Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 25 182 адам, оның ішінде, 108 бала емделіп жатыр. Стационарларда — 5 021 пациент, амбулаториялық деңгейде — 20 161 адам бар.
Қауіпті індетке шалдыққандардың ішінде 121 адамның жағдайы ауыр, 29 науқастікі өте ауыр, 38-і жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылған.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»
Сурет ғаламтордан алынды





