Талдықорған: +26°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АДАМНЫҢ КҮНІ АДАММЕН

04.06.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Азаттың   аурухананың есігінен  кіргені  сол еді, алдынан жүгіріп шыққан медбике  қыз:
– Сізді асыға тосып отырмыз. Түнгі жол апатынан бір жас жігітті  алып келді, ес-түссіз жатыр. Неғылса да  миына зақым келген-ау, –деп  нейрохирург  жігіт  ақ халатын  кигенше  тоқтамай сөйледі. 
– Қазір, қазір, – деп  үстел үстіндегі   құралдарын  жедел  алған Азат  жансақтау бөлмесіне асықты.  Барса сол жерге екі әріптесі де шұғыл жетіпті. Бірталай жасқа келген тәжірибелі бөлімше бастығы Сағат жол апатына түскен жігіттің басының рентген суреттерін қарап тұр екен. Оның  жүзіндегі абыржуды  көріп есін жинай алмай жатқан жігіттің халі мәз емес екенін  түсінген  Азат:
– Қалай? – деді.
– Жақсы емес. Өзің көрші, миына жақын жерде ісік пайда болған, оның үстіне бірталай жіңішке қан тамырлары зақымданған секілді. Қан ұйып қалғаны өз алдына, – деп Сағат жігіттің қолына суреттерді ұстата салды.
– Енді не істейміз? – деді  Азат  зақымдалған бастың суретін  мұқият қарап. 
– Ота жасау керек. Алайда жанын алып қала аламыз ба, жоқ па? Бұл үлкен сұрақ, – деді  екінші әріптесі Ермек өзінің күмәнін  жасырмай.
– Алдын ала  отаның  нәтижесіз болатынын  біліп тұрып, осындай қауіпке басымызды тігеміз бе? Өкінішті, өрімдей жас жігіт екен. Туысқандарына шындықты айту керек, – деді Сағат шаршаған үнмен.
– Маған бір ой келіп тұр. Өзіңіз айтып тұрсыз, жас жігіт,   жүрегі шыдайды деп, неғылса да  туысқандары келісімін берсе отаны жасап көрсек қалай қарайсыз? – деді Азат аз-кем  ойланып.
– Сен  бұл қауіпті отаны мойныңа алып жасай аласың ба? Біз әзірге миына жақын орналасқан  ісікті қалай алу керек екенін және қанша  жіңішке қан тамырларының толық зақымдалғанын білмейміз ғой. Мен операцияға қатыспаймын, егер бұл жігіт олай-бұлай болып кетсе басымыз пәлеге қалады, – деп бөлімше басшысы өз  шешімін кесіп айтты.
– Мен де білмей тұрмын, – деді әріптесі Ермек те екі ойлы  болып. – Азат, сен  шетелде осындай қиын оталарға қатысып көріп пе едің?
– Иә, мұндай жағдайлар болған. Өте қиын оталарға қатыстым. Бірақ онда  жаңа технологиялар мен тәжірибелі  нейрохирургтар болды, – деді Азат күмілжіп.
– Мен өз ойымды айттым. Ары қарай өздерің шешіңдер, уақыттарың өте тығыз, кез келген сәтте тағы да бірер қан тамыры жарылып, миына қан кетіп қалса бұл жігітті құтқара алмайсыңдар, – деп Сағат жансақтау бөлмесінен шығып жүре берді. Есік көзінде тұрған жігіттің  туыстары дереу  нейрохирургті  көріп қоршап алды.
– Дәрігер, айтыңызшы, жігіттің жағдайы қалай?
– Ота жасайсыздар ма? – деген сұрақтарға Сағат қысқаша жауап берді.
– Жігіттің жағдайы өте ауыр, миына жақын жерге қан ұйыған және  ісік бар. Басқа қандай зақымдалулар бар екенін біле алмай тұрмыз.  Тіпті, операция жасағанның өзінде нәтижелі болады деп айта алмаймын. Менің  пікірім  осындай, – деді
– Дәрігер, енді не істейміз? Әлде Алматы немесе Астанаға алып кетеміз бе? – деген абыржыған дауыстарға:
– Жігіттің өмірі қыл үстінде. Ешбір қозғалысты көтере алмайды, – деген жауап қатты.
– Енді не істедік? Көмектесіңіз, жалынамын, көмектесіңіз, – деп бір әйел жылап,  Сағаттың ақ  халатына жармасты.
– Мен сіздерге ақиқатты айтып тұрмын.  Ал осында шетелден  білім алып, тәжірибе жинақтап келген Азат деген нейрохирург бар, егерде ол ота жасауға келіссе мүмкін көмектесе алар. Мен ешкімге  бұйрық бере алмаймын, өз еркі білсін, – деп өзінің соңғы сөзін айтуға тура келді.
– Ол қайда? Қайдан табамыз?  – деп  абыржыған еңгезердей жігіт   ағасы кетуге асыққан Сағаттың соңынан ілесті.
– Ол қазір жансақтау бөлімінде. Балаңыздың миын түсірген суреттерін көріп ойланып тұр, – деп  бөлімше бастығы тез кетуге тырысты. 
Енді жылаған-күйзелген жұрттың назары жансақтау бөлмесі жаққа  ауды. Осы кезді күтіп тұрғандай іштен талдырмаш денелі, ақ халат киген қараторы жас жігітпен бірге егделеу дәрігер ілесе шықты.
– Азат  деген сенбісің? Жігіттің жағдайы қандай?
– Ота жасауға келе ме? Жанын қалай сақтап қаламыз?
– Қарағым, бар үмітіміз сенде, көмек бере гөр, – деген дауыстар жан-жақтан естіле бастады.  

Егделеу дәрігер тоқтап:
– Тынышталыңдар. Жылағанмен ешбір көмек жоқ. Біз  не істейтінімізді талқылап жатырмыз? Жігіттің хәлі мүшкіл екенін жасыра алмаймыз? Өмір  уақыты  сағат емес, минуттарды санап жатыр. Егер мына жаратылыс берген дарыны бар Азат Рақымұлы ота жасауға келіссе жақсы болар еді, – деп жанындағы жас нейрохирургтің жүзіне сұраулы пішінмен қарады.
– Бауырым, отбасындағы жалғыз ұлым еді. Жанын алып қал, не сұрасаң да  беремін, – деп екі көзі қызарған жігіттің әкесі  солқылдап жылап жіберді. Азат оны бірден шырамытты. Сол кісі ғой, сол кісі. Әлі күнге дейін басына түскен сол бір  қиын жағдайды  ұмыта қойған жоқ. Азаттың көңілі алабұртып кетті. Дәл қазір ақ қалпақ, ақ халат киіп тұрған жас жігітті олар тіптен таныған жоқ. Бірақ осы да дұрыс шығар. Онсыз да өлі мен тірінің арасында жатқан жас жігіттің өмірі қыл үстінде тұрғанда өткен күндердің келеңсіз оқиғасын қазбалап қайтеді? Әрі Гиппократқа берген анты бар.  Іштегі толғанысын білдірмеген Азат көпке көңіл аудармай:
– Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Отаға рұқсат деген қолхаттарыңызды  жазып  беріңіздер, – деп мына жылап-сықтаған топ маңынан тезірек кетуге тырысты.
– Әрине, әрине, қолхат жазып береміз, бірақ ұлымның жанын алып қалатыныңа кепілдік бересің бе? – деді жігіттің әкесі көңіліндегі күдігін жасырмай соңынан ілесе.
– Мен сізге  айтып тұрмын ғой, қолымнан келген көмегімді аямаймын. Ал кепілдік бере алмаймын, – деп Азат отаға дайындалу үшін аяғын  тез-тез басып кетіп қалды. Ауыр халде жатқан жігіттің туған-туыстары біраз естерін жинағандай  болды.
Ота жасайтын бөлменің маңынан барлық туған-туысқандар  кең жарық дәлізге шығарылды. Манадан бері жан күйзелісіне   ұшыраған жігіттің анасы көзінен ыстық жасы сорғалап, жылауын тоқтатпады. Соған қарамастан сөмкесіндегі қайта-қайта шырылдаған ұялы байланыс телефонын алып,  болған мән-жайды айтып әлдекімдермен тоқтаусыз сөйлесіп жатты. Әкесі де қарап тұрмай таныстарының  қоңырауына  жауап бере бастады.
– Сәке, білмеймін, жол апатына түскен ұлымның жағдайы өте  қиын. Таңға жуық көзі ілініп кетті ме, келе жатқан көлігі жардан ұшып үш рет аударылыпты. Қалай тірі қалғаны белгісіз. Оған  ота жасап жатыр. Кім жасап жатыр дейсіз бе? Бір Азат деген жас жігіт. Өзі шетелде оқып білім алған дей ме?  Білмеймін, Сағат деген бөлімше бастығы ота жасаудан бас тартты. Сол кісі осы нейрохирургті  айтты, – деп болған мән-жайды айта бастады.
– Иә, білемін. Азат Рақымұлы өте білімді нейрохирург, біраз жылдар бойы шетелде, Ресейде қызмет атқарған. Ол өткен жылы анасы қайтыс болған соң елге қайтып оралды. Марқұм анасының бейітін тұрғызып, асын берген соң қайтадан шетелге жұмысқа кетеді деген  әңгіме бар. Біліктілігі жоғары маманды  Германия, Ұлыбритания сияқты елдер қызметке шақыртып жатқан көрінеді. Ол қалай да ұлыңды құтқаруға бар күш-жігерін салады. Қолы алтын жігіт, – деп  ар жақтағы адам әке көңілін аулады.
– Не дейді? – деді жылап отырған әйелі күйеуінің жүзіне сұраулы жүзбен қарап.
– Бәрі дұрыс болады дейді, – деді жігіт ағасы әйелін тыныштандыру мақсатымен. Осы кезде жылағаннан екі көзі ісіп кеткен қызы Мая ата- анасының жанына жақындады. 
– Папа, сіз ана хирург жігітті таныған жоқсыз ба? 
– Жоқ, – деді әкесі қызына таңдана қарап.
– Қалайша танымадыңыз? Бұдан үш-төрт жыл бұрын біздің 250 мың доллар тұратын джип көлігімізді соғып, шығын келтірген осы жігіт емес пе? Мен бір көргеннен таныдым.
– Не?! – әкесі үстіне біреу суық су құйып жібергендей селк ете қалды.
– Ойбай, қызым, оны неге ертерек айтпадың? Ол менің ұлымды өлтіріп енді кек алады ғой, – деп  анасы баж ете қалды.
– Мүмкін емес, ұқсас біреу шығар, – деп  әңгіме төркінін жаңа ұққан әкесі басын ұстап, дірілдеп орындыққа  отыра кетті.
– Білгенде  не істейтін едіңдер?  Басқа амалдарың  бар ма еді? Бұл аурухананың бірде-бір нейрохирургі келіспеген отаны жасауға ол жігіттің жүрегі дауалады ғой. Кірленген саналарыңдағы бықсықты шығармай енді тыныш тұрыңдар, – деп жігіттің  ақсақалды атасы  ашуланып кетті.
– Әй, балам-ай, дүниенің дөңгелек екенін қалайша білмедің? Қазақ адамның күні адаммен демеуші ме еді?
– Ата, сол кезде ұлыңыздың осы жігітке көрсетпеген қоқан-лоқысы жоқ. Әкесін өлтіргендей 100 мың долларды желкесін сығып жүріп алды ғой, – деп мән-жайды жақсы білетін келіні жылап қоя берді.
– Мүмкін емес, мүмкін емес. Осындай сәйкестік бола ма? – деп  өмірі қыл үстінде жатқан жігіттің әкесі әлі сенбей іштей күбірлей берді.
– Болады. Сол кездегі жасаған қиянатың енді ұлыңның алдынан шықты, – деп  ыза болып, жаны қысылған әйелі одан әрмен жылап қоя берді.
– Папа, сол қымбат көлігіңізді соғып кеткен кезде жігітке қол да көтердіңіз. Мен сонда болдым ғой, бұл жігіт сізге басымнан ұрмаңыз, қолымды сындырмаңыз мен хирургпін деп жалынып еді ғой, есіңізде ме? – деп қызының да дауысы дірілдеп шықты.
– Жапшы аузыңды! Мен қатты ұрған жоқпын ғой, – деп әкесі ақтала бастады.
– Иә, ұрған жоқсың? Әуелі үш күннің ішінде 100 мың доллар қолыма санап әкеліп бермесең өлтіремін дегенсің, – деп  күйінген әйелі де жүзі көгеріп, орнынан тұрып күйеуіне тап берді.
– Қоясыңдар ма, түге? Ұлдарың хал үстінде жатқанда жанжал  шығарғандарың  не? – деп атасы ашуланып, бар дауысымен ақырып жіберді. Барлығы жым болды.

Әлі есінде, ол жігіт үш күннің ішінде джип көлігін жөндету үшін қомақты қаржыны қолына санап әкеліп берген. Оның себебі, егерде қылмыстық іс қозғалса, ол шетелдегі қызметіне қайта  алмай қалады  екен.  Осы  сәтті  тиімді пайдаланғанына өзінің қатты масаттанғаны әлі есінде. Шетелден келген жас жігіттің  аңқаулығының арқасында 100 мың доллар нәпақа таптым деп жолдас-жорасына  әбден мақтанған. Қазір сол оқиға есіне түсіп, қатты күйзеліп кетті. Енді не болады? Мүмкін хирург жігіт өзін танымаған шығар. Әй, қайдам, ол оқиға есінде қалмады дегенге кім сенеді? Әрине, таныды, сыр білдірген жоқ. Отадан бас тартуына болатын еді, бірақ олай жасамады. Неге?  

Санасын қаумалған сансыз сұрақтан жігіт ағасы бір орнында байыз тауып отыра алмай жүрегі қысыла бастады. Дәлізде  арлы-берлі жүгіріп жүрген медбике қызға жағдайын айтып еді, ол дереу бір бөлмеге ертіп барып, қан қысымын өлшеп, дәрігердің нұсқауымен ине шаншып берді. Содан кейін:
– Уайымдамаңыз. Азат Рақымұлы қолы алтын хирург, ол кісінің ота жасауға келіскенінің өзі үлкен жетістік, – деп жігіт ағасының көңілін аулады.   
 Ол қайта дәлізге шықса ештеңе өзгере қоймапты. Ота басталғанына төрт сағаттай уақыт өтті. Жиналғандардың барлығы  қаз-қатар тізіліп үнсіз күтіп отыр. Мына беймәлім тыныштық адамдардың жүйкесін жұқартып бара жатқанға  ұқсайды. 

Жігіт ағасы қарап отырмай сол жылдары жасаған үлкен қиянатын есіне алып, іштей өкіне бастады. Бұлай боларын кім біліпті? Барлық есіл-дерті оңай олжа табу еді. Берсе қолынан, бермесе жолынан талай адамдардың  нәпақасын тартып алды. Мына хирург жігітке де қып-қызыл қиянат жасады. Соттатпақшы да, өлтірмекші де болды. Ауру анасын алып кетуге  асыққан  жігіт  түнде келе жатып, жол жиегіне қойып кеткен қымбат көлікті абайсызда соққан еді. Шын мәнінде 15-20 мың доллардың үстінде  жөнделетін көлікке қыруар қаржы талап еткен болатын. Енді сол иттігіне іштей қатты өкініп тұр. Өткен күнгі қиянаты жанын жегіқұрттай жеп барады.

Алты сағат өткенде туған-туыстары  алыстан телміріп  қарап тұрған ота жасалып жатқан бөлменің есігі сарт етіп ашылды. Барлығы ішке ұмтылды. Олардың жолын медбике қыз бөгеп  жібермеді. 
– Ота сәтті  өтті. Азат Рақымұлы қызметтік бөлмесіне кетті.  Ол кісі қатты шаршады, біраз демалған соң сөйлесесіздер, – деп  ешкімді маңына жуытпады. Осы сөздің өзі жиналғандар үшін үлкен қуаныш болды. Барлығы бір-бірін құшақтап, көздеріне жас алды. 
– Папа, сіз Азаттан кешірім сұрамайсыз ба? – деген қызының сұрағын естіп, жігіт ағасы не айтарын білмей тосылып қалды.
– Ол мені танып қоя ма деп қорқып тұрмын, қызым. Желкесі күжірейген қылмыскерлерден сескенбеуші едім. Ал мына  нейрохирургтан  қорқып тұрмын. Батылым барар емес, – деп шынын айтты.
– Жаным тірі болса әлгі алған ақшаңды қайтарып бересің, – деп әйелі де сілкініп шыға келді. 
– Әрине, қайтарамын, артығымен қайтарамын, – деп  кінәлі  күйеуі  қалбалақтап қалды. 
– Ол жігіт ақшаларыңызды алмайды. Мен бәрін білемін, – деді жандарына  келген екінші нейрохирург Ермек қатқыл дауыспен. –   Ақиқатын айтсам егер Азат болмаса ұлыңыздан бүгін-ақ айырылып қалар едіңіз. Бұл маңда ешкімнің қолынан келмейтін, өте қиын, күрделі, зерігерлік отаны ешбір қателік жібермей шеберлікпен жасап шықты.  Өзім жанында  көмектесіп тұрып, таң қалдым.  Қазір ұлыңыз  жансақтау бөлмесінде ұйықтап жатыр. Бес-алты сағаттан соң есін жиып қалар. Бұйырса бір айдың ішінде құлан-таза айығып кетеді. 
– Айтқаның келсін, айтқаның келсін, – деген дауыстар жан-жақтан естілді.
– Енді не істеймін? Қалай рақмет айтамын, – деп жігіт ағасы сасып-салбырап, абыржып қалды.
– Бәрін ақшамен сатып алуға болмайтынын ұқсаңыз болды. Бұл сізге өмірлік сабақ болсын. Азат сияқты қолы алтын жігіт әлі талай адамдарға өмір сыйлайды. Тура келген ажалдан алып қалады,  халыққа керек  маман, – деп Ермек бұрылып кетіп қалды. 
– Сонда да біз  кіріп шығайық. Алғыс айтайық, – дегендерге медбике қыз:
– Ол кісі  жоқ. Өте ауыр отадан кейін қатты шаршап, үйіне қайтып кетті, – деді. 

 Ал шын мәнісінде Азат дәлізде тұрған  жігіттің әкесінің бет-жүзін көргісі келмеді. Азды-көпті жинаған қаржысының соңғы теңгесіне дейін санап бергендіктен ауырған анасын шетелге апарып емдетуге мүмкіндігі болмағанын айтқысы келген жоқ. Қатты қиянат жасаған адамды қайта көру жан дүниесін жаралайтынын  бір өзі ғана сезді. Барлық қиянатшыл пенделерді осындай  тәсілмен тәрбиелеу мүмкін  емес-ау деген өкінішті ой санасына келді.    

 Нұрила Бектемірова

Қатысты жаңалықтар

Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

15.07.2026
Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

15.07.2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

15.07.2026
Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.