Талдықорған: +41°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘКЕ ШЫРАҒЫН СӨНДІРМЕГЕН

27.05.2020
КҮЛТӨБЕ
ӘКЕ ШЫРАҒЫН СӨНДІРМЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғыс талай адамның тағдырына тікелей әсер етіп, сәбилерге балалықтың бал дәмін татуға мүмкіндік бермеді. Дүниеге келе салып, соғыс деген зұлматтың зардабын тату қандай ауыр десеңізші?! Сондай жанның бірі 1940 жылғы 20 мамырда Көксу ауданы, Лабасы ауылдық округіне қарасты Еңбекшіқазақ ауылында қарапайым еңбекшінің отбасында дүниеге келген Мұқатай  Бейсеқұлұлы.

1942 жылы соғысқа кеткен әкесі Бейсеқұл Тоққұлыновтың бір жылдан соң Орел қаласының маңында қаза тапқанын жастайынан естіп өскен Мұқатай жалғыз анасының тәрбиесін көреді. Осылайша қаршадайынан қиындық көріп өскен бала мектепті үздік оқып, алдына биік мақсат қою қажеттігін ерте бастан ұғынады. Ұстаздарының тәлім-тәрбиесінің арқасында белсенділігімен, білімге құштарлығымен ерекшеленген кейіпкеріміз 1958 жылы орта мектепті бітірген соң жаңа оқу жылында өзі оқып, білім алған оқу орнына пионер жетекшісі болып орналасады. Бұл жасөспірімнің бойында ұстаздық асыл қасиеттің алғаш белгі бере бастауы екен. Бір жылдан соң Алматыға оқу іздеп аттанған бозбала С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне түседі.
Бұл аралықта соғыстан тұралаған экономиканы дамыту, тың жерлерді игеру сынды мемлекеттік реформалар жүзеге асып жатқан еді. Соған орай қарапайым еңбек адамының абырой-беделі әспеттеліп жатқан кез. Көкірегін арман тербеген Мұқатай Бейсеқұлұлы болса, басқа жайтқа көңіл бұрмай анасының батасын алып, ел астанасына аттанды. Сол жолда тұлғалы азамат қиындыққа мойымай, студенттік өмірдің қызықты сәттерін біліммен байыта түсті. Университетті 1964 жылы «кіші ғылыми қызметкер», «физика пәнінің мұғалімі» деген мамандықтар бойынша бітіріп шыққан кейіпкеріміз өз ауылындағы орта мектепке мұғалім болып орналасады.
Шәкіртке білім берудің қайталанбас дәмін тата жүріп, мектептегі бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, аудандық комсомол ұйымының бюро мүшесі сынды қоғамдық жұмыстарды атқарудан танбаған Мұқатай Бейсеқұлов 1966 жылдан бастап, білім саласындағы басшылық қызметті атқарып, жергілікті халықтың игілігі үшін аянбай еңбек етеді. Атап айтқанда, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп жанындағы интернат меңгерушісі, Еңбекшіқазақ ауылдық 8 жылдық мектебінің директоры, аудандық білім бөлімінің инспекторы, аудандық мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының директоры секілді қызметтерді абыроймен атқарды.
1985 жылы қазіргі Ж. Егінбаев атындағы орта мектепке директор болып тағайындалған Мұқатай аға ұстаздар қауымымен бірлесе жемісті қызмет атқарып, 2006 жылы зейнеткерлікке шықты. Ғұмыр бойы еңбекпен біте қайнасып өскен жан зейнет демалысына шықса да тыныш жата алмады. Он жылдан астам уақыт бойы, яғни 2018 жылға дейін Көксу аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында төрағалық қызмет атқарды. Осылайша бар саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз ретінде көпшіліктің ықыласына бөленіп, халықтың ризашылығын алды.
Осындай тынымсыз еңбегі ескерусіз қалмаған Мұқатай Бейсеқұлов көптеген марапаттарға қол жеткізіп, облыс, аудан басшылығының құрметіне бөленді. Атап айтсақ, «Қазақстан білім беру ісінің үздігі», «Көксу ауданының Құрметті  азаматы» сынды құрметті атақтармен қоса «Еңбек ардагері» медалін кеудесіне қадап, ағайын-туыстың ардақтысына айналды.
Сексеннің сеңгіріне шығып, бар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге, өскелең ұрпақтың дұрыс тәлім алуына арнаған ағамыз зайыбы Сара Нағылбайқызымен бір қолдың саласындай 5 баланы өсіріп, саналы азаматтардың қатарына қосты. 
Биыл бас қосқандарына 55 жыл толып отырған отбасының қиындығын көтеріп, ауыртпалығын байқатпаған анамыз да мұғалімдікті таңдаған жан. Еңбекшіқазақ орта мектебінде басталған ұстаздық еңбек жолы зейнеткерікке шыққанға дейін тәлімгерлерге география атты пәннің қыр-сырын үйретумен өтті. Сондай қажырлы еңбегінің арқасында «Қазақстан білім беру ісінің үздігі» атанып, әріптестерінің құрметіне бөленді.
Балалығын еңбек майданында өткізген Бейсеқұлов әрбір сәбидің бақытты өмір сүруі керектігін ұдайы қайталап, бес баласының дұрыс тәрбие алуына, парасатты, пайымды, жарқын ғұмыр кешуіне ықпал етті. Соның нәтижесі де болар, балалары кең-байтақ Қазақстанның әр тарапында тіршілік кешіп, халыққа қалтқысыз қызмет жасауда. «Орнында бар оңалар» деген осы болса керек. Екі жасында айырылған әкесі Бейсеқұл Тоққұлынов жаққан шырақты сөндірмей, артынан ерген ұрпағына мұра ретінде адалдық пен әділдікті, туралық пен шыншылдықты ұсынып келеді.

Гүлнар Қазтайқызы
Алматы қаласы

*** 

Өнегелі өмір

Әр адам баласының өмірі өзінше өрнектеледі. Өмір жолы бәріне бірдей тегіс бола бермейді. Біле білсек, адамның  тағдыры да өз қолымен жасалады. Ең бастысы, өмір жолында, тағдыр жазуында кездескен қиындықтарға мойымаған адам аңсаған арманы мен көздеген мақсатына жетіп, бақытқа кенеледі.

Ел мен жердің, халықтың байлығы да, атақ-даңқы да ел қадірлейтін парасатты азаматтарымен өлшенетіні ақиқат. «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, шын бақыт осы», – дейді Шәкәрім атамыз. Облысымызда осындай әр ісі үлгі-өнегеге толы жандардың бірі – Көксу ауданының Құрметті азаматы,  «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі   Мұқатай  Бейсеқұлов бүгінде 80 жасқа толып отыр. 
Ұлағатты ұстаз Мұқатай Бейсеқұлұлы Көксу ауданының Лабасы округіне қарасты Еңбекшіқазақ ауылында 1940  жылғы 20  мамырда  қарапайым колхозшының отбасында дүниеге келді. Әкесі Бейсеқұл Тоққұлынов 1942 жылы замандастарымен бірге соғысқа аттанып, 1943 жылы қан майданда қаза табады.
Соғыс жылдарында анасымен бірге тұрмыс тауқыметін тартқан жас бала 1948  жылы Еңбекшіқазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1958 жылы бітіреді. 1958-1959  жылдарда  сол мектепте пионер ұйымының аға жетекшісі болып жұмыс істейді. 1959 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсіп, 1984 жылы кіші ғылыми қызметкер, физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығып, өзі оқыған Еңбекшіқазақ орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Бастауыш комсомол ұйымының секретары, аудандық комсомол комитетінің бюро мүшесі, мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін атқарады. 1985 жылдан бастап Лабасы ауылдық округіне қарасты Мәмбет ауылындағы Жылқайдар Егінбаев атындағы орта мектептің директоры  қызметін абыройлы  атқарып, 2006 жылы сол қызметтен құрметті демалысқа шығады. Көргені мен түйгені көп, педагогика саласы мен еңбек қатынастарынан тәжірибесі мол ел ағасы 2007 жылдан 2018 жылға дейін Көксу аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Бүгінде Мұқатай Бейсеқұлұлы берекелі де мерекелі ғұмыр кешіп отырған  үлкен  әулеттің тірегі, өнегелі әке, бірнеше немере сүйіп отырған мейірімді ата. Ағамыз халық  игілігін арттыру жолындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен азаматтық тау тұлғасының арқасында елге үлгі болар ғибратты ғұмыр кешіп, халқына адал қызмет етіп, сіңірген еңбегіне лайық құрметке бөленуде.  
Осынау биік шыңды бағындырған Бейсеқұлов  Мұқатай  Бейсеқұлұлын 80 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, өмірлік жары, ардагер ұстаз Сара апамыз екеуіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз. Ардақты әріптестерімізге бала-шағасының қызығын көрсін деген ақ тілегімізді арнаймыз. Осындай ағаларымыздың ізін басып, еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып, із қалдырар азаматтарымыз көп болсын!

Облыстық білім басқармасы

 

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026
«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейдке шықты

«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда мобильді топ кезекті рейдке шықты

16.07.2026
Тартысқа толы чемпионат

Ауылдарда спорт инфрақұрылымы дамып келеді

16.07.2026
Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

Туризмді дамытудың тұжырымдамасы бекітілді

16.07.2026
Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

Дәрілік заттарды өткізу нарығына талдау басталды

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.