Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СЫЙЛЫҒЫ: ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ЖУРНАЛИСТЕР МАДАҚТАЛДЫ

4 шілде 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ СЫЙЛЫҒЫ: ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ЖУРНАЛИСТЕР МАДАҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің тұрақты дамуына кесірін тигізген COVID-19 жұқпалы дертімен күресте Жетісу жұртшылығының денсаулығы үшін күн-түн демей еңбектенген дәрігерлер мен журналистер қауымын облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған мемлекеттік наградаларды табыстады.

Төтенше жағдай кезінде шектеу талаптарының сақталуына, инфекцияның таралуына жол бермеу шараларына белсенді қатысқан азаматтарға бұған дейін «Халық алғысы» медалі беріліп, облыстағы еріктілерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты табысталған болатын. Енді Елорда күніне орай облыстың 15 медицина қызметкері «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталып отыр. Жоғары награда алғандардың қатарында Панфилов аудандық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Төлеу Сарпеков «Парасат» орденін кеудесіне қадаса, облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры Серік Сарыбай Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Президентінің сыйлығы және төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты жиында сөз алып, марапатталушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы:
– Биылғы жылы бүкіл әлеммен бірге біздің мемлекетіміз де аса жауапты сыннан өтуде. Індет айтып келмейді. Сондықтан пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы Үндеуімен, Мемлекет басшысының бастамасымен алдыңғы орындарға табанды жандар шығып, нағыз қайсар рух пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Бүгін, міне, сол азаматтардың ішінен сіздермен кездесіп отырмыз, – деп жүрекжарды тілегін арнады. – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен пандемия уақытында азаматтардың денсаулығын сақтау жолында табанды еңбек еткен 15 медицина саласының қызметкері мемлекеттік наградалармен және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан үлесі үшін облыстық «Жетісу» телеарнасының қызметкерлері Президенттің сыйлығы және төсбелгісімен, Алғыс хатымен марапатталады. Мұндай кезеңде тынбай қызмет етіп жүрген азаматтардың үлесі өлшеусіз. Сіздердің арқаларыңызда коронавируспен күрестің күрделі кезеңдерін еңсеріп келеміз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, бақ-береке, ырыс-құт тілеймін! Марапаттарыңыз құтты болсын!
Марапатталғандардың қатарында «Жетісу» телеарнасының бас продюсері Жұмахмет Жайлаубаев пен телеарна журналисі Назгүл Бошан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын еншіледі.

Мәди АЛЖАНБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.