүмкін емес. Өкімет басына кедейлер келіп, ақ пен қызылдың аласапыран заманында өмір сүрген Тұрғанбек Нығманұлының есімі қазірге дейін үлкен құрметпен аталады. Бозбала кезінде шашасына шаң жұқпайтын шабандоз, белдескенін жықпай қоймайтын балуан болған, ағайынын 1932 жылғы аштыққа ұрындырмай алып шыққан, одан берідеҰлы Отан соғысына қатысқан Тұрғанбек атасының атын шығарып жүрген ұрпақтарының бірі – Алматы облысының полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасының бас маманы полиция полковнигі Жанар Асылкенқызы Тұрғанбекова.

Жанардың ең алғашқы таңдаған мамандығы – ұстаздық болды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз рас, әкесі Асылкен еліне елеулі, халқына қалаулы ұстаз ғана емес, ұзақ жылдар бойы мектеп директоры сияқты лауазымды қызметтер атқарды. Анасы Жұмағыз апай да ұлағатты ұстаз. Содан да болар, Жанар мектеп бітірген кезде бірден ұстаздық жолды таңдады.

Жаратқанның Жанарға деген үлкен сыйы – ол ешқашан шабан торы сияқты көштің артында тепеңдеп көрмепті. Қазіргі Ескелді ауданына қарасты М. Байысов атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған күннен бастап тақылдап тұрған сары қыздың не нәрсеге де құмарлығын байқаған мұғалімдер оған қалыптағыдан тыс тапсырма бергіш еді. Есейе келе мектептегі әртүрлі жарыстар, конкурстар Жанардың қатысуынсыз өтпейтін болды. Еңбекқорлығына қоса жауаптылығының арқасында мектептің комсомол ұйымын басқарды. Сол жылдары ол комсомолдың орталық комитетінің, облыстық және аудандық комсомол комитеттерінің бірнеше Мақтау грамоталарын алды. І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының (қазіргі Жетісу мемлекеттік университеті) физика-математика факультетінде оқып жүргенде қатарынан үш жыл Ғылыми кеңестің мүшесі болды.

Ол ішкі істер органына 1996 жылы келді. Ол кезең Мемлекеттік тергеу комитеті құрылып, ішкі істер органындағы білікті кадрлардың жаппай сонда ауысқан, ал нағыз қылмыспен бетпе-бет келетін органның «кадр ашаршылығынан» жол тауып шығу үшін бір жанталасқан кезеңі еді. Сондай бір күні облыстық әкімшілікте білім мен мәдениет саласына жетекшілік ететін Салтанат Меңлібаева «Жанар, мамандық ауыстыруға қалай қарайсың? Сенің ұйымдастырушылық қабілетіне қанықпын. Қазір Талдықорған қалалық ішкі істер органы өзің сияқты қолынан іс келетін мамандарға зәру болып тұр» дегенде, есіне әкесінің «Менің қызымнан тәртіп сақтау саласының жақсы бір маманы шығар еді» деген арманы сап ете қалды.

Әке арманы Жанарды адастырған жоқ. Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының сол кездегі бастығы Әділ Қалиев  оның атына айтылған жағымды пікірлерді бір зерделеп алды да есеп-тіркеу және статистика бөлімінің аға инспекторы қызметіне тағайындады. Бұл оның ішкі істер органындағы ең алғашқы қадамы еді.

Әкесі Асылкеннің қызының өміріне мәңгі азық болар деп бойына сіңірген тағы бір тәрбиесі – қазақ және орыс тілінде бірдей сауатты сөйлеу мен жазу. Екі тілге де жетіктігі Жанарға ішкі істер органының жұмысын жатырқамай, бірден игеріп кетуіне көп көмек болды. 2002 жылы қазіргі облыстық полиция департаментінің аппаратына қызметке ауысты. Ақпараттық-талдау орталығы бастығының орынбасары болып қызмет етті.

Жанар Асылкенқызының жоғарыда айтып өткен көшбасшылық қасиетінің пайдасы тиген жайттардың бірі – Қазақстандағы репрессия құрбандарына қатысты мұрағаттық материалдарды  жарыққа шығару мәселесі болатын. Осыдан төрт-бес жыл бұрын басшылық Ж. Тұрғанбекованы полиция департаментінің музейін кеңейту мақсатында ІІМ мұрағатынан қажетті құжаттарды тауып, алып келу үшін Астана қаласына іссапарға жіберген болатын. Ол министрліктің мұрағатынан қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қатысты құжаттарды көріп, оларды көпшілікке жеткізу үшін көрме ұйымдастыру мүмкіндігі жайлы ойланды. Қайтып келген бойда басшылыққа репрессия құрбандарына қатысты мұрағаттық материалдарды заң аясында жария ету, ақталған азаматтар туралы деректерді елге жариялау, ұрпақтарына жеткізу жөніндегі ойларын ұсынып, ақылдасты. Нәтижесінде сол кездегі департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымхановтың қолдауымен, аналитикалық-ақпараттық орталықтың бастығы полиция полковнигі Алмас Бекеновтың тікелей басшылығымен 2015 жылдың мамыр айында ПД-нің ғимаратында 1930-1950 жылдар аралығындағы саяси репрессия құрбандарына арналған «Болашақ үшін сөнбес ескерткіш» – «Память во имя будущего» атты көрме ұйымдастырылды. Оған Талдықорған қаласының тұрғындары, кітапхана, музей қызметкерлері, Қазақстан халықтары Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ол мұрағаттағы қылмыстық істердің ішінен қазақтың ақиық ақыны Ілияс Жансүгіровтың осыдан 80 жыл бұрын түсірілген соңғы суреті мен төлқұжатын тауып, оны ақынның әдеби музейіне табыстады.

Полиция полковнигі Жанар Тұрғанбекова «Сіз ішкі істер органында кімдерді ұстаз тұтар едіңіз?» деген сұраққа сондай бір шабытпен, асқан бір мақтанышпен жауап берді. Олардың ішінде ең бірінші атағаны – Әділ Жекетайұлы Қалиев. Өзін ішкі істер органына қабылдап, жауапты жұмыста жанашыр болғаны үшін ұстазы санайтын Әділ Жекетайұлы тек Жанарға ғана емес, қазіргі іскер деген талай маманға жол көрсеткен, қызметке баулыған басшы.

Жетісулық полицейлердің арасында «Сан Саныч» деген ілтипатқа ие кәнігі із кесуші  Сергей Александрович Кимді білмейтіндер кемде-кем. Сәуле Балтабаева, Өмірбек Ізбасаров, Ерлан Сансызбаев сияқты басшылардан үйренгені өміріне тәлім болып келеді. «Сондай-ақ мен облыстық полиция департаментінің штаб басқармасында статистика бөлімінің бастығы лауазымын атқарған жылдары Мұрат Жүсіпов, Қадыр Абдрахманов, Гүлбара Жирембаева сынды білікті басшылармен қызметтес болғанымды мақтан етемін. Өздерінің штаб қызметіндегі «қомақты қоржындарымен» бөліскен С. Щербаков, Л. Теряева, Ә. Түменбаева сияқты әріптестерім – менің өмірімдегі ең сыйлы жандар. Бүгінде бір саптағы жауынгер әріптесім полиция полковнигі Алмас Бекенұлы Игенбаев қызмет барысындағы жақсы бастамаларымның жанашыры ғана емес, қуатты қолдаушым да», – дейді Жанар Асылкенқызы.

Жанардың мақтанышы орынды. Оны өз саласының білгір маманы десек те сыйласып жүріп қызмет атқарудың жемісі мол.

Ол қызмет атқаратын ақпараттық қызметтің міндеті – ішкі істер органдарындағы мол ақпаратты біліктілікпен талдай отырып оны қылмысқа қарсы күресте, қылмысты дер кезінде ашуға және жедел іздестіру жұмыстарында іскерлікпен қолдана білу. Аталған қызметтің маңыздылығы осыдан бір ғасыр бұрын мойындалған десе де болады.

Өздері атқарып отырған саланың тарихын елеусіз қалдырмау үшін ақпараттық-аналитикалық орталықтың бастығы А. Игенбаев пен оның орынбасары Ж. Тұрғанбекова «Ішкі істер органдарының ақпараттық қызметіне – 100 жыл» атты көлемді кітап шығарып, аталған қызметтің бір ғасырлық тарихын тасқа басты. Бұл істе де Жанар Асылкенқызының сіңірген еңбегі өлшеусіз десе болады. Ақпараттық қызметтің тарихын зерттеу барысындағы Жанардың бір табысы – қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш дактилоскопия маманы Мәкен Кәрімжанованы іздеп тауып, кітапқа енгізді.

Жанар Асылкенқызы иығында полковник погоны жарқыраған іскер әйел ғана емес, асыл жар, аяулы ана, мейірімді әже де. «Менің қызмет туралы қойған сұрақтарымның арасында Жанар «Менің полиция қызметіндегі жетістіктеріме ең алдымен анам мен ұл-қыздарымның да қосқан үлесі бар. Жұмыстан шаршап келгенде анамның аялы алақанынан қуат алсам, ұлым Айдар мен қызым Аяулымның жанашырлығына жүрегім жарыла қуанамын. Ал немерелерім Ақылжан мен Расулдың қылықтарына қарап күні бойғы шаршағаным тез басылады», – дейді ол.

Жұмағыз апа есімі әлі күнге дейін ел аузынан түспеген аяулы ана. Құдай қосқан қосағы Асылкен екеуі  Нұрболат, Бекмұрат, Қанат атты ұлдары мен жалғыз тал қызғалдақтары – Жанарды ештеңеден кенде етпей тәрбиеледі. Әріптестері Жанардың не нәрсеге болса да әділ қарайтын шыншыл мінезін жақсы көреді. «Тектіден текті туады» деген тәмсілге сүйенсек, «Менің анам мен әкем екеуі де мұғалім болғандықтан үнемі бір мектепте қатар жұмыс істеді. Егер мектеп мұғалімдеріне жоғарыдан бір марапат келе қалса ұжым болып «Жұмағыз Қожахметқызының еңбегі зор ғой, сол кісіге берейік» деп шешсе де әкем басқа біреуге бергізеді екен. Есесіне анам отағасына «Өзі басшы болған соң жарына бұра тартты» деген сөз келмесін деп абыроймен еңбек етті.

«Анамның мақтан етер марапаты – «Коммунистік еңбектің екпіндісі» және «Соғыс жылдарындағы еңбектің үздігі» деген белгілері. Сол кездегі өлшеммен бағалар болсақ, бұл үлкен марапат, зор мәртебе. 1965 жылы қазақ педагогикасының қара шаңырағы – Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірген анамның алғашқы жоғарғы білімі – шет тілінің маманы. Неміс, француз тілі пәндерінен сабақ бергендіктен оның неміс ұлтынан достары көп болды. Кейіннен тарихи отандарына жаппай қоныс аударған немістер үнемі ұстаздарының жақсы қасиеттерін еске алып, әлі де хабарласып тұрады», – дейді Жанар.

Осындай ата-анадан тәлім алған полиция полковнигі Жанар Тұрғанбекованың жеткен жетістігі осындай.  Оның төсінде «Үздік қызметі үшін» төсбелгісі мен Қазақстан полициясының мерекелік медальдары жарқырайды. Жарты ғасырлық жасыңыз құтты болсын, Жанар Асылкенқызы!

Гүлнәр ЖАПАРҒАЛИҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.